Ұлттық идея және идеология

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Бұл сөздерді мен өзім жазғам жоқ.Сұлтанәділ Қанатбайұлы деген кісі шығарған Мұсылман күнтізбесі деген кітаптан көшіріп жаздым.Мүмкін, осы жердегі қауымға керек болар деген ниетпен.
-Ұлттық идея тамырын тереңнен алады және этностың болмыстық табиғатын түзеді, оның тарихымен және мәдениетімен байланысты болады;
-Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады.Ал идеология қоғамдық сананың жоғарғы сатысы болып табылады.Егер ол ұлттық идеяға негізделсе, оның құндылықтарымен толықтырылса, күшке ие болады.Идеялардың маңызды топтастырушысы болып табылатын идеология стихиялы түрде пайда болмайды, оны адамдар қалыптастырады және оның өзіндік мақсаты мен қызметі болады.Ұлттық идеяның одан айырмашылығы — оны адамдар жасамайды, ол табиғи түрде пайда болады;
-Ұлттық идеяның қайнар көзі болады.Әлеуметтік-тарихи негізері тұрғысынан алып қарағанда оның шығу тегі тайпалық, рулық құрылыста, ал психологиялық және гносеологиялық негіздері тұрғысынан алып қарағанда этникалық сезімдерге жатқан сияқты.Сезімге қоршаған табиғи орта, отбасы, әлеуметтік және рухани факторлар да әсер етеді.Егер табиғаты бай болса, ол жердің халқы да дарқан болмақ;
Ұлттық идея туған үйге, туған-туыстары мен жақындарына, туған жерге, табиғат мезгілдеріне, достарына деген генетикалық сезімдерден туылады.Бұл сезімдер арнайы қалыптаспайды, адамға туған кезінен бастап беріледі.Ұлттық сезім осындай генетикалық сезімдерден бастау алады.Адамдағы осы психикалық сезім сана рақылы туған өлке туралы идеяға айналады;
-Барлық этнос үшін ортақ ұлттық идея болмайды.Әр этностың өз ұлттық идеясы болады.
… Жалғасын жақында жазармын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.