Комиссиясыз терминалдар бізге де келді
Комиссия алмайтын терминалдар бізге де келді. Алдағы айдан бастап, Kaspi Bank еліміздің ірі қалаларына 5 мың төлем терминалдарын орнатады. Бұл терминалдардың ерекшелігі — ұялы телефон т.б төлемдерге комиссия алынбайды. Яғни 200 теңге салсаң, 200 теңге түседі. Орта жолдан 30 теңгені жымқырып қалу жоқ. Алғашқы 100 терминал алдағы айда Алматының көшелерінде, суда орындарында т.б жерлерде пайда болады. Банкке бұдан не пайда деген сұрақ туындауы мүмкін. Банк бұл жерде табыс табуға ұмытылып отырған жоқ. Банк үшін пайда: тұтынушылар несиелерін төлеу үшін банк филиалдарына кезекке тұрып әуре болмайды. Терминалдар көшелерде, дүкендерде орналасатындықтан күндіз-түні төлеу мүмкіндігі бар. (Терминалдар несие,, ұялы төлефон, коммуниалдық қызмет түрлерін т.б қабылдайды). Ең басты мақсаты — тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау.
14 пікір
Несие пайызы көп деп айтпас үшін, халыққа нақты өнеркәсіппен айналысу керек екені ақиқат. Зауыт/фабрикалар көптеп қажет т.с.с.