Бар мен жоқтың арасы...

Бар мен жоқтың, аш пенен тоқтың арасы Жер менен көктей қарашы!.. Әу баста солай жаралса адам баласы Теңелер қайтіп бағасы?!.. Жетпек боп жоққа, ынтыққан жалған мұратқа Көңілін, қорқау құлқынын… Тойдырар кім бар, тіпті жұмаққа Сыймаған пенде шіркіннің?!.. Желікпе, жаным, жалғанның мынау тарлығын Түсінер әлі кез келер… Тойымсыз көз бен тәкаппар бастың барлығын Тәңірі...