Сарқыт

Той- жиындарға сыйлы ортаға барған әке- шеше, аға- жеңге үйге жақсы қайтуды, несібемен оралуды ойлайды. Мол дастарханнан кәде, сарқыт алады. Тіпті қариялар бас табақтан да келін- кепіштерге сарқыт қалдырып жатады. Ал, жастарымыздың үлкендерге сарқыт әкелдім деп айтуы әбестік болады. Тойдан үлкендерге әкелінген тағам болса оны «сіздерге тойдан ауыз тисін» деп яки болмаса «немерелеріңізге тойдан...