БІР БЕЛГІ

Болсаң-дағы жырақ, қашық, тым алыс, Көңіліме сыйлай салдың қуаныш. Не нәрсенің белгісі екен? Білмедім, Өн бойымда пайда болды жылы ағыс. Не нәрсеге бастап жатыр мынау күн? (Тек, әйтеуір, қатырмашы қырау-мұң). Не нәрсенің белгісі екен? Білмедім, Өзің жайлы ойлайтынды шығардым. Қымбат болар сол тылсымы үшін де, Мейлі, мейлі, тек, сарсаңға түсірме. Не нәрсенің...