Керектен бояннн
Асыл сөз /
Адам болып өмірде жаралғанша,
Хайуанат боп тумаппын, амал қанша:
Ұзақ көштің алыбы болар едім,
Маң-маң басқан мақтаулы қара нарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүйрік ат боп тумаппын, амал қанша:
Бәйгені жалғыз өзім алар едім,
Теке-Жаумит теңбіл боп тарландарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Бүркіт болып тумаппын, амал канша:
Қу түлкі де астыма бүктер едім,
Қаршығаша қоянмен қадалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қоңыр ән боп тумаппын, амал канша:
Көркем таудың серісі болар едім,
Бұғы, киік, ақбөкен, маралдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жәндік болып тумаппын, амал канша:
Бау-бақшасын өмірдің аралар ем,
Емін-еркін бал тартып, араларша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Балық болып тумаппын, амал канша:
Көк теңізде еркіммен жүзер едім,
Бекіре қызыл, ақ балық, сазандарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Қасқыр болып тумаппын, амал қанша:
Жауыздарды бір түнде жайратар ем,
Ертеңгі таң, күн шығып ағарғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Серке болып тумаппын, амал қанша:
Жүз мың қойды бір өзім бастар едім,
Бекер босқа түрмеге қамалғанша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Уытты боп тумаппын, амал канша:
Сайқалдарды қолтықтан шағар едім,
Әп жылан, ашулы шаяндарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Айғыр болып тумаппын амал қанша:
Бір үйірді бір өзім қайырар ем,
Бір әйелге таңылмай, адамдарша.
Адам болып өмірде жаралғанша,
Жүру керек еді ғой, адамдарша
Баста еркіндік, қолда құқық болмаған соң,
Жаралмай-ақ қоймаппын, амал канша!
Derek
10 пікір
DD