Алматымен қоса жабығу ма бұл?.......

Ақ парақтағы ойлар /
Алматы бүгін ерекше мұңмен жылап жатыр. Бәлкім қазақ жерінің бір қиырында тамаша адамын қара жердің қойнына қимай жатқаны болар…
Мен жатақхананың жетінші қабатында тұрам… сәл жабықсам балконға шығып ботаникалық бақтағы ағаштарға қарап өмірдің осындай сұлулық тұрғанда мәнсіз еместігін өзіме қинап сендіргендей боламын… бүгін де солай… жетінші қабаттан төмен қарадым… Тамшылардың мұншалықты аянышты халдерін бұрын қалай ұғынбағам… Әр тамшы көзіме адам болып елестеп кетті жерге құлап бара жатқан. Өмірімде үнемі жаңбыр жауса екен деп тамшыны сондай сүйетін жан, бірінші рет сол тамшыларды жерге қимадым. Құтқарғым келіп қолыммен қармадым, ол болмағасын басымды барынша шығарып сәл болса да биігірек тұрмын ғой, қатты жерге барып қайрылғанша, менің жүзіме сіңсін дедім. Неге осы тамшылар жерге ғашық деп ойламадым екен?..
Алматының көз жасы сарқылды-ау… Тамшылар да құлауын тоқтатты. Мына дала дым болмағандай, сансыз тамшының тағдырын тұмшалап жатқанын қараш… Бірақ ауасы сондай тамаша… Бәрібір сүйем бұл ҚАЛАНЫ…

16 пікір

VVVWWW
Ақ жауын мен сол тамшылар,
Көк пен жердің арасын жалғап тынар!
pana
бір нәрсені қалай түрлі көруге болады я…
Jako
Мүмкін Табиғат Ана жайдары жазды қимай жылап жатқан болар…
ereke_enu
эхххх… Алматы… интернатым… сағындымммм… Күздігүні аллеялар алтын түске боялып жатушы еді ғой
qyrmyzy
қай интернат?
ereke_enu
физмат школа ғой, КазГу жақта, Бұхар жырау 36. 472478 — телефоны, әлі есімде екен)
zhomart
жылап жатқан көздің жасы деп те елестетесің
pana
Vostok delo tonkoe) songy koktem degen jyly eken)
VVVWWW
Әрине әр нәрсенә әр түрлі көруге болады, сосын әр жазбаны әр қалай түсінуге болады екен
Мысалы маған мына жазба мен үшін өте күлкілі болып көрінді
Жалпы поэтикада жерді әйел адам ретінде бейнелесе, ал көкті ер адам ретінде, жауын арасындағы байланыс (махаббат)
Мен солай түсініп күлкіден өлдім мына жазбаға
sezim_seli
Әрине, әр түйсік бар. соған қарап сіздің өреңіздің биігін де анықтауға болады. Бірақ мен бұны күлкі үшін жазған жоқ едім…
qyrmyzy
датауо олай ойлай алмайды екем…
Delfina
Ақтөбеде бүгін ерекше мұңмен жылап жатыр.
ereke_enu
Ақтөбеее…
Delfina
не болдыыыыы?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.