Постты қалай қосамын?
1) Әуелі жазғыңыз келген тақырыпқа мәні сай келетін блогқа қосылыңыз.

2) Ұжымдық блогқа мүше болу үшін «Блогқа қосылу» батырмасын басасыз.

3) Содан соң «Жазу» белгісін басасыз.

4) Ашылған беттен өзіңіз қосылған блогты таңдайсыз. Содан соң жазбаның тақырыбы, мәтіні және бастысуретін енгізесіз.

5) Жазбаны жазып болған соң «Жариялау» батырмасын басасыз.


Көлемді постты қалай қиып, «толық оқу» сілтемесін шығаруға болады?
Редактордағы қайшы белгісі (тегі) ұзын жазбаларды бөлуге арналған.
Жариялайтын сәтте жазбадағы 4-5 қатардан кейін аяқталған сөйлемге курсорды апарып қайшы белгісін басасыз. Сонда жазбаңыз жалпы бетте қысқа болып көрініп тұрады. Оқырман «Толық оқу» сілтемесін басу арқылы жазбаның толық нұсқасын оқи алады.


Суретті қалай қосамын?
Постқа сурет қосу үшін кескін белгісін басып, компьютеріңіздегі суретті жүктеуге немесе интернеттегі сілтемесімен жүктеуге болады. Жүктелген сурет коды пост ішіне өзі түседі.

Видеоны қалай қосамын?
Редактордағы видео белгісін басып, видеоның сілтемесін қоясыз.

Ұжымдық блогты қалай ашамын?
«Жазу» кескінін басқаннан кейін «ұжымдық блог ашу» батырмасын басасыз.

Сайттағы адамдарға (қолданушыларға) қалай достық ұсынамын.
Таңдалған қолданушының профиліне кіріп, аватар астындағы «Достық ұсыну» кескінін басасыз.