АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ. Бірінші сөзі

Асыл сөз /
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті де көрдік. Енді жер ортасы жасқа келдік;қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі де қоршылық екенін білдік. Қалған өмірді қалай, қайтіп, не істеп өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Тек елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтағай!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Керегінше өздері бағар. Қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана, өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеңінді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісіболмаған соң,ғылым өзі бір тез ескіретін күйік.
Софлық қылып, дін бағу? Жоқ, оның жа болмайды. Оғанда тыныштық керек ақ қой. Не өңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ. Осы елге, осы жерде не қылған софлық, қайдан шыққан.
Балаларды бағу? Жоқ балаларды баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын бұны? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімнің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ.Қайда бар,, не қыл дерімді біле алмай отырын, не бол деп, кім бол деп бағам? Бұны да бір ермек қыла алмаым.
Ақыры ойландым, осы бір ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, жаза беріп, ақ қағаз бен көк сияны ермек қылып, ішінен керекті сөздерді, ойларды тапса, жазып алсын. Я болмаса оқысын, керек емес десе, өзімнің сөзім деп, ақыры осыған ойланып, байландым, басқа ешбір жұмысым жоқ.

9 пікір

Jako
Құдайым-ай, не деген керемет, не деген қорқыныш.
m170785
Һакім Абайдың сөздері өте тамаша, оқып отырып жан жағыңнан тесіп жібередей өтіп кетеді ғой Жәке
yesbolat83
Абай атамыздың қара сөздері тұнып тұрған тәрбие, ақыл, өнеге ,…, ғой.
Мәке, егер де сен Абайдың барлық қара сөздерін жариялар болсаң, мен арнайы өзіме бет ашып, осы асыл сөздерді жинаруға ниет етіп отырған жайым бар.
m170785
Әрине Есеке, барлығын өзім жазармын, құп Есеке
VseProSSto
Абай — ағартушы, оның ағартушылығына терең үңілсек қазақты қараңғылықтан, яғни дінсіздіктен алып шығуға тырысқанын байқау қиын емес. Көбінде Алланың рақымдылығын, құлшылыққа лайықтығын түсіндірген. Өлім, ахырет, иман тақырыптарын өте жақсы ашып бере алған. Ендігі оқырманның міндеті — берілген ақпаратты меңгеріп, иманның дәмін сезу…

сөзімнің құлақтарға терең орнығуы үшін Шәкәрімнің мына бір өлеңін ұсынамын:

Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние

Өлеңді жазған: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,
Ішіңнің түзетпейсің хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көріп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.
m170785
Шәкәрімді бұл жерге емес, басқасына жазсаңыз болар еді.
VseProSSto
Не үшін жаздым?

оқырман мағынасына ұңілсін деп. Тура жолға бұрылсын деп. Намазға тез жығылсын деп. қатесінен түңілсін деп.

Әр нәрсенің парқы бар. мағыасы бар. Өлеңді оқу оқымайды, одан бір мағына нәр алу үшін оқиды.

Бәлкім сен тематикаға бөліп, реттеп жазғанды жөн көріп тұрған шығарсың, олай болса — жаза бер. Блогтардың тақырыптары мен комментарий қалдырғаннан еш өзгермейді ғой.
Kan
Осыр қара сөзді оқыған сайын бар өмірім көз алдыма елестеп қатты ойланып қаламын. Шынымен біз не істедік, енді не істеуіміз керек?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.