Абайдың Қара сөздері. Он Сегізінші Сөзі.

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимей дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ, кербездің ісі. Кербездің Екі түрлі қылығы болады; Бірі бет пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін...

  • m170785

Абайдың Қара сөздері. Он Алтыншы сөзі.

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды бізде қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы,...

  • m170785

Абайдың Қара сөздері. Он Бесінші сөзі.

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен...

  • m170785

Абайдың Қара сөздері. Он Төртінші сөзі.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені, ол батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса, игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Асықтық та, жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт...