Іздегенмін қиялымның көшінен,
Іздеп едім кең даламның төсінен.
Кезікпеген сол жоғымен ешқашан
О, арманым, менің неткен жесір ең.
қайтем енді, кезікпедім, таппадым,
қалғаным жоқ қиындықтан жасқанып.
тек сәл ғана мұңым өзге, мен дағы
Мұң секілді, күз секілді басқамын!