Бүгінгі күннің батырлары (тағы да виртуалды әлем жайлы)

Ақ парақтағы ойлар /
Бүгінгі күннің батырлары (тағы да виртуалды әлем жайлы)

Өздерің көріп жүргендей осында (немесе агентте) түрлі батырлар шығып жатыр
Әлем болғасын оның да батырлары болады екен. Батыр дегенде тау көтерер Толағай емес, алып соғар Алпамыс емес немесе екі иығына екі адам қонған жан емес жәй ғана монитордың ар жағынан сығалап тұрып бесіктен белі шықпаған бала да, тұрқы қолтоқпақтай көзге қораш біреулер де виртуалды әлемде батыр сияқты әсер қалдырады. Ғаламтордың Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайы да бір өзі. Тіпті, атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін Терминатор, Супермен болса да таңғалмаңыз.
Монитордың алдында мелшиіп отырып алып, көзіне көрінгенге қоразданатын «виртуалды батырлар» жұрттың жүйкесіне ши жүгіртіп, нервсын қоздыртудың қыр-сырын керемет меңгеріп алған. Ғаламторда әлгіндей әйдіктермен жекпе-жекке шыға қалдыңыз делік? Онда, оңбай таяқ жеуіңіз әбден мүмкін. Экранның арғы жағындағы қарсыласыңыз қызыл сөзбен шаңыңызды қағып, көкеңізді көзіңізге көрсетеді. Бір қызығы, сіз виртуалды әлемде отырғаныңызды білсеңіз де, кәдімгідей намысыңыз тапталғандай күй кешіп, кәдімгідей ашуланасыз. Монитордың алдында мықтымсынған мәстектерді шынайы өмірде тауып алып, сазайын тарттырғыңыз келеді. Бұныңыз енді бос әурешілік. Сіз сияқты виртуалды әлемде кегі кеткен талайларға құйрығын ұстатпай кеткен ғой.
Мұндайда не істейміз, ең тынышы біздің АКА қолданушының «мудрый» кеңесі «ия сенікі дұрыс», (немесе үндемей-ақ) дей салу екен.
(мудрый деген сөздің баламасын таба алмадым «ақылгөй», «дана», «көпті көрген» еш қайсысы үйлеспейтін сияқты)

47 пікір

Jako
Тамаша жазыпсың, кейде қанша сабырлымын десең де жүйкеңе тиеді-ау.
dimash
Осы сайтқа алғаш тіркелген кездерімде (болг жазатын сайтқа алғаш тіркелуім) мен кейбір пікірлерге ашуланып, сол күні бойы мазам кетіп, көңіл ккүйім бұзылған кездер болған)
Тіпті сайттарға енді кірмеспін деп те бұрқылдап шығып едім))
Қазір жағымсыз пікір болса жауап жазбай-ақ қоямын мен де.
Одан да асырып жазуға тырысқаныммен көнілім орнына түспейді екен.
AKA
Иә, иә, zhurttyn_balasy , мен, мен — VVVWWW деген
zhurttyn_balasy
СЖ-ның белсендісі екеніңді бүйтіп жасырудың қажеті не? :)
AKA
СЖ-ға тіркелдім жақында, қорқыңдар, қорқыңдар!
qyrmyzy
қатал апай СЖға аттанватыр, қашыңдар!
AKA
«Менің атым кім?» сынды сұрақтарды көріп, ішіп кете жаздадым. Қазір тәубеме кеп, рухани дайындық үстіндемін.
qyrmyzy
тағы бір апта жүрсең, Шуды жағалай бастайсың, ал бір айдан соң Шуға көшіп кетпе
AKA
AKA
Шудан түсіп қалғансыз-ау дим, ертелеп…
zhurttyn_balasy
Сонымен «компьютерің бұрынғы қалпынан өте жәй жұмыс жасағанына, қандай әрекет қолдандың?»
AKA
Әлгі программист жігіт жайлы айтывем ғой ии, оЧм қазір зу-зу етіп істеп тұр.
AKA
Менің нигімді ұрлавапты ғҰә ол жақта, нижінипрөбеламанболсын
zhurttyn_balasy
Бәсе АКА не керіліп кеткен деп ойлап қоям
AKA
Басқа амал болмады, Күлпәш деу ойда болған негізі
AKA
Анонимустардың да анонимусы болады деп ойлаймын мен. Пендеміз ғой, өзімізді жамандыққа қимаймыз. Мәселен, өте белсенді, жақсы жақтан көрінген қолданушы шындықты айтуын айтады-ау. Бірақ, дәл сол қолданушының бетпердемен жүріп айтқан пікірінен артық, әсерлі болмайды. Бетпердемен жүріп шындықты шырқыратып, астарлап, эмоциялық сөздерді қосып айтуға болады, ал өз аккаунтыңмен ондайды әдемілеп жеткізе алмайсың. Себебі, ол тек жақсы жақтан көрініп қалған, оның жаман жағын әшкерелеу өзгелерде екіжүзділік туғызуы мүмкін. Сондықтан, бетперделі қолданушы болып айтуына тура келеді.
Екінші жағдай, ол әрине отырып алып көпіру. Ол асқынған жағдай, өзін ұлықтау. Өзіне қатыстыға тиіп кетсең, бірден шапшып, ойланбастан былапыт сөзді айта жөнелу. Кім? Не? Қандай? Қашан? Қалай? деген сұрақтар миға да кірмейді ол кезде, бірден негатив жаудыру.
Осы екі жағдайда біріншісін қолдаймын, ақылды батырлар бар, былапыт сөзді қосса да, оның пікірі алда тұрады бәрібір. Тек өз есімімен жүріп айта алмайды, себебі аудитория оны тек «періште» адам ретінде қабылдап қойған. Егер ол жаман жақтан көрінсе, онда бітті, екіжүзді етіп шығаруы мүмкін. Ал, негізіне келгенде бәрімізде де эмоцияның, жаман мен жақсы жақтың бары ақиқат, себебі пендеміз.
AKA
Мойындамаймын, себебі осыдан басқа аккаунтым жоқ, барлық жерде де солай. Тролль болудан аулақпын және жазған әр пікіріме есеп берем. Сену-сенбеу сіздің ерікте…
VVVWWW
Әділ сын айтқанға сөз жоқ, Рубен сізді де сыйлаймын, негізі бұл жазба мына жердегі пікірледі оқығаннан кейін ойыма келген
aitaber.kz/blog/london2012/2932.html#comment45158
AKA
Уот, уот, бұл мен айтқым келген екінші жағдай болатын.
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы қай топта?
qyrmyzy
Виртуалдағы қарым-қатынасты, өз басым, ұнатпаймын. Виртуал — виртуал. Экранның ар жағында отырып алып көсіле беруі де мүмкін. Тіпті жасы сіздің жасыңыздан үлкен не кіші болуы да мүмкін. Сосын виртуалдағы достарыма көп ренжим, әдейі емес. олардың аңдамай сөйлегендері жазғандары ауыр тиеді. Себебі хат алмасып отырған досым оны қандай мағынада айтып отырғаны беймәлім. Батырсымақтар көп, өте көп!
Zhassiko
Әй, Қыражан?
Почему жоқ сенің мазаң?
Өкпең бар ма, айтшы маған!
Кім ренжітті сені,
Кімге сен қара қазан??
qyrmyzy
AKA
Дірілдеп кетіпсіз ғҰә, жинасаңызшы мыналардың бәрін.
didi0393
пләтөшкі берейін баааа? )))
qyrmyzy
эхх, кездер-ай… биш
didi0393
ққызық. басе маған не боп жүр десем, оказывается сайттың әсері екенғоуу. қызбалыққа салынып, троллдеп, критиковать етуді любить етіп кетіппін шееее))) былай негізі прикол шуткамен әзілдеп жазған комменттер болмаса бәрі норма!орысша міңгірлейді осы ДИДИ дегендерге айтарым үй ішім орысша білім алған, так шо бұлай жазу менің қайталанбас стилім боп қала береді :)))))))))))))
zhurttyn_balasy
Жаңаөзендегі бар жоғы бес-алты орыс жанұясының өзі таза қазақша сөйлейді екен.
didi0393
негөвөрите :)))димда
zhurttyn_balasy
Қайталанбас стильіңіз сары шашты қыздардыкіндей әсер қалдырады екен.
AKA
Красавчик!
didi0393
нуууууу өкінішке орай мен брюнетка едім, браққққ сары шашты блондинка жазып отыр деп елестете берініз ))) бәріне көнемізгой
zhurttyn_balasy
Менің басымдағы бөрігімнің жүні де сары жүнді блондинка.
didi0393
не дим, құттее болсээээн! тек краска алып қайтадан боятпасан өңінді ашпай тұр да, бояуы кеткапты да)))))))))))))))))))))))
zhurttyn_balasy
Көксирегім танымай қалып, қауып алып жүрер
didi0393
уат зе проблем? уйге кірерде бөрігінді шешіп кір)))
Karakulov
Қызылордаға келіп кетші))
Zhassiko
хехе, онда мен сіздің Пәдрүшкіңіз болайэн..))
didi0393
если вы насчет покритиковать то давайте))))
Korkem
Ох, білдіртпей болса да аттың басы маған кеп тіреліп тұрғандай екен. Жасырмаймын, виртуалды болса да мен намысымды ешкімге таптатқым келмейді. Реалда ештеңе емес, айтылар, ұмытылар. Жазылып, өшпей қалар виртуалда АКА секілді үндемей қалу мен үшін мүмкін емес! Мүмкін болса да, мен оны қаламас ем…
Ak123
мен үшін де)))
Kan
Иа келісем ғаламтордың батырларынан менде қорқайын дедім. Таласа ит қапқандай,ұрса құлап жатқандай күй кешесің. Сын айтам деп сыр айтып кететіндер де бар, пікір жазам деп шоқу, кемсітіп жазатындарда кездеседі. Оларға не дейміз Алла кешірсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.