"Айтабер" блоктұғырын ашу идеясына екі жыл
«Айтабер» блоктұғырын ашу идеясына екі жыл! Осы бір сайт бетін ашқаным күні кеше ғана сияқты болғанымен бүгін міне екі жыл болып қалыпты. Осы бір екі жылдың ішінде өзіңсіз өткізген күндерім жоқтың қасы десем қателеспеспін деймін. Осы бір екі жыл ішінде қаншама жақсы жандармен аралысып таныстым. Олардың ішінде Абай (Конфикт), Есболат сияқты інілеріммен жүз көрісіп дидарласу мүмкіндігіне ие болдым.Мен өзіңе өте ризалығымды білдіре отырып, «Айтабер» жасай бер, түрлі жазбаларыңмен қуанта бер дегім келеді.«Айтабер» блоктұғырын ашу идеясына екі жыл толуымен құттықтаймын. Осындай тамаша идея бастарына келген Садық, Ербол, Берікбол, Зафар сияқты жігіттерге рахмет!
12 пікір
Айтседе бұл сайттың қазақша сайрап, жастардың шығармашылығына үлкен қолдау көрсеткеніне өз басымдән ризамын.
Мен идея мына кезде туылды ма десем