Тойдың боларынан "болады"сы қызық

Ол кезде көктем еді. Қызықтың бәрі ағамның "үйленемін"-інен басталды. Дұрысы, "үйлен!", — деп ата-анам үгіттеген-тін. Жасы келген кез-келген жігіттердің үйленгісі келгендегі жалғыз проблемасы барға ұқсайды, онысы "үйленетін қыз жоқ!". Өзі таппайтын болғасын "өзіңізге ұнайтын қыз іздеңіз" деп мамама ескертсе де мамам көрсеткен қыздың бірде біреуін...