Үзілген үміт

SentimentChе /
Сап-сары жапырақтар…
Сал-сары жапырақтар…
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
Мұқағали Мақатаев.



Жапырыққа жасыл түс беретін зат хлорофил деп аталады. Салқын түскен кезде жапырақтағы хлорофилл жойылады.

Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде Жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде Жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі.

@Estetika9:
Өсімдік өсу үшін су керек. Ыдыстағы гүлге бірнеше күн су құймасаңыз, сола бастағанын көресіз, адамдар да сол сияқты, назар аударғанды күтеді…


Соңғы жапырақ. Сабағын қимай тұрған жапырақ, бәлкім. Ұстасаң, түсетіні анық. Басқа жапырақтар сияқты емес. Төзімді екен. Жақында жауған алғашқы қарымызға да төтеп беріпті бұл «кісі».

Адамдар да солай. Бір кездері жақсы араласып, әбден бауыр басып қалған соң қоштасу сәтінің жақсындап қалғанын сезгенде ерекше бір сезім билейді бойыңды. Осы кезге дейінгі бірге өткізген кездер, қызықты оқиғалар секундына 24 кадр емес, 42 кадр, әр түрлі ракурста көз алдыңнан еріксіз бітпейтін түрік кинолары сияқты өтіп жатады, өтіп жатады. Тап сол сәтте бұрын қазіргіден бақыттырақ, бақыттырақ емес-ау, бақытты адам болғаныңды сезінесің. Өткен күндерге қайта-қайта қарап, алға қадам баса алмай, бірақ сандырақтап барып есіңді жинайтының тағы бар… Әркімде әрқалай. Біреулерде мұндай процесс бір апта, енді біреулерде екі ай, тіпті екі жыл, төрт жылға жалғасуы мүмкін шығар? ма қалай өзі? Уақыт өзінікін алады емес пе?

Оо, настольджимен өмір сүретіндерді түсінбеймін. Әрине, кейде/жиі өткеніңе мойныңды бұрып, шүкіршілік айтуға не жетсін?! Бірақ қайтып келмейтін дүниеге соншама уақытыңды кетіріп, көңіл-күйіңді түсіріп, айналаңдағыларға негатив әсер қалдырудың қажеті жоқ. Барлығы орнымен болғаны жақсы, меніңше. Келісесіздер ме?


Не айтып жатыр едік?

Осы тұста мектепте әдебиеттен сабақ берген апайым есіме түсіп кетті. Жаңа орта, жаңа сыныптастар, жаңа мектеп, жаңа мұғалімдер… (енді сондай ғой жаңа дейді) Сол кісінің сабақ өту тәсілі басқалардікі сияқты емес еді. 45 минут отырмайтын. Сабақ жүргізу әдісі де басқаша… психологпен әңгіме жүргізгендей болатын едік…


Физикадан берген апай, керісінше, қатал. Бір күлмейтін. Сабақ айтуға қорқатынбыз, дажы! Әдебиет сабағы жұмақ салыстырсаң…


Міне, кез келген адамға осы екі әсердің біреуін қалдыруың әбден мүмкін, немесе керісінше. Егер адамға бір жолмен әсер қалдыра алмасаң — әлсіздігің. Жетілу керек. Іздену керек. Адамдармен санасу, оларды түсіну — қиын емес түкте,қалауын тапса, қар да жанар ©


Мұның бәрі жолда кездескен жапырақтан алған әсер. Лайым, бауыр басқан жаннан ешқашан айырмасын. Өміріңіздің «күзі» — жапырағыңыздан айырылатын кез алыстасын сізден. Ол үшін фотосинтез процесін үздіксіз жүргізетін күн — түсініспеншілік, махаббат, құрмет әрқашан жүректеріңіздің төріне жамбастап алсын. Жапыраққа түс беретін — хлорофилл — қуаныш сыйлайтын сәттер (күнделікті бір-біріңізді қуантатын дүниелер (смс, қоңырау, сыйлық, хат, тосын сый) жиі болсын. Өміріңізге рең беретін осы титтей қуаныштардан құралатын сәттер емес пе? Ендігі қалғаны — әрекет! Сәттілік, досым!


ПЫСЫ: жарты түндегі ой...

уикипедиа аман болсын!

54 пікір

qyrmyzy
Шаңыраққа қарай отырыңыздар.
AyKoN
Сағыныш қой сағыныш қой сары ала жапырақтар… деп айтылатын Айгүл Қосанованын орындауындағы әнді есіме салды…
AyKoN
(смс, қоңырау, сыйлық, хат, тосын сый)
менімше бул нәрселер аса манызды нәрселер емес,арине, қазіргі танда озіндік орны бар, бірақ аса манызды емес
«Есть такие люди, которым можно не писать, не звонить, не говорить, а они все равно будут самыми близкими...»
qyrmyzy
сонда не маңызды? Қашанға дейін бір-біріңді іштей ұғынып жүресің? Жарыласың бір күні! Не советую!
Chimaq
Suretter ademi eken ..))
Aikona
Жалпы сары жапрырақ сағыныштың, қимастың түсі ғой… Кетіп бара жатса өкінбе, басқа адамдар оның орнын басады, демек оның сенің өміріңдегі миссиясы аяқталды. Өміріңде миссиясы тек сенің өміріңде мәңгі қалатын адамдармен жолықтырсын. Пы.СЫ. Егер адамға бір жолмен әсер қалдыра алмасаң — әлсіздігің. Жетілу керек. Іздену керек. мына сөзің ұнады.
qyrmyzy
:) Рахмет. Менде барі жаұсы, АЛЬХ! Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда © ғой
beko
Керемет пост, керемет пікірлер(пікірлерге +). Эх, блоггерлер ай, сендерден үйренеріміз өте көп қой.
сары жапырақ — меланхолия
авторға: жапырақ теріп жүрген өзің ба?
mairosh
Керемет!
mairosh
<code>ашық сөйлескенге не жетсін, өсекке бой алдырмай өзімен сөйлескенге не жетсін, тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін, ренжітпеуге не жетсін, ренжіспеуге не жетсін, болды, жетер! Шыдамның да шегі бар, қайырлы таң! Ұйқтайын</code>
тым қиялданғансын ау ә?
qyrmyzy
қиял емес, әркімнің әңгімесінен шығарылған қорытынды
VVVWWW
Бұл жазбаң О.Генридің «Соңғы жапырағын» еске түсірді, (мүмкін оқыған боларсың) «Соңғы жапырақ»
(аударып көрермін қолымнан келсе, сосын осында салам ғой)
qyrmyzy
Кеше тауып алдым. Амиго салған екен. Рахмет!
VVVWWW
Ол шығарма қазақшаға аударылған ба бұрын? (бастап аударып жатыр едім, еңбегім еш кетпесін дегенім ғой)
qyrmyzy
гугл ата не дейді? Осы аудармаларыңызды оқымаппын. Оларды да қойныңызға тығып оқисыз ба?
VVVWWW
Жаңа бастап жатырмын дедім ғой, шамам келсе осында салармын
qyrmyzy
Сәттілік! Посттарыңды сағындық!
khairbek
бір кісі
))))))))))))))))хаахахаха
qyrmyzy
м?
khairbek
Жақында жауған алғашқы қарымызға да төтеп беріпті бұл «кісі».
уахахаххахахахааххха
qyrmyzy
тырнақша зашем тұр?
khairbek
білммим )))) сенде турагасын тур
beko
РАхмет ҚЫРМЫЗЫ, респект, мына жазбаңнан жақсы сабақтар алдым, енді ұмытпауға тырысамын,(ұмытшақтау болсам да).
qyrmyzy
Мазамды алды мына ақшам,
Семсерін кезеп сұрақ сан.
Күлдіріп отыр басқа жан,
Жақсы еді сен кеп жылатсаң...
beko
Түсінбедім, бұл не дегенің?
(постта басқа көрініс, ал пікірде басқа)
qyrmyzy
и жоқ, инетті ақтаып отырып тауып алдым. Қоя салдым. Бәрі байланысты бола берсе де қызықсыз ғой:) менікі тек — айту, әрекет — сіздерден!
Ak123
Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» деген әнінің сөзі:)
dimash
Бірақ қайтып келмейтін дүниеге соншама уақытыңды кетіріп, көңіл-күйіңді түсіріп, айналаңдағыларға негатив әсер қалдырудың қажеті жоқ.

«До этого дня я не жил, а выживал» деп жаңа өмір бастағандай әсерде қалдым, тағы да.
Әсерлі болды, ой салды, рахмет.
Manshukn
Кейде осылай "қуған" да жақсы ма дим да :))
Zhanat
сағанда сәттілік.
ardak1996
жазбаларыңыздан бір сағыныш, мұң, көңілсіздік байқалады. Сізге біп серпіліскерек секілді…
Жалпы жапырақта хлорофил дәні оған жасыл түс береді. Ал суық мезгілде ол жойылып кетпейді. Жапырақ күзде ағаштың бойындағы артық қалдық заттарды бойына жинап зат алмасу яғни анаболизм процессі арқылы зат алмасып түсіп қалады, сонда жапырақтыңң түсіп қалуы бұл ағаштың зат алмасқаны болып тұр. Есесіне жаңа жапыраққа орын босатады. Осы күзде сіздің осы жылғы өкініш, мұң, қайғыларын өзімен бірге ала кетсін.
иии, құдой дит! ) бақытты болш, айналайын!
ereke_enu
АЛАСАҚАЛ, АҚСАҚАЛ, ҚАРАСАҚАЛ))) Енді қандай сақал шығады екен?)
zhurttyn_balasy
seroboromalinovyisaqal, transparentsaqal…
ereke_enu
Қарасақалға срошны бүкіл сақал тіркесі бар никтерді базаға енгізіп тастау керек))
qyrmyzy
:) рахмет, жаным!
ardak1996
Лайым, бауыр басқан жаннан ешқашан айырмасын. аумин! айтқаныңыз келсін. Айт қабыл болсын Апау)
qyrmyzy
Апау)
ЖъЛәДім
maulen
Ағаштар мұнданып жылайды,
Көктемге асығып.
Ең соңғы жапырақ құлайды,
Бұтаққа асылып.
qyrmyzy
Мына пост төрт жолға сыйып кетіпті
followme_alik
Журналист`ім )
qyrmyzy
Кидым
followme_alik
жә/жә Кидтіктен
qyrmyzy
хмм, есейіп қалдым де. Ренжқалдым
followme_alik
Kid — бала.
Бала — 18-ге толмаған (кәмелетке) адам.
Есесіне, Сен жасардың… бойжеткен ;)
qyrmyzy
очень тонкий намек
ardak1996
кеше Күзгі баллда қарсылас қатысушылар осы сары жапырақтардан киім жасапты. Көөөп, өтее көп жапырақтар…
qyrmyzy
Әдемііі болған шығар?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.