Қазақтың ұлттық ойындары

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Қазақ халқының өмірде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан аяқ баяндап беретін ғасырлар бойы бірге жасасып келген әдет-ғұрып ойындары бар. Қазақ халқының ұлттық ойындары көпшілік жағдайда үлкен тойларда, мерекелерде, думандарда ойналатын болған. Осы ұлттық ойындардың негізгілері «Наурыз» мерекесінде ойналатын ойындар болған.
Ұлыстың ұлы күні ойналатын ойын-сауықты «наурызнама» деп атаған. Ол күнде наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, халық наурызнама қыламыз деп той тамаша қылады екен. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс түрлі ойындар мен ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын, халық ұлттық дәстүрмен әдет ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен той.
Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пеноның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.

Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.

Қазіргі кездегі қыз қуу спорт жарысында күшті теңдестіру үшін әлсіз жаққа берілетін тиімді шартты еске салады. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады.

Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.

Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.

Қыз қуу «Манас» эпосында:
Боз бала, жігіт аралас,
Қыз-келінменен жарысып,
Қызық өзен бойласып,
Қызығысып қырандар
Қыз қууспай ойнасып,
Талықпай көшіп, бел байлап
Таласты көздей бет алып,
Ел шұрқырап, шу болып
Ер қуанып, ду болып,
Кіндік кесіп, кір жуған
Жеріне көшіп келе жатад.

Қыз қу жөніндө ел аузында да төмендегідей шумақтар айтылатын:
Қыз, жігіті қырғыздың,
Ғасырлап ойнайд қыз куу!
Қыз қуу ойнын қарасаң,
Қызығына ел батып,
Қиқырып дулап тік тұрмай!
Қыз қуу ойны қырғыздың,
Ежелден қалған салты екен!
Еңкейіп жандап жарысып,
Қызға жетсе жігіті,
Бұралтып тұрып қыз сүю,
Байырдан қырғыз нарқы екен!

Ал енді қырғыз-қазақтың белгілі ақыны Жалил Садықтың:

Ойынның бірі қыз қуу,
Күліктер көкте сызшудай.
Тізгінді шауып жөнелсе,
Жігіті – сұңқар, қыз — қудай!
Ойын деп шіркін осыны айт,
Көргенде кімдер қызықпайд.
Жігіті жетіп қызды сүйсе,
Көзіңе сүйкім ұшырайд,

— деген жыры бұл ойын жөнінде небір көркем елес беріп тұрады.
АРҚАН ТАРТЫС
Тағы да бір сондай ойындардың бірі ол «арқан тартысу». Бұл ойында екі топ адамдары бір-бірімен күш сынасады екен. Екі топқа адам тең бөлініп, ортаға сызық белгілеп, арқан тартысады. Арқанды өз өзіне тартып алған топ күшті, жігерлі топ болып саналады.
АЙГӨЛЕК
Қазақ халқының ұлттық ойындарының ішіндегі ең көп тараған ол-«айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, салқын самалды күзде ашық алаңда ойнаған. Ойынды жас қыздар мен жігіттер ойнаған. Кешке жиналғандар өзара тең болып екі топқа бөлініп, арасы бір бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойына тізіледі. Екі топ бір-біріне кезекпен екі жақтан адам шақырады. Бұл адам қарсы топтың қолын бұзып өтуі керек. Егер қолын бұзып өтсе сол топтан өзімен қоса бір адам ала кетеді, егер бұза алмаса өзі сол топта қалады. Қай топта адам саны көп болса сол топ жеңді деген болады.
АЛТЫБАҚАН
Алтыбақан ойыны көбіне жазды күні ауылдың сыртында өтеді. Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей 6 салма мен жуандау бір бел ағаш және жуан ағаш керек. 3-3 тен алты ағаштың бір жақ басынан байлайды. Солай екеуін екі жерге тұрғызып, ортасынан көлденең бел ағашты жоғары қисайтып тұрғызып байлайды. Ортасынан бел ағаштың екі жағынан арқан байлайды. Содан соң алтыбақанды тебушілер отыратын, болмаса, аяғынан тұратын орындық ретінде көлденең тақтай кигізеді. Әдет бойынша алтыбақанды жұп болып қыз бен жігіт тебеді екен. Міне сол себепті алтыбақан аталған екен.
АУДАРЫСПАҚ
Енді осы тойларда ойналатын ойындардың бірі ол-«аударыспақ» ойыны. Ол қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бір түрі. Ойын ережесі бойынша екі атты арасы 40-50 адымдай екі көмбеде тұрып ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін 1-1 не қарама-қарсы шаба жөнеледі. Екі аттының бірі аттың үстінен аударылып, түссе сол адам жеңілді деген сөз.
САҚИНА САЛУ
Тағы да бір қызықты ойын ол «сақина салу». Қазақ топырағында ертеден келе жатқан ойының бірі. Оған 8-10 шақты жастар қатынасады. Тізіліп отырған жастардың біріне сақина салушы сақинаны білдірмей тастайды. Ойынды жүргізуші ойынға қатысушыларды айналып өткен соң «сақинам, сақинам ортаға шық» дейді. Әлгі сақина салған адам ешкімге білдірмей тез арада ортаға ұмтылып шығуы керек. Ал егер ол ешбір адамға білдірмей ортаға кедергісіз шықса онда ол адам сақинаны салып, жүргізуші болады, егер шыға алмаса қайта орнына отырады.
АСЫҚ ОЙЫНЫ
Қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бір түрі- ол «асық ойындары». Халық арасында асық ойындарының бірнеше түрі болған. Бұл ойынды тек асыға бар жас ер балалар ғана ойнаған. Асық ойнаушылардың саны 4-8 ге дейін барады. Бұл ойының мақсаты –асық ұтып алу.
Ойын ережесі: Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кім-кімнен кейін ойнау керек екен кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі-бірінші, тәйке түскеннің иесі-екінші, бүк түскендікі-үшінші, шік түскендікі-төртінші болады.
ҚОЛ КҮРЕС
Өте қызықты ойын екен. Енді міне осындай қызықты ойындардың бірі ол-«қол күрестіру» ойыны. Онда екі адамның күш сынасуы байқалады. Ортаға екі ер баланы шақырып, осы ойынды көрсетіп, кімнің күшті екенің анықтайық.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Келесі терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір қанбайтын, халық даналығынан шыққан ойындардың бірі –ол «тоғызқұмалақ» ойыны. Тоғызқұмалақ-қазақ халқының ертеден келе жатқан есеп ойыны. Өйткені бұл ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған. Бұл күндері тоғызқұмалақ ойыны арнаулы тақтада ойналады. Бұл тақтаның ойып жасалған он сегіз ұясы-шұңқыр бар. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бір қазаны болады. Отаулар тоғыз тоғыздан қарама-қарсы түске боялып қойылады. Мысалы, қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы құмалақтардың құмалақтардың барлығы да тоғыз-тоғыздан болады, яғни тақ сандар. Ойын осы тақ сандармен басталады. Ойыншы солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүреді. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азияда кеңнен тараған. Қазақ пен қырғыз мемлекеттерінде республикалық, халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі уақытты бұл ойын жақсы дамып келеді.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.