PHOENIX бағдарламасының көмегімен Nokia телефондарына прошивка жасау

IT information /
Бұл менің алғашқы жазбам.
Телефоныңыз жиі қатып қалама(зависать етеді)? немесе өзінен өзі тұрып өшіп қалама? қысқасы ұялы телефоныңыздың жұмыс істеуі сізге ұнамайдыма? Онда сізге прошивкаңызды ауыстыру қажет. Сіздерге PHOENIX бағдарламасының көмегімен прошивка жасау әдісін көрсеткім келіп отыр. Бір ескертпе бұл бағдарлама тек қана Nokia телефондарына ғана прошивка жасауға арналған. Басқа телефондарға арналмаған. Бастайық онда…
Прошивка жасауды бастамас бұрын оны мына жерден көшіріп аласыз. Бұл жерде бірнеше версиясы берілген. Бағдарламаның жаңа версиясын көшіріп алған дұрыс. Өйткені PHOENIX-тің ескі версияларында жаңадан шыққан модельдерге прошивка қоятын функциялары жоқ. PHOENIX-ті интернеттен көшіріп болған соң, оны компьютерге орнатамыз. Одан кейін прошивканы көшіріп аламыз. Осы жерден өзімізге қажетті телефонның прошивкасын көшіріп аламыз, және прошивканыда компьютерге орнатамыз. Мен сіздерге мысал ретінде Nokia 5130 xm телефонына прошивка орнатуды көрсетпекпін.
Ал қане бастайық онда:
1. Phoenix бағдарламасын ашамыз

2. Телефонды компьютерге қосып, PC Suite режимін таңдаймыз.
3. Connections деген жерден телефонды таңдап аламыз. USB1,USB2 деген сияқты. Сізде қайсысында соткаңызды көріп тұр соны таңдап алыңыз.

4. Phoenix бағдарламасында File-Open product командасын орындаймыз. Сонда мынандай терезе ашылады. Осы жерден RM-495 деген жолды таңдап аламыз. Өйткені сотканың прошивкасы осындай.

5. Келесі Flashing-Firmware Update командасын орындаймыз.

6. Осы бетен Product Code таңдап аламыз, ал таңдап алу үшін бұл бетті ашу керек. Мұны қай жерден ашу керектігі алдыңғы суретте көрсетілген.
7. Product Code терезесін аштық. Енді оны таңдаймыз. 0578999 дегенді таңдап алыңыз. (5130 xm телефоны үшін) Бұл баптау тіл баптауларына әсер етеді. Бірақ осы мен айтып отырған кодтың ішінде қазақ тілісі бар болуы керек. Өйткені Азия деп тұр. Негізі орыс тілісі бар біреуін таңдай салуға болады. Орыс тілісі барлары RUS, Ruscy, Russian деген сияқтылар болады.

8. Енді Firmware Update терезесінде Refurbish батырмасын басамыз.

9. Енді процесс аяқталғанға дейін тосасыз. Компьютер прошивка жасап болған соң телефоныңыз автоматты түрде қайта қосылады. Осымен болды.
Бұл телефонға прошивка жасаудың қарапайым түрі. Келесі жазбамда басқа әдіспен прошивка жасау жолын көрсетпекпін. Ол әдіс DEAD MODE деп аталады.
Бағдарлама көмектеріңізге жарап жатса қуаныштымын. Егер бірдеңе түсініксіз боп жатса сұраңыздар. Көмекке әрқашан әзірмін. Осымен бұл жазбаны аяқтайын.

16 пікір

Korkem
Қажет ақпарат, рахметім!
kz_aidar
пайдасы тисе бопты))) оқасы жоқ!!!
followme_alik
сЖс-та осы жайлы сұрақтар бар еді, енД постты сілтеп тұрмақпын.

Қажет ақпарат, рахметім! ©
kz_aidar
)))Негізі дәл осындай жазбаны сұрақ-жауаптада жазғанмын!!! www.surak-zhauap.kz/125950/
followme_alik
Үлгеріпсің, епті..))) _ сонда да )
Aidar
Керек ақпарат!
Connections деген жердегі USB қайдан шықанын, және қалай шығаруға болатынын жазуды ұмытып кетпсің баста фениксті орнатқанда ол жоқ болып тұрады емеспе!
kz_aidar
Феникс орнатылған кезде болады емеспе. No connection деп тұрады ғой.
3. Connections деген жерден телефонды таңдап аламыз. USB1,USB2 деген сияқты. Сізде қайсысында соткаңызды көріп тұр соны таңдап алыңыз.
осында жаздым ғой. Және астында тұрған суретте көрсетіліп тұр емеспе. Қалғаны басып қалса түсінікті болатын шығар.
Aidar
Connections деген жерде шыға қоймайды жаңадан орнатқандарда фениксті
Settings деген жер арқылы шығарады емес пе?! Басқаларға түсініксіздеу болып қалады осы жері!
kz_aidar
Ол жағын білмедім менде бәрі өзі шығып тұрады. Мен солай істеймін. No connection дегеннің жанын астыға басып қалып сол жерден таңдап алып жүрмін.
Айдар телефондағы меню тағы басқа да жазулардың шрифтын өзгертуге болама сол программа арқылы.Жәнеде агентті свернут етіп қоятын программа барма?
kz_aidar
модифицированный прошивкалар бар ғой. Соларда өзгертуге болады. Бірақ қанша дегенмен ақаулықтары бар олардың. Қателіктер көбіне шыға береді.Міне мұндай прошивкалар. Ал агентті свернуть етіп қоятынды естімеппін. Мүмкін бар шығар мұндай функция мына прошивкаларда…
Сілтемеде 51 30 ға арналған түрі жоқ екен
бір күні модифицированный прошивкаларды қалай орнататыны жайлы бір пост жазып кетерсің а?))
kz_aidar
иә әрине бұйырса жазамыз ол туралыда.
мхм асыға күтем!
DOOOS
свернут етуге болады агент опера т.б ол жайлы кейінрек қазақшаға аударып жазамын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.