Алматымен қоса жабығу ма бұл?.......
Алматы бүгін ерекше мұңмен жылап жатыр. Бәлкім қазақ жерінің бір қиырында тамаша адамын қара жердің қойнына қимай жатқаны болар…
Мен жатақхананың жетінші қабатында тұрам… сәл жабықсам балконға шығып ботаникалық бақтағы ағаштарға қарап өмірдің осындай сұлулық тұрғанда мәнсіз еместігін өзіме қинап сендіргендей боламын… бүгін де солай… жетінші қабаттан төмен қарадым… Тамшылардың мұншалықты аянышты халдерін бұрын қалай ұғынбағам… Әр тамшы көзіме адам болып елестеп кетті жерге құлап бара жатқан. Өмірімде үнемі жаңбыр жауса екен деп тамшыны сондай сүйетін жан, бірінші рет сол тамшыларды жерге қимадым. Құтқарғым келіп қолыммен қармадым, ол болмағасын басымды барынша шығарып сәл болса да биігірек тұрмын ғой, қатты жерге барып қайрылғанша, менің жүзіме сіңсін дедім. Неге осы тамшылар жерге ғашық деп ойламадым екен?..
Алматының көз жасы сарқылды-ау… Тамшылар да құлауын тоқтатты. Мына дала дым болмағандай, сансыз тамшының тағдырын тұмшалап жатқанын қараш… Бірақ ауасы сондай тамаша… Бәрібір сүйем бұл ҚАЛАНЫ…

16 пікір
Көк пен жердің арасын жалғап тынар!
Мысалы маған мына жазба мен үшін өте күлкілі болып көрінді
Жалпы поэтикада жерді әйел адам ретінде бейнелесе, ал көкті ер адам ретінде, жауын арасындағы байланыс (махаббат)
Мен солай түсініп күлкіден өлдім мына жазбаға