Асыл сөздер

Асыл сөз /
Егер назар жүрмесе, есек базарында делдал да бола алмайсың. Халық сөзінен.

Дүние бір адамға көп көрінгенмен, ал екі адамға аздау. Төле би.

Ішкен асыңды, көшеде көгеріп жатқан қалдық тағамды, езіліп былжырап жатқан асты, шала желінген біреудің тамағын қарап жиіркен бе, ішіңдегі одан жаман.

Үйіңмен ұрысып кетіп, не болмаса әйеліңмен жанжалдасып кетсең, үйіңдегі есікті ойлап, артыңды ойла, есікті теуіп тарс ұрып жаппа, қайтып келерсің. Ұрысып жанжалдасып, мен өзім қайтып келгенмін. Марк Твен.

Қалағаныңды сайлаудан кейін және үйленгеннен кейін алу қиын. Уилл Роджерс

Өмірде өтіріктің 3 түрі бар; жәй өтірік, сосын көзіңізді бақырайтып тұрып айтып жүретін бетсіздердің долылардың, қасқырлардың өтірік сөзі, кейінгісі статистикалық өтірік. Марк Твен

Шын күйіп сүю ебіл дебілсіз ақылсыз сүю, ол мүлде өзіңді және басқаларды мүлдем ұмыту. А.С.Пушкин.

Сенің сұлулығың өзіңе ұсқынсыз болып көрінгенмен, түбінде сен біреуге сұлусың. Ғажапсың. Андре Гоппели

Өз өзіңді мақтай берме, артыңа қара, көршің айтсын қандай адам екеніңді. Сол кезде мақтан. Том Пеньюар

Атаңды ер деп танысаң, ерлік қыл, батырлық жаса. Татар халқыларының сөзінен.

Кеше мен бүгін үшін талассаң, ертеңінен айырыласың. Уинстон Черчилль

Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең. И.Гете

Шындық деген ол, дәмі өте жағымсыз, ащы сусын, бірақ денсаулықтыда түзетеді.

Нағыз дос деген, сен қателік жіберіп қойсаң, қасыңнан табылып бір елі шықпайды. Сен дұрыс жүрсең бәрі қасыңнан табылады. Марк Твен

Кей Достар жаның қиналғанда жердің түбігне түсіпкеткендей не болмаса жер жұтып қойғандай зым зия жоқ болады. Ал басқа кезде көңіл қонышың бар кезде қаражат жағын шашсаң, не болмаса атың шықса, жылдап, айлап қасыңнан кетпейді. Марк Твен.

8 пікір

Korkem
Ішкен асыңды, көшеде көгеріп жатқан қалдық тағамды, езіліп былжырап жатқан асты, шала желінген біреудің тамағын қарап жиіркен бе, ішіңдегі одан жаман.
өте дұрыс айтты! айттым ашығыңдар, ішкі ағзаларыңды таза ұстаңдар деп)))

Шындық деген ол, дәмі өте жағымсыз, ащы сусын, бірақ денсаулықтыда түзетеді.
айтар сөзім жоқ. "Өтіріктің балын ішіп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық" дейсің ғой?!
AKA
Марк «дос» турасында жақсы айтыпты.
m170785
таза айтылған оқ сөз
pana
жақсы екен… микроблогқа біреуін шыдамай сап жібердім
m170785
шыдамай сап, микроблогқа бәрін жәзіп жівермедіңіз ба ))
alikona
Жақсы аударма… мағыналы асыл сөздер…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.