Сақалың ағармасын, Садық

Құттықтаймыз! /
Сайтымыздың қымбатты админдерінің бірі — Қарасақалды бір ғана мәрте құттықтау аз болып тұр, тойлайық достар! :)

Аспанда тұрсын мәнгі күн мен айың,
Жайнасын жас өмірің күн-күн сайын.
Зор бақыт, қуаныш тілеп өміріңе,
Туылған күн мерекеңмен құттықтаймын.
Ардақты нұрлы күндей бақытты бол,
Гүлденсін алдыңдағы болашақ жол,
Жетуге арманыңа тілектеспін,
Достыкпен, жолдастыкпен айтарым сол.
Қайда жүрсең алдыңнан ақ күн тусын,
Ақ кеменің желкенін шаттық бұрсын.
Өмір жасың қаншаға созылсада,
Ең соңында нүкте боп «Бақыт» тұрсын. ©



Туған күніңмен, Садок! Өмірде үлкен тау бар, сол таудың басында ерімейтін қар бар сенің денсаулығың сондай мықты болсын. Сол таудан төмен түссең орман бар, достарың сол ормандай көп болсын. Сол орманның ішінде сылдырлап аққан бұлақ бар, махаббатың бұлақтай кіршіксіз, таза болсын. Егер сол орманнан шықсаң ұзын жол бар, өмірің ұзан болсын. Ал достарың айдын көл болсын, сен сол көлде жүзген сұңқар бол. Ал егер сен қаңбақ болсаң, желден қорғар сүйіктің болсын))

............

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы. ©




Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген — сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген — біреулер үшін — ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!



Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,
Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда,
Көрейік сені достым заңғарлардан! ©

Айтпақшы, бір басың екеу болсын!



Сосын үшеу болсын!

...............

Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардын алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.

Ақ тілекпен, Айтабердегі бүкіл достарың, жанашырларыңнан бөлек Абай Отар:


Жұрттың баласы: Көршінің қызы:

Идзуми:


сені құттықтауға асық екендерін білдірді)))



Жалғасын табады деп үміттенем))))



Пы/сы: Осы тілектің бәрін үйлену тойыңда тебірене айтып тұратын болайық! :)))

33 пікір

qyrmyzy

Керемет пост! Қалай жыламайсың??? Осындай достарың барына қуан, Садық:) Туған күніңмееен!
beko
Охоо, жұрттар мұнда да дүркіретіп жатыр ғо, ООО Саке, Рауан? мәләдес, бақытты шығарсыңдар, тағы құтты болсын. ИИҚУУУ. Қанекей ортаны қыздырайық.
Кел Қырмызы, бастап берейікш, биге қалай қарайсың?
Korkem
Ортаңғы саусақ пен шынашақ сияқты болып па?
Былай:

елестетіватырым
beko
үйдөө, Қырмызы ше? шақырып қойдым ғо, Абеке қайда екен Көркем?, іздейікші тезірек, осы жаққа келсін.
Korkem
үйдөө, Қырмызы ше? шақырып қойдым ғо
ұжЫс екеуіңді айтватырым ғҰәә
beko
зуылдатып оқимын деп, басқаша түсініппін. сорри
beko
Мына жақ кафе ма әлде клуб па? Туылған күн иелеріне керемет дайындық жасапты ғой достары, есемдеп.
Ademi
мяя, осылай билесек…
akil_kalta01
Садық бауырым туылған күнің құтты болсын! Мына «тақпақ» озіңе арналады.
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
(Авторы белгісіз, «халық тақпағы») =)
akil_kalta01
Майрош «Краб таяқшасы қосылған салатыңды» әкел! :)
konvict
Бұл сыболышты мен қашн туылған күнімен құттықап едім? Амigo, алып қой
m170785
Тағы да құттықтаймыз
didi0393
tugan kuninmen Sadko. )))) Jumaimyzba? Kumaimyzba?))))
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп, бізде соның біріміз.
Nursultan2002
Құттықтаймын!!!
Ais_97
Туған күніңізбен Садық аға!
mairosh
күштііі керемееееееет)))))
AKA
Көлде жүзген сұңқар
өлтіресің Көркем-ай, жазбайтының жоқ ше.
Аман болшы, тілекшіңмін, бығат!
qyrmyzy
Көршінің қызы кучт билейді екен… талант деген жатыр екен ғой жігіттерімізде
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.