Циклдар
Қайталана беретін амалдарды жеңілдету үшін қолданамыз. Мысалға, беттің 10 көшірмесін алу үшін екі жол бар. Бірі – асықпай 10 рет көшіріп шығу, екіншісі – көшірме санын көрсете қойсаң, аппарат өзі көшіріп береді. Қайсысын таңдар едіңіз? Әлбетте, өз уақытын, күшін бағалайтын кісі екінші жолды таңдайды. Міне, бағдарламалауда да осындай таңдаулар жасау қажет болатын жағдайлар болады.
Мысал. «Алақай» сөзін он жолға шығарып қарайық.
for конструкциясы
Кодты есіңізде болса, программа денесіне орнатамыз. Мұндағы,
for(int i=0; i<10; i++) — (i=0)бастапқы мәні 0-ге тең i int бүтін саны (i++) цикл сайын бірге арта отырып, 10-ға тең болғанша { арасындағы } амалдарды орында дегенді білдіреді.
While do конструкциясы
Do while конструкциясы
Тағы бір түрі бар, оны келер сабақта айтармын.Тек еске салуды ұмытып кетпеңіздер)
Үйге тапсырма:
1. for, while, do конструкцияларының бір-бірінен айырмашылығын табыңыз.
2. Циклдарды қолдана отырып, 0 ден 9 арасындағы сандарды ретімен шығару, немесе цикл сайын i-ң мәнін нәтижеге шығарыңыз.
3. 1 ден 10 ға дейінгі сандардың қосындысын табу
4. 1-10 арасындағы сандардың көбейтіндісін табу
5. Кез келген санға дейінгі сандардың қосындысын табу
6. Кез келген санның факториалын табу
7. Белгілі бір санға дейінгі санға дейінгі тақ сандарды/жұп сандарды шығару
8. Вобшым, циклдармен түрлі қитұрқылар жасай беріңіз,
P.S: Кейін толықтырып қалармын, әзірге осы.
Мысал. «Алақай» сөзін он жолға шығарып қарайық.
for конструкциясы
for(int i=0; i<10;i++){
System.out.println("Алақай!!!");
}
Кодты есіңізде болса, программа денесіне орнатамыз. Мұндағы,
for(int i=0; i<10; i++) — (i=0)бастапқы мәні 0-ге тең i int бүтін саны (i++) цикл сайын бірге арта отырып, 10-ға тең болғанша { арасындағы } амалдарды орында дегенді білдіреді.
While do конструкциясы
int i=0;
while(i<10)
{
System.out.println("Алақай!!!");
i++;
}
Do while конструкциясы
int i=0;
do
{
System.out.println("Алақай!!!");
i++;
}
while(i<10);
Тағы бір түрі бар, оны келер сабақта айтармын.
Үйге тапсырма:
1. for, while, do конструкцияларының бір-бірінен айырмашылығын табыңыз.
2. Циклдарды қолдана отырып, 0 ден 9 арасындағы сандарды ретімен шығару, немесе цикл сайын i-ң мәнін нәтижеге шығарыңыз.
3. 1 ден 10 ға дейінгі сандардың қосындысын табу
4. 1-10 арасындағы сандардың көбейтіндісін табу
5. Кез келген санға дейінгі сандардың қосындысын табу
6. Кез келген санның факториалын табу
7. Белгілі бір санға дейінгі санға дейінгі тақ сандарды/жұп сандарды шығару
8. Вобшым, циклдармен түрлі қитұрқылар жасай беріңіз,
P.S: Кейін толықтырып қалармын, әзірге осы.
8 пікір
Қалғанын басқалары шығарсын. осы жәрәйтын шығар. Рахмет. Бекітіп алдым