Өзім жайлы 100 факт (Мөлдір)

Бисмилляхи рахмани рахим… Ал бастайын!)
1. Менің атым — Мөлдір
2. 1996 жылы 12 наурызда дүние есігін ашыппын…
3. Өмірге келгеніме өкінбеймін))
4. Туылған жерім — Талдықорған қаласы
5. Мен үшін жер жәннаты — Жетісу (Талдықорған)
6. 5 жасымда ата-анаммен Астанаға көшіп келдік
7. Сол уақыттан бері Астана қаласының тұрғынымын
8. 2 жыл балабақшаға бардым
9. №15 мектеп-лицейінде 1-ші сыныптан бері оқып келе жатырмын
10. Қазір 9-шы сынып оқушысымын
11. Барлық сабақтан 5-ке оқимын
12. Бірақ «химия» дан 5-ті көтермелеп қояды
13. Неге екенін білмеймін, химия кітабымен дос емеспін))
14. Староста болғаныма 9 жыл болды… шаршадым((
15. Алла бұйыртса, 9 сыныптан кейін қызыл аттестат алып, мектепті Алтын белгіге бітіремін деген ниеттемін…
16. «Международное отношение» немесе «финпол» саласында маман иесі болғым келеді
17. Мамандық жағынан әлі нақты бір шешім қабылдаған жоқпын…
18. 6 жыл балетке қатыстым
19. Балетпен қоса фортепиано аспабында ойнауды үйрендім
20. 15 жасымда балетті тастадым.
21. Қазір дебат клубына қатысып жүрмін.
22. Дебат ойындарын ойнаған ұнайды және пианинода ойнағанды ұнатамын)
23. Таза ауада серуендегенді жақсы көремін.
24. Әсіресе, Астананың сол жағалауында… кешкі самалмен…
25. Бұрындары агентте жиі отыратынмын(күндіз-түні шықпай)
26. СЖ сайтына тіркелгелі бері ондайымды қойдым…
27. Отбасында жалғыз баламын.
28. Ата-анам 36 жаста…
29. Екеуі бір сыныпта оқыған…
30. Олардың махаббатына әлі күнге дейін таң қалып келемін)
31. Анам сияқты болғым келеді.
32. Ол — өте жақсы адам.
33. Өнерлі отбасында дүниеге келдім.
34. Әкем театрда істегендіктен, спектакльдерге жиі барып тұрамын
35. Көп адамдар спектакльге барсаң ішің пысады деп ойлайды…
36. Мен керісінше барған сайын үлкен әсер алып қайтамын)
37. Алматы қаласының «Кәусар» медресесінде 1 апта дәріс алдым
38. Дін жөнінде сауатым ашылды
39. Болашақта намаз оқығым келеді
40. Мүмкіндік болса, жұма сайын мешітке барып тұрамын
41. Өмірде қатты қиналған сәтім болмапты
42. Айналамдағы адамдарға қарап өзімді түзеймін
43. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тырысамын»
44. Шынайылықты, адалдықты жақсы көремін
45. Адамдарға көп сене бермеймін
46. Кей жағдайларда күмәнмен қараймын
47. Адамдармен тез тіл табысып кетеді екенмін
48. Сатқындықты, алдағанды, күткенді жек көремін
49. Өмірде ғашық болып көргенім жоқ.
50. «Иманды, ақылды, парасатты, адал, жан сұлулығы мен тән сұлулығы үйлескен» жігіттердің аз екенін байқадым…
51. Әсіресе, Астана қаласында…
52. Өмірде бәрі мен қалағандай болса екен деймін…
53. бәлкім бұл «мүмкін емес» шығар…
54. қырсықпын
55. Тез ашуланамын…
56. Тез ұмытып кетемін…
57. Оңай кешіремін…
58. Кез-келген нәрсені кешіруге тырысамын…
59. Себебі "өмірде қателеспейтін адам болмайды"
60. Еркемін… қатты емес, өз орнымен)
61. Достарым "Үнемі көңілді жүресің" дейді)
62. Тіпті, ұрсып тұрсам да күліп тұрады екенмін))
63. Адамдармен пікір таластырғанды (спорить еткенді)жек көремін
64. Кішкентай балаларды жақсы көремін)
65. «Мөлдір» деген атыма сай болуға тырысамын…
66. Айналамдағы адамдарға көмек көрсеткім келіп тұрады…
67. Барлық адамдардың «жақсы» болғанын қалаймын
68. Мен үшін Маған айтылған әр бір сөз маңызды (мін болсын, мақтау болсын)
69. Музыка тыңдағанды жақсы көремін
70. Арманым — әлемнің 7 кереметін көру
71. Мақсатым — Қазақстанның өркендеуіне кішкентай да болса үлес қосу
72. Патриоткамын
73. Қазақ болып туылғаныма қуанамын
74. Ұлы жүзбін. Руым — Жалайыр.
75. Бойым — 162 см
76. Салмағым — 42 кг
77. Тағы бір арманым — адал жар, сүйікті ана, қамқор әже болу
78. Өмірге сұрақтарым көп
79. Реторикалық сұрақтар…
80. Жауаптарын таба алмай жүрмін… жауабы жоқ та шығар)
81. Өзім жалғыз қалғанда бойымды қорқыныш билейді...(
82. Көбінесе жалғыз болмауға тырысамын
83. Достарым, таныстарым көп
84. Бірақ, адал, нағыз досты әлі кездестірген жоқпын
85. 2 апам мен 2 атам мәңгі өмір сүрсе екен деп тілеймін
86. Оларды жоғалтып алудан қорқамын
87. Алла жақындарымнан айыра көрмесін
88. 2011 жылы ең алғаш рет жұмысқа орналастым
89. Астана қаласындағы «Атамекен этно-мемориалдық кешенінде» жаз айларында экскурсавод (ГИД)болып істедім…
90. Соның арқасында Қазақстан картасын біліп, еліміздің тарихымен таныстым
91. Жұлдызнама бойынша — балықпын
92. Жұлдызнама бойынша біраз сәйкестіктер бар…
93. Шылым, темекі тартатындарды/ішімдік ішетіндерді ұнатпаймын
94. СӨС-н ұстанғанды құптаймын
95. 100 жасағым келеді
96. СЖ сайтында отырып, ой-пікірлеріммен бөліскенді жақсы көремін
97. Достарымның көп болғанын қалаймын
98. Өмірдегі бақытты жандардың бірімін!)
99. Өзімді Бақыттымын деп есептеймін!)
100. Қазақтың қарапайым қызымын...)

Уууф… жазып болдым-ау әйтеуір… Достар, жалығып кеткен жоқсыздар ма?!

85 пікір

Sabions
Достар, жалығып кеткен жоқсыздар ма?!
жо жалықпадым… джынды қыз екенсің…
Moldir_96
Жалықпағаныңызға қуанып отырмын))рахмет))
Ais_97
жақсы жазғансың!
Moldir_96
Рахмет!
Baha_07
Оооо оқып отырып кадімгідей танысып қалдық қой өзіңмен...қазақтың қызы дәл өзіңдей болсын…
Moldir_96
Танысқаныма қуаныштымын, Баха!) Рахмет!)
ardak1996
84. Бірақ, адал, нағыз досты әлі кездестірген жоқпын мынау не? менші… наңыз адал дос боламыз деген уміттемін жарқыным бар Моль
Moldir_96
Ой, күнім)) Мен шынайы өмірде дегенім ғой)) Әрине, нағыз, адал доспыз, боламыз да!))
Erzhan
50. Әлі жассың ғой деп жұбатып қойайын.
Алға қойған арманына мақсатпен жетуіне тілектеспін. Кітапбаспын деңіз… ммм) негізі жақсы қызсың.
танысқаныма қуаныштымын!)
Moldir_96
Әмин, айтқаныңыз келсін!) Рахмет! Мен де қуаныштымын!
Daka_sss
өте жақсы адам екенсің, танысқаныма қуаныштымын))) постты айтатын болсам кішкене қалжыңмен көркемдеп жібергенде… бірақ былай да болады))
Moldir_96
Рахмет… мен де қуаныштымын!) Дұрыс айтасыз, Дәулет! Келісемін) «Жалығып кеткен жоқсыздар ма?!» дегенім де содан ғой...)
konvict
22. Дебат ойындарын ойнаған ұнайды және пианинода ойнағанды ұнатамын)
Темекі және домбыра тартқанды ұнатамын дегендей екен мынау

П.С. Қарасақал смайлдар қосшы
Moldir_96
Хехе… мүмкін))
yerbol89
19. Балетпен қоса фортепиано аспабында ойнауды үйрендім

Хе-хе-хе Мен ауылда жүргенде 4 жыл бойы музыка мектебіне барып Баянға қатысқанмын. Қазір оны қойғанмын. Тек ойнай алатыным Домалақ ана әні мен Ато толғауы күін тарта алады екенмін. :)
Moldir_96
Баян?! Керемет қой...) 8 қырлы 1 сырлы екенсіз...))
Togzhan
Адамдармен пікір таластырғанды (спорить еткенді)жек көремін

Бірақ дебат клубына қатысасың? Қызық...)))
Moldir_96
Өмірде адамдармен пікір таластырғанды ұната қоймаймын...) Ал дебат ойындарында өзімді басқа бір әлемде жүргендей сезінемін, өзгеріп кетемін) Дебатта мен басқа Мөлдірмін))
Togzhan
Тамаша Мөлдір! Фортепиана, балет… жарайсың!
Moldir_96
Рахмет, Тоғжан)
Guka
Сізбен танысқаныма қуаныштымын! Жақсы жазылған! Өзім жайлы жазғым-ақ кеп отыр, бірақ 100-ге жеткізе аламын ба екен… Ойланып отырмын…
Moldir_96
Мен де қуаныштымын, Гука!) Рахмет! Сізден де «100 факт» күтеміз… Іске сәт!
Guka
Ия, рахмет! 1-2 күн шамасында мен туралы біліп те қаларсыздар!
Moldir_96
Асыға күтудеміз...)
calendula
Ал мен химия пәнін ұнатып оқимын. Есептерін шығарудан жалықпаймын. Мен ғана ма химияны ұнататын деп қаламын, кейде…
Moldir_96
Химия пәнін жақсы оқысаңыз, керемет қой!) Олай болуы мүмкін...қанша дегенмен оңай сабақ емес қой)) Химияны меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді))
Jako
Жақсы жазыпсың, жарайсың.
Moldir_96
Рахмет, Жако ағай!
Karakulov
түсінееем)) Календула
calendula
Кажись, мен мына қызды танимын ғой. 1997 жылғы қыз бұл, халайық. Тіпті, есептерін шығарып бергенмін мен химиядан. 8 сыныпта оқиды. МӨЛДІР ҚҰПИЯҢДЫ АШЫП ҚОЙДЫЫЫМ))))))
Moldir_96
Календула! Кешірерсіз… Сіздің "құпияңды ашып қойдым" дегеніңіз не сөз?! Мен 1996 жылы туылғанмын… Сенбесеңіз туу туралы куәлігімді көрсетейін) Сіз мені басқа біреумен шатасытырып тұрған шығарсыз) Химиядан есебімді басқа біреуге шығартқан емеспін!))
calendula
Түзетіп үлгермей қалдым ғооой.Менде тура сен секілді қыз бар еді, фамилиясы да бірдей. Сұрақ жауаптан келген. Сонымен шатастырған сиятымын.тек аты мадина екен оның.Кешірерсіңңңң))))))
Moldir_96
ууууф… енді көңілім орнына түсті ғой!) Өтініш, енді бұлай шатастырмаңызшы…
rauan
Әйтеуір химиядан есепті жақсы шығаратыңды айтып қоймадың ғой )))
Korkem
Ғажапсың ғой сен!!!
Moldir_96
Рахмет көп-көп!))
Qarakerey
Уууф… жазып болдым-ау әйтеуір…
біреу қинап отыр ма?
Jako
Жауапкершілік сезінген ғой,қалай шығады деп.Бәрі жақсы Мөлдір, жазғаның көпке ұнаған сияқты.
Qarakerey
оны маған емес, Мөлдірге жазсашы
Jako
Аа, біреу қинап отырма дегенге жазғаным ғой, кешір.
Moldir_96
Дұрыс айтасыз, Жако ағай!) Қалай шығады екен деп кішкене қобалжығаным бар!) Ешкім қинап отырған жоқ!!! Қаракерей)
Aknyet99
49-Өмірде ешкімге ғашық боп көрмеппін
ии қойсай! Маған бұрын жігітім болды дегенсің
Moldir_96
Бұрын жігітім болғаны рас!) Алайда ол жігітті жақсы көрмеппін, өмірде ғашық болып көргенім жоқ, Ақниет!)
ereke_enu
Армияға жарамайды екенсің)))
Moldir_96
Хехе… мүмкін))
ereke_enu
кешегі комментты бүгін ғана көріп жатсың ба?
Moldir_96
Аха) Енді ғана оқып, жауап жазып жатырмын)
AiEcPi
Охоооо!!! Нағыз қазақи қыздың бейнесі жатыр ғой осы 100 фактте!!!
Moldir_96
Рахмет! Қуаныштымын!))
Delfina
Керемет жазылған, оқып шықтым секіріп-секіріп))
Moldir_96
Рахмет, Дельфина ханым!))
Hasuno
Маш Аллаһ өте әдемі жазғансың, бойыңдағы көп қылықтарыңды ұнаттым.
Nariman95
84. Бірақ, адал, нағыз досты әлі кездестірген жоқпын

Қызық екен)) Бәрі әлі алда, болашақта кездестірерсің
Moldir_96
Иә...әлі барлығы да алда!) Кездестірермін, Алла бұйыртса)
Moldir_96
Сайтқа жаңадан тіркеліпсіз) Қош келдіңіз! Сізден өзім жазып жүрмесем де пайдалы, әрі қызықты посттар күтеміз) Іске сәт!
Nariman95
Үлкен рахмет=))
ereke_enu
Оқушы қыз, өмір туралы сайтыңды жасағанда айтуды ұмытып кетпе!)
Moldir_96
Аха, Алла бұйыртса, айта жатармын)) Бірақ көп күтуге тура келеді) хехе))
estetika91
Сәлеееееееееееееем)))) Астанаға барғанда ерінбей қыдыртқаның үшін үлкеееееееееееееен рахмет саған!!! Сенімен виртуалда, сосын реалда таныс болғаныма қуаныштымын!!!
Moldir_96
Оқасы жоқ! Қайта сіздерге көп-көп рахмееет!!! Бәрі көңілді болды! Мен де қуаныштымын!!! Астанаға жиірек келіп тұрыңыздар!!!
Manas
100 ге дейін оқып шықтым,өте жақсы! Шыныменде қазақтың қарапайым қызы екенсіз!
Moldir_96
Рахмет! Қуаныштымын!:)
alikona
Осы сенің жазған жазбаларынды оқысам біртүрлі елестеп кетесің нәәәзіііік боп)))өте тамаша жазыпсың!
62. Тіпті, ұрсып тұрсам да күліп тұрады екенмін))

Жарайсың осы сөзін ұнады!
Moldir_96
Хехе)) Рахмет))
kaz007
15. Алла бұйыртса, 9 сыныптан кейін қызыл аттестат алып, 
мектепті Алтын белгіге бітіремін деген ниеттемін…

9 сыныптан кейін қызыл куәлік аласын:) Иншаллах, 11 ден кейін аттестат аласың Алла қаласа
Ниетіңе жете бер!
Moldir_96
Аха, рахмет! Айтқаныңыз келсін! Алла разы болсын!
m170785
өзі де көрініп тұр нәзік әрі әдемі қыз екенін, Мөлдірлер негізі сондай ғой деп па )), үлкен жетістіктерге жете беріңіз Мөлдір ханым.
ardak1996
байқаймын Мөлдірді бақылап жүресіз)
m170785
ойбу төтесінен сұрақты қойып терлетіп қызартып жібердіңіз ғой ))
qyrmyzy
хехе, біреулердің арты ашылып қалды ма деймін де:)
ardak1996
енді не, Мөлдірдің артынан сіздің пікіріңіз еріп журеді)))
m170785
ааа, қоой ее
Moldir_96
Ардақжан, қалайсың? Көрінбей кеттің ғой… сағынып кеттім ғой)
ardak1996
Жақсымын өзің? жүрмін сол сені аңдушыларды аңдып, аңдушы болып)
Moldir_96
Алла деп) Ой, молодец)))
Moldir_96
Көп рахмет! Өзіңізге де барлық жақсылықты тілеймін, М-онжеті-нөлжеті-сексенбес мырза!
m170785
Пасыба Moldir_96 ханым )).
m170785
Бірақ есімім Мақсат
Moldir_96
Мхм:) Мақсатыңызға жете беріңіз, Мақсат!
qyrmyzy
ық ық:
М-онжеті-нөлжеті-сексенбес мырза!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.