Қиясбайдың есебі
Абайдың Қожанасыр мінездес Қиясбай беген досы болған. Бірде Абай үй-ішімен есеп жөнінде әңгімелесіп отырса: — Абай аға, сіз есеп білесіз бе? — деп сұрапты. — Аздап, Қиясжан, — депті Абай. — Аздап білсеңіз, екі жүз ешкінің мүйізі қанша болады? — Төрт жүз болады да. — Пәлі, Абай аға, сен де есеп білемін деп мақтанасың-ау, — депті Қиясбай, — сонша көп ешкінің ішінде мүйізі жоқ...