"Білмеймін" ...

Ақ парақтағы ойлар /
Мен де білмеймін…

Жазбаны оқымас бұрын мына жерге... бас сұғып кетулеріңізді сұраймын. Әйтпесе, жазбаны түсінбейсіз.

«Білмеймін»
«Білмеймін», бұл кезекті жазбаны бірлесіп дайындау барысында мен қойған сұрақтарға берген Баханың сүйікті жауабы.
«Білмеймін».
«Білмеймін».
Жазбаны бітірген соң біз шәй ішеміз немесе ас үйде отырып алып бір тәрелке палау жеп аламыз, компьютер ойнаймыз немесе аулада қыдырамыз.
Уақыт өтіп жатты, ал мен үйге оралған соң барлық жауаптардың басын қосып, біріктіруге тырыстым.
Қазір «Білмеймін» деген сөз мен үшін де қалыпты жауапқа айналып кетті… ©

Білмеймін… білмедім… оларды көргенде өзімді қалай ұстау керек екенін білмедім. Негізі, жәй көрме болады деп ойлағам. Әйтпесе өзімді психологиялық тұрғыдан дайындап барар едім… білмедім… Жұмыстан сұранып шығып, кешігіп қалмайын деп асығып бардым. Кірген бойда төрт мүгедектер арбасындағы қыздарды көріп, басқаша жағдайға тап болдым. Ондай сезімді тіпті басымнан өткермеппін…
Білмедім… оларға жақындап не айтатынымды, өзімді қалай ұстайтынымды, қандай әңгіме айту керек екенімді білмедім. Аяу керек пе, қалыпты адам ретінде қарау керек пе, жанашырлық таныту керек пе, мән бермеу керек пе… білмедім…



Біраз уақыттан соң, Баха келді.Анығын айтсам, Баханы әкелді. Тек блогтан ғана танитын Баха келді. Біраз сыртынан бақыладым да, Зевскоға қасына барайық дедім. Алғашында суретке түсірдік. Зевс түсті Бахамен. Ал мен не түсерімді, не түспесімді білмей, абдырап қалдым...қобалжыдым. Түспедім. Түскім келді, бірақ қалай, қайтіп түсетінімді білмедім.



Баханың әжесімен таныстық. Жақында немересі 19ға толатынын айтты. Баханың бар айтқаны «приходите ко мне» болды. Сол сөзді естігенде тіпті өзімді қоярға жер таппай қалдым.

Мұнда Баханың өмірі комикстермен берілген. Онда француз суретшісі НИКОЛЯ Журну Баханың өмірін, отбасы, айналасындағы адамдарды суреттей отырып, мүгедектердің де қызығушылығы, армандары болатынын, сау адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқтығын көрсетуге тырысады. Суперқалыпты Баха ми сал ауруына шалдыққан. Бұл жайлы оның бұрынғы емдеуші дәрігері былай дейді: «Бахада спастикогиперкинетикалық форма. Бұлшық еттерінің жоғары тонусына байланысты қол-аяғы жөнді қозғалмайды. Қол-аяқ қимылсыз бір жағдайда ұзақ уақыт болса, буындар қатайып, қайта орнына келмейтін болып қалады. Контрактура қалыптасады. Егер тонус жоғары болса, бала қол-аяғын жөні жаза алмайды. Нәтижесінде бұлшық ет тартылып, сүйек өспей қалады, сондықтан қол-аяқ өспей қалуы мүмкін. Сонымен қатар, Баханың бойында гиперкинез байқалуда, бұл қол-аяқты сыртқа тартады, қолының қазіргі жағдайы осымен түсіндіріледі. Гиперкинез баланың ерік-қалауына байланысты емес »....( Mesqueunblog.kz жинағынан алынды)

Баха да біразымыз сияқты Барсафан. Біз клавта қолымызды жүгіртіп, саусақтарымызбен пернетақтаны тарс-тұрс ұрсақ, Баха аяғымен, башпайларымен клавты ұрғылайды.



Біз күні бойы комптың қасында неше түрлі қызықтары іздеп, көшеге шығуға уақыт таппаймыз. Ал Баха көшедегі қызықтарды терезеден ғана тамашалап, амалсыздан инетте отырады.
«Киноға баруды жақсы көретін тағы бір себебім, залда жарық сөнген кезде бәріміз бірдейміз. Бәрі ортақ бір фильм көреді....» ©

Үйге келіп, шәй ішіп отырып, кітапты ақтарып шықтым. Шындығында, Баха біз сияқты қалыпты адам екен. Кемшілігі – арбаға таңылғандығы. Ол да біз сияқты адамдармен амандасады, сөйлеседі, ойлайды, сен жайлы ойлайды, сәбізді жек көреді, Мессиді жақсы көреді, реалфандарды түсінбейді, барсафан, киноға барғанды ұнатады, қарындасы, жанұясы, әжесі, туыстары бар. Баха да бәріміз сияқты инетте отырады, футбол ойнайды (әрине компта).

P.S:Құрметті айтаберліктер, алда Бақытжанның туған күні келе жатыр. Зевско екеуміз сіздермен жиналып, Бақытжанның туған күніне баруды жоспарладық. Бұл тақырып алдағы кездесулерде жалғасын табады

45 пікір

VVVWWW
Жіләдім, мен де ештеңе білмес едім, не айтуды, не істеу керек екенін
(Қырмызы, роботтар да трансформацияланады, кейде)
qyrmyzy
Роботтарда сезім жоқ екенін Алматыға келіп дәлелдеп кеткенсің. Бір комментпен ақтала алмайсың!
Ademi
Сүп-сүйкімді жігіт екен
AKA
Аллаһ күш-қуат пен сабыр берсін Бақытжан мен отбасына, қиын… Ал, туған күніне бару идеясы жақсы, өте жақсы, іске асса екен инш!
khairbek
Жазбаны оқымас бұрын өзін айтпақшы мына жерге бас сұғып кеттым БІРАҚ палибому туснген жокпын ще?
Daniar_alan
так Қырмызы былай ету керек. туган куны кашан екенін аныкта. сосын сен карточканнын номерын ляктыр. мундагылар тенге салсын. айтаберліктер атынан сыйымыз деп бірнәрсе алып алып барыңдар. теңгені әркім мүмкіншілігіне қарай 200-500 тг. болса да сала берсін. көп түкірсе көл. торт апаруды ұмытпаңдар. сосын сол жақтан фоторепортаж және былай да. и пост қылып шығарыңдар. былайша айтқанда акция болсын.
qyrmyzy
Жақсы. Керемет ұсыныс! Егер қолдаушылар шығып жатса, ай сайын бір Бақытжан секілді балаларға барып тұрайық. Ай сайын 500 тг қайырымдылыққа бере алатын шығармыз???
Daniar_alan
тамаша болады… егер ұйымдастырушы болса мен қатысар ем…
qyrmyzy
ұйымдастыруды мойныма алып көрейін, қолымнан келсе, жалғастырамын
Daniar_alan
міне еркек!!! (әрине нандай мағынадағы :))
mairosh
керемет қырмызы)) Ошем АРБ
Korkem
Дониге де АРБ )))
mairosh
ДОНИ аға мен қырмызыға АРБ керемет ұсыныс болды мынау. ЕНді Бұл ұсынысқа қосылатындар табылса нұр үстіне нұр болар еді ))
Daniar_alan
Мессиді жақсы көреді, реалфандарды

сыйлық футболға қатысты болу керек… бірақ доп емес. онымен ол ойнай алмайды. көңіліне келіп қалуы мүмкін… басқа бір нәрсе… білмим, мүмкін «Фифа» ойынының жаңа соңғы, лицензиялы версиясы… мүмкін, жақсы көретін командасының шарфы, футболкасы…
Korkem
қосыламын, жақсы ұсыныс. Мені тізімнің ең басына жазып қойыңдар.
qyrmyzy
Мессидің аты жазылған футболка? Астына Бақытжан деп жазамыз?
Daniar_alan
алдында Мессидің суреті бар футболка. артында Мессидің номері (әр футболшының өз номерлері бар) және Бақытжан деген жазу. тамаша кетед менің ойымша. және аса қымбат болмайды.
qyrmyzy
Футболкасы Атакентте 3500 тұрады, ал Променадта футболкаға жазу 2000-2500 төңірегінде.
Daniar_alan
туған күні қашан?
qyrmyzy
Ертең әжесімен сөйлесейін. Айтып еді, ұмытып қалдым
Daniar_alan
жатып қалдыңдар ма не? 11 жарымда ұйқтай ма адам :)))
былай қылайық.
Қырмызы мәселе қылып көтеріп ертең бөлек пост жаз. әйтпесе пікір арасында қалып кетеді.
әр қаладан жауаптылар болсын. мысалы шымкенттен Көркем. Ұмытпасам Қырмызы алматыдасың ғой. яғни сен жауаптысың. әр адам жеке жеке теңге салғанша жауаптылар жинап алып бірден сала салсын. Егер туған күні 23-нен кейін болса онда Көркем барлығына хабарласып айтып қой, сол күні жиналған кездеріңде алып келсін беретіндерін. сол жерден жинап алып ертеңіне сала саласың. Қырмызы пост астына реквизиттерді көрсетуді ұмытпа. мүмкін мысалы Оралдан 1-ақ адам болуы мүмкін. солар жеке сала береді.
сосын, подаркіге қатысты. Қырмызы именной открытка жасатып ал. астына «Айтабердің» логосы болсын.
пока осы.
Daniar_alan
неғылса басқа да блогтарға: керекинфо, казжур, теріскей т.б. да пост жазыңдар. мүмкін қосылып қалар.
qyrmyzy
Екі қыздың әкесі отырғанда бізге қайдағы ұйқы?
Жақсы, ертең анықтап алып, пост жазайын. Рахмет, АРБ!
Иә, Алматыдамын. Туған күні қазан не қарашада:)
Открытканы фотошопта ойнайтындар жасаса… Почтаға салса, шығарып аламын.
Daniar_alan
тақырыпты түсінікті қылып жаз посттың. мысалы мынанікі «білмеймін» түсініксіз. ананы бір көргеннен не мәселе екенін білуі шарт адамдар. мысалы: Акция: Бақытжанға сыйлық — деген сияқты.
Daniar_alan
сосын… дат одмин!!!
егер осы игі тірлікке бөлек қауымдастық ашылса дұрыс болар еді. барлық осындай шаралар сонда жинақталатын…
Daniar_alan
қазан не қараша болса онда тіпті жақсы. үлгереміз.
Daniar_alan
қаржы жинау мәселесі соңғы 5 күн қалғанша жалғасу қажет. 5-күнде сосын подаркі алып нау-мынау үлгеруге.
qyrmyzy
ық ық, жақсы, жарайды. Енді терең дем алып жіберіңізші. АРБ!
mairosh
мына ұсынысқа менде қосыламын. Әркімнің қалтасы көтергенше салсын))
kema
kettik onda))) Allah razylygy ushin))) men za)))) Jiber kartishkennin nomirin)))
khairbek
ық ық дегенді түсіне алмадым
bambad
qyrmyzy , білмеймін деп отырып, адамның жүрегін бір жібіттің ғой! Соңғы рет мұндай сезімде қашан болғаным есімде жоқ. Осындай кеміс жандарды көріп, өзімнің сау жүргеніме Аллаһқа шүкір деймін. Меніңде туған 1993 жылғы туған бөлемде осындай кеміс жан. Ұйымдастыратын акцияларыңыздың мүшесіне меніде қосыңыз. Жәнеде туылған күніне бірге баруға дайынмын.
zhomart
Қырмызы мені ұмытып кетпе, қосып қоюды
Zhanat
Қырмызы мында айтылған идеялар не болып жатыр? туған күн қашан
Daniar_alan
туған күні сәл кештеу екен… ноябрьде жанылыспасам. келесі айдың ортасынан бастаймыз. ерте неғып қойыппыз :)
qyrmyzy
Жалғасын оқыңыздар:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.