Әкем жайлы үзік сырлар (2-нші бөлім)

Жұлдыздай аққан жыр ғұмыр.... … Мен де бүгінде әкемін. Асқар тау саналатын, отбасының қамқоршысы, арқа сүйер азаматы. Көз алдымда осы жалған дүниедегі менің бар екендігімді, болғанымды дәлелдейтін алтындай қызым мен асықтай ұлым бар. Олардың әрбір қызықты сәті, сағат санап өсіп, былдырлап тілі шыққаннан бастап, бойы мен ойы қатар өскеніне куә болып келемін, күні кешегідей көз алдымда....

Әкеге тілек

Тағдырдың мойымастан тепкісіне, Жасаған жақсылығын тек кісіге. Табиғи жастық қалпын өзгертпеген, Тәйірі, оған мынау жетпісің не? Көріпті ол сыннан нелер тыс қап, Кешегі кезде де сол қатал-қыспақ. Жауыздарға соққысын берген талай, Автомат пен қайласын қатар ұстап. Өз жолын әрқашанда анық басқан, Елі үшін еңбек еткен жалықпастан. Білеміз жүрегінде оның берік,...