Сабақ 9. Функциялар

Programming Solutions /
Мектеп бағдарламасы y=x^2 функциясын еске түсірейік. «Американский горки»-ге ұқсаған бір сызық болушы еді ғой) (Графигі) Есіңізге түскен болса, мұндағы x — функцияның аргументі, y — функцияның мәні деп аталатын. y-тің мәнін x-ке мән беру арқылы анықтайтынбыз. Бағдарламалаудағы функциялар да бір мәндерді қабылдап, бір мәндерді қайтарады.(Ешқандай мән қабылдамай, ешқандай нәтиже қайтармауы да мүмкін. Жай бір кодтарды орындап шығады.) Қабылдайтын мәндерді(аргумент) — кіріс параметрлері, Қайтаратын мәндерді(функциянің мәні) — шығыс мәні деп аталады.
Мысал. Кіріс параметрі ретінде санды қабылдап, сол санның квадратын қайтаратын функцияны құрыңыз. (у=x^2)
package esep1;
import java.util.Scanner;
public class Esep1 {
    public static void main(String[] args)  {
            Scanner sc = new Scanner(System.in);//бұл жігітпен бұрын танысқанбыз
            float san = sc.nextFloat();//бұл жолда бізге таныс, san-ға мән беріп жатырмыз
            float s = Square(san);//s айнымалысына Square функциясының мәнін беріп жатырмыз.
            System.out.println("s="+s);
       }
    private static float Square(float a){
        float result=a*a;//result-функцияның шығыс мәні
        return result;//return - қайтару
        }
}

Үйге тапсырма
1. Екі санның қосындысын есептейтін функция(яғни, екі кіріс параметрі болады)
2. Сөзді кері жазатын функция
3. Координаталар жүйесінде екі нүктенің ара қашықтығын есептейтін
4. Герон формуласы арқылы үшбұрыштың ауданын есептейтін функция
5. Квадраттық теңдеудің түбірлерін табатын функция
6. Текстте қанша сөз, қанша әріп бар екенін есептейтін функция

22 пікір

qyrmyzy
шикаладтан © бізге қалдыр:)
ereke_enu
Шын қалдырар едім, жадность жібермей тұр
qyrmyzy
қалдырсаң Ереке боласың ба?
Kan
Функциялардың толқыны десекте боладтындай функцияның жалпы мәнін шығаруға бола ма қортынды да?
ereke_enu
нақтырақ айтасыз ба? түсіңкіремей тұрмын
Kan
Жарайды жайғой өзімнің басым қатып кеттіғой сенің функцияларыңақызығамын деп
ereke_enu
Бас қатқан жақсыЕштеңемен айналыспаған ми деградацияға ұшырап кетеді екен)))
Kan
Дұрыс айтасың!!!
qyrmyzy
мынаның бәрін қақсам:

деп отыратын ем. Жарайсың, Ереке!
ereke_enu
Рахмет. Нағыз қызықтар қайда алда ғой, тіпті Қазақстанда оларға ешкім жете қоймаған шығар(((Бірақ, біз тоқтамаймыз!)
qyrmyzy
мәәә, мына пікіріңнен соң ішімде қыл айланбай қалды ғой. Кеттім, посттарыңды жаттайм
zhurttyn_balasy
2. Сөзді кері жазатын функция
6. Текстте қанша сөз, қанша әріп бар екенін есептейтін функция
жолдық қатар (строка) типтес айнымалылармен жұмыс жасауды қашан бастап кеттің? шатастым
ereke_enu
1 жол = символдардың масииві секілді. String str=«yerlan»; str[0]='y'; str[1]='e'; т.с. Айнымалылар тақырыбына кешірек толықтырып қоярмын
zhurttyn_balasy
String str = "yerlan";
        System.out.println("str[0]="+str[0]);

мынадай код қате шығарады ғүә
zhurttyn_balasy
2. Сөзді кері жазатын функция

package funkcia;
import java.util.Scanner;
public class Funkcia {
    public static void main(String[] args) {
        Scanner sc = new Scanner(System.in);
        String str = matin(sc.next());
        System.out.println(str);
    }
    private static String matin(String str) {
        int end = str.length();
        char text[] = new char[1];
        while (end>0) {
            str.getChars(end-1, end, text, 0);
            System.out.print(text);
            end --;
        }
        return "";
    }
}

Дым сұрама, қатты теппеңдер, зато функция қатесіз жасап тұр.
ereke_enu
Базар жоқ)))Мен ертең қарайм шығар, қазір думкадамын)
zhurttyn_balasy
кирил символдарымен жазссаң қате шығарады екен. строкамен жұмыс жасау тым мудренный екен.
ereke_enu
қайтеміз енді? Идеал ештеңе болмайды)
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы идеал ©
ereke_enu
Сөз тапқанға қолқа жоқ!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.