Күзгі көріністер...

ФотоСурет әлемі /











22 пікір

User
сұмдық) қандай фотоаппарат? а
Arhun
пәнәсөник ЛЗд… бірдеңе =)
Aidar
Фокустағы гулдер)))
qyrmyzy
Керемет, ракурс ерекше. Пәнәсөник © пен Архунға Рысбек!Андай* фотоаппарат алғым келееееед
khairbek
Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады (қ. Жыл мезгілдері). Астрон. тұрғыдан К. – 90 күн (24 қыркүйек – 22 желтоқсан) созылады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша К. айлары болып есептеледі. К-де күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің К-дегі сипаты біркелкі емес, солт. облыстарда егін піскенде, оңт. облыстар егіндерін жинап болады. Бізде Жер шарының солт. жартысында К. болғанда, Оңт. жарты шарда (Оңт. Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады.‎
Daniar_alan
Архун ренжіме, бірақ мына суреттерің тек «менің фотоаппаратым бар» дегендей түсірілімдер екен…
bICTbIK
иә, өкінішке орай дәл солай…
khairbek

Сары түсті сағыныштан Күз моншақ,
Тағып алып тағы келді бізді аңсап.
… Көздеріңді тұрды менен жасырып,
Кірпіктерің қызғаншақ.

Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз,
Ал, екеуміз күзде ашылған бүршікпіз.
Кірпіктерің күні-түні күзеткен,
Көзіңдегі сезім бе еді кіршіксіз?!
Сезім екен сақтағаны сол көздің,
Киялға еріп бір әлемді мен кездім.
Күннің әлсіз сәулесіне жылынып,
Көз ішінде керіледі кербез мұң.

Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз,
Жатыр әне. Сірә біздер тым жатпыз?
Көше бойлап келе жаттық сырласып,
Үнсіздіктің үн таспасын тыңдап біз.
Еміс-еміс қос жүректің дүрсілі,
Естіледі, бұл махаббат тылсымы.
Өзің жайлы ойларымды ұрлайды,
Күзгі жаңбыр. Тамшылардың тырсылы.
khairbek
Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5 айдай ұзағырақ болады
didi0393
күз мезгілін ұнатпаймын (((бірақ суреттер әдемі шыққан екен!
Albina97
кузги коринистер керемет асер береди
dimash
КҮЗЗЗЗ))
Өте тамаша мезгіл!)
Көктемдегідей әлсіреп жүрмейсің, қыстағыдай қабат-қабат киінбейсің, жаздағыдай әр талдың көлеңкесіне тығылмайсың) Бәрінен бұлын көк шөпке алларгия екенімді ұмытатын уақыт :)
seit_96
пікірге смаил калай коят айтындаршы мұсылмандар
Madi
smajliki.ru сайтында түрлі түрлі смайликтер (жымиюлар, жымиыстар) толып тұр…
khairbek
сол сайттагы смайликтердын ХТМЛ коды копирабат етып аласында пыкыр жазатын жерыные БСТАВЫТ етесын
followme_alik
… қазіргі мезгіл «салқын жаз»-ға саяды. Күшті. )
Madi
Ооооойййй, күн суытып кетті ғой.
Қазір мына гүлдер, жасыл желек үсіп кеткен шығар қарайып
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.