Бағдарламалау негіздері JAVA
Осыдан бір жыл бұрын студенттерге арнап, бағдарламалау тіліне кіріспе ретінде кішкене әліппе жасағым келген еді. Алланың қалауымен соның реті енді келіп тұрған секілді. Жақында Android-қа қосымша жазуға қызыққам. Ол үшін Java-ң негіздерін білу қажет. Сонымен, екі қоянды бір оқпен атпақшымын. Тіпті өзім үшін жазып жатырмын десем болады. Арамызда бағдарламалауға қызығушылығы барПрограммист деген кім?қыз-жігіттерге де пайдасы тиіп қалар. Ескертетін бір жайт: сабақтар тек аспаннан түскен бастаушы программисттерге арналады. Сондықтан, аздап мыжып кетіп жатсам, тәжірибелі прогерлер сабырмен қарауларыңызды, ақыл-кеңестеріңізді қоса отыруыңызды сұраймын.
Бұл сұраққа әрбір қызығушылығы бар адам(бұдан былай оқушы) біледі деп ойлаймын. Сонда да тағы да ғаламтордан іздеп қарауына болады.
Программист болу үшін не қажет?
1. Компьютер
2. Логика
Не бәрі осы, екі ақ нәрсе жеткілікті. Әрі қарай тағы бір маңызды пункттер бар. Олар:
— ағылшын тілін білу
— интернетті, нақтырақ google-ды қолдана білу
Бүгінгі сабақта
1. Java-да жазу үшін құрал таңдаймыз.
2. Ең қарапайым программа экранға «Hello world» сөзін шығарып қараймыз.
Java-ң құралдары(IDE)
Әрбір бағдарламалау тілінің өз құралдары болады, мысалы с++ codeblock, c++ builder, c#-та Visual studio деген секілді. Тексттік документті Word-та, блокнотта жазуға болады, Paint, PhotoShop-та сурет саламыз. Java кодтарын жазу үшін осы уақытта ең танымал үш құрал бар екен:
-NetBeans
-Eclipse
-IntelliJ IDEA
Бұл үшеуінің ең қарапайымы Netbeans, осы құралмен үйреніп бастаймыз. Кейін қажеттілік туып жатса, қалғанында үйреніп аларсыздар. Аталмыш құралды мына жерден алып жатырмын.
P.S: әзірге жүктеп қойдым, кешке отырып қалай орнату керек екен көре жатармын.
11.08 — орнатылу ұзақтау секілді оны да бір пост қылып жазу керек деп шештім.
9 пікір
Жалпы, Жауа деген қызға есім кетіп жүрген едім:) Толықтырып еске түсірейін:) Бірінші оқырманың менмін:)))
Әпще браузерің қандай?
Программист деген кім?