Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетті компьютерге шолу

IT information /
Бүгін "Үй" атты лабораториямда жаңа өнім — Samsung ATIV Smart PC Pro 700T. Samsung ATIV Smart PC 500T атты планшеттің жаңартылған түрі немесе ағасы десек те болады.  Бұл планшетті компьютерді сатып алуға тұрарлық па? Бәсекелестерінен қай жері артық немесе кем? Өзінің бағасына сапасы жауап бере алады ма? Осы сұрақтарға және де басқа да сұрақтарға бірге жауап іздейік.

IT information: Preview

Техникалық сипаттамалары
IT information: Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетті компьютерге шолу

Сыртқы келбеті және конструкциясы

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Сыртынан қараған кезде (док-станцияға қосулы тұрған кезде) нетбуктен айыра алмай қаласыз. Қолға алғанна кейін ғана айырмашылық байқалады. Ал дизайн жағынан 500T моделіне қатты ұқсайды. Өзгешелігі көп емес, түсі, ауа алмастыруға арналған арнайы тесіктері және тағы басқа кішігірім айырмашылықтар бар.

Компания бұл өнімді планшетке жақын қылып шығарған. Жақын емес, Windows 8 Операциялық жүйесі орналасқан планшет + док-станция.

Бұл жай ғана планшет емес. Сипаттамаларын қарап шықсаңыз қызықты қосымшаларға толы екенін байқауға болады. Мысал ретінде процессорын алайық. Орнатылған процессор Intel Core i5-3317U1.7ГГц, Turbo Boost қосқан кезде өнімділігін 2.6ГГц-ке дейін көтеруге болады. Өнімділігіне әлі қайтадан тоқталамыз.

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Планшетте бір USB ұяшық, HDMI, MicroSD флэшкаға арналған ұяшық, қуаттану көзін қосатын орын және құлаққап қосуға арналған 3,5мм-лік ұяшық. Пернетақтасында (док-станция), планшетпен қосылатын жерінен бөлек, 2 USB порт және қуат алуға арналған орын бар. Док-станция жайлы төменде толығырақ тоқталып кетемін.

Экран

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшеттің экраны өте жоғарғы сапада және өлшемі Windows операциялық жүйесі үшін айтарлықтай көп. Экран өлшемі FullHD (1920x1080). Диагональ 11,6 дюйм. Өлшемі жоғары яғни жақсы деуге асықпас едім. Себебі бұндай диагональмен, соған сәйкес FullHD экран қарсы рөл ойнап тұр. Экрандағы элеметтер кішірейіп, тура басуға кедергі жасайды, әсіресе браузер және жұмыс үстелінде.

Стилус S Pen немесе қаламұш

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

IT information: Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Қаламұшты көбінесе графикамен жұмыс істегенде қолданған ыңғайлы. Photoshop, Coral Painter, Paint, S Note деген бағдарламалар қаламұш үшін жаралған. Экран өлшемі өте жоғары және өнімділігі де жаман емес болғандықтан, жазу сапасы да жоғарғы деңгейде.

Дауысы

Дауысының сапасы өте жақсы. Динамиктері дәл қолданушыға қарап тұрғандықтан барлық дауыс жақсы естіледі. Бірақ төменгі жиіліктерде әлсіз.

Жұмыс істеу уақыты

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Планшет алынбайтын литий-ионды батареямен жабдықталған. Және жинақтамада өте ыңғайлы зарядтаушы қондырғы бар. Толық зарядпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады (Егер ноутбуктар тобымен салыстыратын болсақ). Өте жоғары жүктеме кезінде планшет шамамен 2 сағат 50 минут жұмыс жасады. Ал 50% экран жарығымен видео көрген кезде 7 сағаттай жұмыс жасады. Планшеттермен салыстырғанда орташа көрсеткіш.

Пернетақта (док-станция)

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Пернетақта планшетпен бірге жинақта беріледі. Атқаратын қызметі тек теру және тачпад емес, соған қоса 2 USB-порты бар. Тышқан немесе басқа да қосымшаларды қосуға болады. Ал кемшілігі жағынан, планшет тұрған кезде соңына дейін ашылмайды, яғни белгілі бір бұрышта тоқтайды. Егер сындырып алғыларыңыз келмесе қатты ашу керек емес. Мүмкін бұлай жасаған себебі планшеттің салмағына байланысты болу керек. Әрі қарай аударылып кетпес үшін солай шектеу қойған шығар. Бірақ пернетақтамен жазу өте жағымды.

Өнімділігі

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow



IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow


Samsung Ativ Smart PC Pro 700T планшетінде 2 ядролы Intel Core i5-3317U процессоры орнатылған. Процессор 512 КБ 2-деңгейлі кэш және 3 МБ 3-деңгейдегі кэш-жадымен жабдықталған. Ал жиілігі 1.7ГГц, Turbo Boost арқылы 2.6ГГц-ке дейін көтеруге болады. Өнімділігін бағалайтын бөлімшеде ең кемі 4,9/9,9 — деген баға берді. Менің ойымша бұл көрсеткіштер планшет үшін өте жақсы. Photoshop немесе басқа да графикалық редакторларда уайымдамай жұмыс жасай аласыздар.

Intel процессорлары, бәсекелестеріне қарағанда өнімділігі жағынан жоғары екені барлығымызға мәлім. Мысал ретінде, PCMark Vantage көрсеткіші бойынша 10990 балл, ал графикалық өнімділігі жағынан 3DMark Vantage көрсеткіші бойынша 2650 балл жинады. Ішкі файлдар алмасу жылдамдығы шамамен 180 МБ/сек.

Салыстыру

Планшет болғандықтан, сыртқы келбетін iPad-пен салыстырып көрейік. Ал ішкі жағын немесе басқа жақтарын салыстыру мүмкін емес. Себебі екеуі екі түрлі топтағы планшеттер.

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

IT information: Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Ешқандай қосымша сипаттауды қажет етпейді. Қайсысы және қалай ұнайтынын өздеріңіз таңдап аларсыздар. iPad-пен толық жұмыс жасай алмайсыздар, көп нәрседен шектелген. Ал Samsung-та еш қиналмай жұмысыңызды жасай берсеңіз болады.

Қорытынды

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T Windows 8 операциялық жүйесіндегі және Intel процессорларын қолданатын планшеттер арасында ең мықтысы. Алайда әр қондырғының кемшіліктері бар. Бүгінгі өнімнің басты кемшілігі, док-станция қосулы кезде, элементтерінің кішкентай болуы және тізеге қойып жұмыс істеудің ыңғайсыздығы. Док-станция толық ашылуына жол бермейді және салмағы сәл ауырлау. Егерде сіз офиста немесе университетте отыратын болсаңыз, бұл өнім дәл сіз үшін. Мысалға, сіз жұмыста маңызды бір жұмысыңызды аяқтай алмай қалдыңыз, дәл осы кезде, Samsung ATIV Smart PC Pro 700T өзінің артықшылығын көрсете алады. Қайтып бара жатқан кезде, док-станциясынан ажыратып алып жұымысыңызды жалғастыра берсеңіз болады. Процессоры өте жақсы болғандықтан, тез және сапалы жұмыс істей аласыз.

Жеке менің ойымша бұл өнім нетбуктер немесе планшеттер нарығында өзінің орнын ала алады. Бірақ  Smart PC Pro 700T барлық адамдарға арналмағаны анық. Егерде сіз ойын үшін немесе ұзақ уақыт жұмыс істегіңіз келсе, Samsung ATIV Smart PC Pro 700T сіз үшін емес. Бұл мақсатта дербес компьютер қолданғаныңыз жөн.

Сатып алуға 4 себеп:

1) Аса жоғары сапалы PLS-экран

2) Wacom дигитайзері

3) Өнімділік. Atom процессорымен салыстырғанда әлдеқайла тез жұмыс істейді.

4) Жұмыс істеу уақыты

5) Қаламұшпен жұмыс істеу. Суретші, дизайнер және басқа өнер адамдары үшін таптырмас өнім.

Қаншаға және қай жерден алуға болады

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетін «Мечта» «Технодом» сауда ораталықтарынан алсаңыздар болады. Бағасы шамамен 217000 тг.

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін Samsung Electronics Kazakhstanкомпаниясына алғысын білдіреді.
© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін

8 пікір

begymsulu
планшет алғым келіп жүр еді… жазбаңыздан көп мағлұмат алдым. рахмет
Ademi
Тым қымбат! Lenovoның екеуі бірдесі жақсы. Ыңғайлы. Мынаның сыртқы көрінісі оншамес екен. Дизайнына қатты көңіл бөлемін енді.
korwinin_kyzy
ақша бар қимаймыз гой бірақта))) 2700 мен әлі жүрікко))
jalyn
Мә)) 217000-ға бір компьютер, бір ноутбук, бір планшет алуға болады ғой. Бірақ сипаттаманы өлтіріпсің)
Соңғы өңделген уақыты:
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Енді бұны андроид планшеттермен салыстыруға келмес) нағыз планшет деп осыны айту керек)
AshTrollToqTrollmenOinamaide
характеристикасы менің гүрілдеп тұрған кампүтірімнен де мықты екен)
Al1sher
иә, өнімділігі өте жақсы
Enbekten_beretin_afai
Сол әлі ойланып жүрмін LG жақсы ма әлде SAMSUNG жақсыма деп,,,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.