ЕРКЕК - БАС, ӘЙЕЛ - МОЙЫН

Жігіттің бағасы білегі мен басында. Арудың сұлулығы көзі мен қасында Наурыз келсе, мұз жатпас, Күйеу келсе, қыз жатпас. Қыз бесікте, Жасау сандықта, Кел де құда түсе бер. Ер азаматты өгіз қылатын да әйел, Нағыз қылатын да әйел. Азамат пен арлан түзде, Әйел мен мысық үйде. Сұлу қыз саған ғашық па, Өзіне ғашық па?! Сұлулық — тойда, Махаббат күнде...

Қыз көрікті...

...Қыз көрікті Саябаққа сары ала күз келіпті… Аңғармаймыз өмірдің өткенін де Қу тірлікпен жүргенде күнделікті!.. Күз келіпті… Жасыл баққа жайқалған қыз көрікті… … Сары орамал тағынған ақ қайыңдар Сынық мінез, самарқау күйге еніпті!.. … Күйген еніпті, Бар тіршілік тағы да түрленіпті… ...Өтер өмір осылай білінбестен Кетер күндер қалдырып бізге үмітті!..