Адам жасы төрт түлік ғұмырымен

1. ҚОЗЫ ЖАСЫ Қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салатын әдеті болған. Еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. "Қозы жасы" аталуы сондықтан. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғашқы баспалдағы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татып, оның қиындығы сезінудің жоралғысы саналады. Кезінде қозы бағуға кедей, бай балалары түгел шыққан. Сол себепті де, малды бағып...