КӨП НҮКТЕ

Қиындықтар бой бермей жеңдіртпеген, Кедергілер қарсы алар мен күтпеген. Жауап іздеп жатады сауалыма, Аяқталып жырларым көп нүктемен. Шақтарым көп сананы сергітпеген, Арсыз мұңнан шаршаймын мен бітпеген. Жырларыма қойылмай леп белгісі, Аяқталды бүгін де көп нүктемен. Қуаныш пен қайғысын тең жүктеген, Сансыратар бұралаң жол бітпеген. Мәресіне жете алмай сан ойларым,...

Көңілден кетер дейді көз көрмесе

Көңілден кетер дейді көз көрмесе, Келіспеймін осы бір сөзге ендеше, Жаттап қалған жанарым жазықты ма, Саған деген сезімім өзгермесе?! Суынасың деуші еді жырақтасаң, Сөнер бірде сезімім, бірақ қашан? Менің жалын жүрегім айыпты ма, Сенен өзге ешкімді ұнатпасам?! Сендік емес дейді жұрт, мүлде өзгелік, Құп емес-ау құбылу, күнде өзгеріп… Қайтесіңдер, мен есер...