Сабақ 8. Массивтер
Бір өлшемді массив
Ауылда кішкентай кірпіштер құятын қалыпты көрген боларсыздар. Ағаштан жасалған, ішінде бірнеше ұяшықтары кішкене жәшік. Немесе, тоғызқұмалақ ойнындағы тақтаны есіңізге түсіріңіз. Массивтер де соларға ұқсас келеді. Ұяшықтары болады, және ұяшықтарына белгілі бір типтегі айнымалыларды салып қоя аламыз. Жалпы, көптеген бір типтес айнымалыларды бір жерде жинақтап қоюға арналған.
Мысал. Сандардан тұратын массив құру
Көп өлшемді массив
Бұлар практикада көп қолданылмайды. Сондықтан, жазуды да қажет санамадым. Бар екенін білсеңіз жеткілікті, кейін өзіңіз оқып аларсыз.
1. Жоғарыдағы кодты циклдарды қолдану арқылы ықшамдау
2. 10 ұяшықтан тұратын бір өлшемді double типті массив құру
3. Түрлі типтегі массивтер құрып, мәндерін нәтижеге шығарып қарау

int a[] = new int[5];//5 ұяшықтан тұратын массивты құру
a[0]=34;//ең алғашқы ұяшықтың индексі 0 ден басталады
a[1]=5;// келесі ұяшыққа мән беріп жатырмыз
a[2]=23;//-||-
a[3]=76;//-||-
a[4]=12;//-||-
System.out.println("a[0]="+a[0]);//нәтижеге ұяшықтың мәнін шығару
System.out.println("a[1]="+a[1]);//-||-
System.out.println("a[2]="+a[2]);//-||-
System.out.println("a[3]="+a[3]);//-||-
System.out.println("a[4]="+a[4]);//-||-
Көп өлшемді массив
Бұлар практикада көп қолданылмайды. Сондықтан, жазуды да қажет санамадым. Бар екенін білсеңіз жеткілікті, кейін өзіңіз оқып аларсыз.
Сонымен, бұл сабақта массивтермен таныстық. Олартың типі және индексі жайында сөз қозғадық.Үйге тапсырма
1. Жоғарыдағы кодты циклдарды қолдану арқылы ықшамдау
2. 10 ұяшықтан тұратын бір өлшемді double типті массив құру
3. Түрлі типтегі массивтер құрып, мәндерін нәтижеге шығарып қарау
17 пікір
1. 2. 3.
Рахмет, үй тапсырмасын орындап қойдым)
Бірақ бұл еркектердің ісі)пы\сы: автор массив неше элементтен тұратынын біліп беретін функция бар ма?