Әлемдік елдерден алынған даналық сөздер

Асыл сөз /
• Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы. (Бразилия)

• Тұман желпуішпен сейілмейді. (Жапония)

• Атақ – қабілеттің көлеңкесі. (Англия)

• Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады, ішкі дүниесімен шығарып салынады (Моңғолия)

• Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі. (Қытай)

• Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады. (АҚШ)

• Шынайы махаббат айрылысумен ұмытылмайды. (Бельгия)

• Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір-бірін жақсы көреді. (Уганда)

• Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір. (Қытай)

• Адам ең қатты сүйіктісін, ен жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді. (Ирландия)

• Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.(Норвегия)

21 пікір

Ais_97
Керемет дана сөздер екен, күнде бір жазба тауып аласың қызықты, осы саған таңғаламын, жалпы ұнады рахмет жаным!!!
pari
сағанда рахмеееет жаным менің…
Korkem
Айсара, сезіміңді байқау арқылы нетіп жіберсеңші, бәлкім жеңімпаз атанып қаларсың?!
Ais_97
Білмеймін Көркемжан ол жағын қарармын, ниетіңе рахмет!!!"
followme_alik
жастық шақтың тәтті махаббатына күә болу — қуаныш =)
Manas
Таспен ұрғанды баспен ұр(Қазақстан)
pari
Таспен ұрғанды баспен ұр
таспен ұрғанды аспен ұр шығар
Manas
иа, солай болу керек
AKA
• Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.(Норвегия)
Мықты!
pana
өте жақсы, бастысы өміршең екен біразы
qyrmyzy
ӨРТ екен бәрі!
Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

мамма, алтынға қызықпаймын:(
Тасты алганша басты ал
«Ең жақсы дос – Аллаһу та’аланы еске алған кезіңде көмектесетін, ұмытқан кезіңде есіңе түсіретін адам.» (Хаким)
«Ең жақсы дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким)
«Жақсы дос иіссу сататын адам сияқты. Саған иіссу сеппесе де, қасыңда болған кезде әдемі иістерінен пайдаланасың.»
«Жаман дос теміршінің көрігі сияқты. Үрлеген кезінде оттың ұшқындары сені жақпаса да иісі сені мазасыздандырады.»
korwinin_kyzy
Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы. (Бразилия)
Бразилиядан екенине қатты күмәнім бар
korwinin_kyzy
Ағасы бардын жағасы бар
Інісі бардын тынысы бар
Тынысы бардын жынысы бар
(Тайланд)
m170785
Пәрекеңнің жазбасы маған ұнайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.