Қазақ төбеті қандай төбет?

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Бұл жазбамда мен қазақ төбетінің басқа иттерден айырмашылығын айтататын боламын.
1. Биіктігі 80 см, салмағы 50 кг әрі асады. Оның үстіне үрбиген жүні, төбетті біршама үлкен қып көрсетеді.
2. Қимылы баяу секілді боп көрінеді. Бірақ жыртықыш аң көргенде бірден өзгеріп сала береді.
3. Адамға ешқашанда шабуыл жасамайды. Егерде қораға бөтен біреу кіріп кетсе, алдыңғы екі аяғымен оның кеудесін иесі келгенше жібермей тіреп тұрады.
4. Сәби балаларға мүлдем тиіспейді. Не ол шеге тығып алсада қыңқ етпейді. Тіпті ырылдамайды да. Өйткені оның жас нәресте екенін түйсігі айырып біледі.
5. Түрі сұсты болғанымен, іші бауырмалдықты қалайды.
6. Ит төбелесіне мүлде қатыспайды. Күштеп әкелсеңде сытылып шығып кетеді. Оның қарсыласыда күш сынасуға қауқар танытпайды.
7. Босағадан аттамайды. Жетелесеңде үйіңе кірмейді. Тек қана мал қора жақты күзетіп жүреді.
8. Ыңырсып иесіне тамақ сұрап келмейді. Берсең жейді. Бермесең қарны тоқ жандай жүре береді.

Міне, осындай итті көрсеңіз. Бірден қазақ төбеті екенін айқын аңғаруға болады. Қазіргі кезде елімізде 500-ге жетер-жетпес тұқымы бар.
Мен ҚАЗАҚПЫН!: Қазақ төбеті қандай төбет?
Мен ҚАЗАҚПЫН!: Қазақ төбеті қандай төбет?
Мен ҚАЗАҚПЫН!: Қазақ төбеті қандай төбет?
Алғашқы ақпарат көзі

3 пікір

Kan
Бабаларымыз төбетердің құлағын кестіма екен осы?
marat-sail
Жақ, кеспеген. Бұл үрдіс отарлау саясаты кезінде қалыптасса керек.
Jako
Отарлау саясатымен төбеттің құлағын кесудің қандай байланысы болды екен?..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.