ЕРКЕК - БАС, ӘЙЕЛ - МОЙЫН

Жігіттің бағасы білегі мен басында. Арудың сұлулығы көзі мен қасында Наурыз келсе, мұз жатпас, Күйеу келсе, қыз жатпас. Қыз бесікте, Жасау сандықта, Кел де құда түсе бер. Ер азаматты өгіз қылатын да әйел, Нағыз қылатын да әйел. Азамат пен арлан түзде, Әйел мен мысық үйде. Сұлу қыз саған ғашық па, Өзіне ғашық па?! Сұлулық — тойда, Махаббат күнде...

Шумақ

Алаулаған гүлді жұлма, Тамырынан қан шығар. Жас аруды алдай көрме, Көзден жасы тамшылар. Жалғыз жүрген ақмаралды, Атпа достым, қайтесің, Бұл фәниден өз сыңарын, Іздеп жүрген аң шығар.

Алма бет ару

Кырмызының сұрауы бойынша! Алма бет ару Жүрегім бұлқынып, Асықтым барым. Көңілге жыр тұнып Ғашықпын, жаным. Ағыл да, тегіл Себіл де көңіл Сен маған ұнайсың, алма бет ару. Сонау бір күзде Айтпадым неге? Ғашықпын шыным Айтпадың деме. Басылып аптық, Ғашық боп ақтық Мен сені сүйем, алма бет ару. Ай мүсін, күнім, Асылып саған. Бұлт болып жөнкіп Асығып...

Үміт...

Сергелден сезім өкісікті байлап тамаққа, Шағала ару ұшады көкте дамылсыз, Сынары кетіп өзге бір шалғай аймаққа, Жылады жүрек көңілді күнде жауынсыз. Жетері анық шыдамы оның күтуге, Үмітпен үлкен, кірбінсіз әрі қалтықсыз. Баянды бақыт, жүрегім саған сенуде, Белгілі әркез болмасы таңның жарықсыз! Алтыбаева Ұлпат.