Абайдың қара сөздері. Екінші сөзі

Асыл сөз /
Бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күліп, «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй үтөбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде әке үке деп, шығып кетсе, қызын боқтап, „сарт сұрт“ деген осы деп. Ноғайды көре де боқтасып; түйеден қоыққан Ноғай, атқа мінсе шаршап, жаяу жүрсе демін алып, ноғай дегенше, ноқай деп, түкке қисынға келмей қалады. Солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай деп. Орысқа да күліп;әауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бос орыс» деп.
Орыс ойына келгенін қылып, не айтсаңда, соған сеніп, "ұзын құлақты тауып бер депті" деп.
Мен ойлаушы едім, ей құдай ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен. Ең тәуір халық біз екенбіз деп ойлап, әлгі айтылған сөздерді үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді былай қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні, шығармаған жемісі, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиретін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малын кірелеп солар айдап, кетіп тұрды. Үлкен байлар да, молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық бәрі соларда. Орысқа айтар сөзде жоқ, біз құлы, күңі да құлы жоқпыз. Біздің ең байымызды;«сенің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық қазақ,» деп үйінен қуып шығарады. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

3 пікір

Kan
Шынымды айтсам осы қара сөздің мағнасына терең үңілгенім сонша мен қазақ халқын әлі күнге дейін түсінбей келем. Кешегі Абай айтқан қазақ қанша ғасыр өтседе сол қазақ сол мақтан, сол бір қуыс кеуделік.
Jako
Абайдың қара сөздерін қанша оқысаңда түбі көрінбейтін терең құдық.Әр қайталап оқыған сайын жаңа бір тағлым аласың, керемет.Мәке, сізге рахмет! Мүмкіндігің болса түгел жарияласаң тамаша болар еді, оқудан жалықпаймыз.
m170785
Әрине Жәке, түгелін Жариялаймын жазып. Кейде оқып басқаларында өңмеңінді тесіп жібереді, кейде басқаларында дұрыс жазған Һакім Абай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.