EXIF арқылы суреттің қандай құрылғы арқылы түсірілгендігін анықтаймыз.

IT information /
Қандай сурет болмасын, ол арнайы бір құрылғы арқылы суретке түсіріледі. Суретке түскен мезетте суреттің құрлымына қандай құрылғы арқылы түскендігі туралы ақпарат бірге сақталады. Мейлі ол Цифровой фотоапарат немесе ұялы телефон болсын. Ондай ақпаратты сақтауды EXIF деп атайды. Яғни Exchangeable Image File Format. Бұл суретке қосымша ақпаратты қосып сақтауды айтамыз, мысалы суретті кім түсірген, қашан, қандай құрылғы арқылы түсіргендігі туралы ақпаратты қосымша қосып сақтау. Суреттің бетінде болмаса да арнайы бағдарламалар арқылы анықтауға болады.

EXIF (ағыл. Exchangeable Image File Format) — кескін суретке немесе т.б. медияфайлдарға қосымша метаақпарат күйінде қосымша жазылатын стандарт түрі болып саналады. Онда белгілі бір ақпарат қалдыруға болады. Мысалы: Авторлық құқық кімге тиесілі, қашан түсірілді, қандай құрылғы арқылы.

Көптеген фотоапараттар қазіргі таңда ақпартты қосып сақтайды. Одан бөлек қосымша ақпаратты арнайы бағдарламалар арқылы қосып жазуға болады.
Төмендегі ақпараттарды EXIF стандарты арқылы қосып сақтауға болады:
  1. Құрылғыны шығарушы яғни фотоапараттың маркасы
  2. Модельі
  3. Авторлық құқық
  4. Диафрагманы
  5. ISO
  6. Жарықты қанша мөлшерде қолданғандығы
  7. Суреттің көлемі
  8. Суреттің түскен уақыты
  9. т.б.
Енді сурет туралы ақпаратты бере алатын Онлайн сайттар бар. Олардың біреуі regex.info/exif.cgi/exif.cgi сайты. Осындай кіріп суретті жүктеу арқылы сурет туралы ақпаратты білуге болады.
Мысалы менің ұялы телефоным арқылы түсірілген сурет туралы ақпаратты толықтай көрсетіп берді.
exif фото, фотоның ақпараты, exif, ехейф

Достарыңызбен де әзілдеп ойнауға болатындығын да айта кетейін. Мысалы Мой Мир әлеуметтік желісіндеғы танысыңыздың суретін ашасыз. Сонда суреттің оң жақ төменде Информация деген бөлім бар. Үстінен бір рет шертеміз, астыңғы бөлікте EXIF деген жазу болы керек. Соны бір рет шертсек сурет туралы ақпарат шығады. Төмендегі суретке қараңыз.




Ең қызығы бір адаммен енді танысып отсаң, сенің телефоның мынадай ма еді деп әзілдеуге болады. Ал ол болса қандай білдің деп түсінбей отқанда, сенің қазір кіммен нежазып отқаныңды білемін десең бітті. Сенімен екінші сөйлеспей, сені игнорға аттандырып жіберуі мүмкін. :)



p.s. Егер жазылған ақпарат пайдалы болды десеңіздер + теріңізді аямаңыздар. :)

11 пікір

qyrmyzy
Админ қыздермен кешке әңгімелеседі екен. Ық ық, информатик админ:)
Ais_97
Жақсы ақпарат толығырақ мағлұмат алдым рахмет, плюстерімді аямадым!
Azamat
+ аямаймызғо :)
Aidar
Ну Вин 7 де өзінің ішінде бар емес пе инфо қарайтын!
негізі жақсы программа өзің өзгерткің келсе Виндегі тек қарай алады!
Zhanat
мынаны меңгеріп алып қыздарға көріпкел болуға болады екен)))
Manas
Ал егер фотошоппен жасса не болады))
Yasin
Бойдақ болғасын дұрыс қой
qyrmyzy
біздерге қайдам десеңізші…
followme_alik
уже 3 фото… тек пиксельдерін ғана анықтап отр. :/ Сендерде қалай, техника маркасы шыға ма?_
rauan
мендеде солай тек пиксель, размер анау-мынауын анықтап отыр ..canon eos 600d бен түсірілген суретті оф сайтынан алып едім анықтадыы ал былай суреттерді таба алмай отыыыр :(((
ZaMaNbEk
Пайдалы ақпарат, + берейн деп едім, білмейм рейтинг жеткіліксіздеп берілмеді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.