Қазақстан және Ғарыш

Әлемге саяхат /

Ассалаумағалейкум Айтаберліктер мен оның қонақтары!!!!

Сіздердің назарларыңызға ұсынайын дегенім, Қазақстанның бүгіні мен ертеңгі болашағындағы ғарыш саласы болмақ.

Қазіргі заманда Қазақстан алпаут елдермен санаса алатын, терезесі тең дәрежелі елдер санатына кіре бастады. Осыған лайық тәуелсіз еліміз, кез-келген дамыған елдер сияқты, өзінінің ғарыштық бағдарламасы болу керек.

Ғарыштық бағдарламаның бізге қандай пайдасы бар? Оған төмендегідей жауап беріп көрелік:
  1. Ғарыштық бағдарламалар біздің күнделікті қолданыста жүрген байланыс саласының сапасын арттырып, тарифтік салада халыққа ыңғайлы бағада ұсыныс беруі;
  2. Жаңа ғылыми белестерді меңгеру;
  3. Жастарды ғылымға тарту;
  4. Қазақстанның әлемдік ғарыштық алпауыттар арасына ену;


Әрине еліміздің қамын ойлап, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген басшыларымыз қарап отырған жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық Ғарыш агенттігі құрылып, оның қарамағына көптеген компаниялар бар десек дәл айтқанымыз. «ҚазҒарыш» агенттігінің болжамы бойынша 2017 жылы Қазақстан өзнің ғарыштық аппараттарын шығарып, 2020 жылға қарай ғарыштық аппараттарды өндіру мен жобалау және зымыранды техникаларды жіберу технологиясын меңгереді деп есептеуде.

Ал енді елімізде қанадай ғарыштық бағдарламар орындалып жүр? Айта кетер болсақ, алпауыт жобалар тізбегі төмендегідей:


1) Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру
Бұл кешеннің негізгі мақсаты – ғарыш аппараттарын жобалаудың және өндірудің өзекті мәселелерін шешуге қабілетті қазіргі заманға сай жоғары технологиялық кәсіпорын құру.

БК өндірістік бөлімшелер құрамына мыналар кіреді:

— ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау жөніндегі тұйық циклді қамтамасыз ететін құрастыру-сынау кешені;
— барлық жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін конструкторлық бюросы;
— ғарыш аппараттарының жекелеген құрасдауыштарын жасау үшін өндірістік учаскелер.

Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Ғарыш аппараттарын өндіру саласындаєы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту және нығайту;
  • Отандық ғылыми-техникалық, өндірістік әлеуетті дамыту, еліміздегі ғылыми-технологиялық және білім беру деңгейінің жалпы өркендеуі;
  • Қазіргі ғарыш технологияларының трансфертін;
  • Түрлі халықаралық жобалар мен кооперацияларға қатысу арқылы әлемдік ғарыш бірлестігіне ықпалдасу.




Жоба Астана қаласында іске асырылып жатыр

2) Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының тұтынушылары сапалы координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерді кепілді алу үшін жағдайлар қалыптастыру

«Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесін» қолданудың негізгі салалары:


  • ғаламдық жалпылама ауарайы навигациясы;
  • көлік ағымдарын басқару;
  • маршруттарды, жерүсті басқару жүйелерін оңтайландыру;
  • жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • картаға анық түсіру және геодезия;
  • жерге орналастыру және кадастр;
  • құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • іздеу-құтқару жұмыстарына уақытты төмендету;
  • ауыл шаруашылығы;
  • ұлттық қауіпсіздік;
  • және басқа.



Жоба Астана және Алматы қалаларында іске асырылып жатыр

3) Ең үлкен жобалардың бірі «Байтерек» — космостық зымыран ұшыру кешені
Қазақстанның жыл сайын орта есеппен түрлі кластағы 20 ракета-тасушы ұшырылатын әлемдегі ең ірі және технологиялық қуатты «Байқоңыр» ғарыш алаңы бар. Әлемде бірде-бір ғарыш алаңы бүгінде мұндай белсенділік қарқынмен теңесе алмай отыр. Және-де бүгінгі таңда Қазақстан алдында ресейлік серіктестермен бірлесе отырып ұлттық ғарыштық ракеталық кешен құру және «Байқоңыр» ғарыш алаңының мүмкіндіктерін әрі қарай Қазақстан мен Ресейдің ғарыштық бағдарламалары мүддесіне пайдалану жөніндегі стратегиялық міндеті тұр.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен РФ Президенті В. В. Путиннің 2004 жылғы бастамасының арқасында, бұл маңызды міндет «Бәйтерек» ғарыштық ракеталық кешенін құру бойынша Ресеймен бірлескен жобасынан өз жоспарлы шешімін тапты.

«Байтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ осыған аттас жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысының бас операторы болып табылады, оны құруға «М. В. Хруничев ат. МҒҒӨО» ФМБК ресейдің жетекші ғарыштық кәсіпорыны және бірнеше қазақстандық өндірістік компаниялар ат салысты.
«Бәйтерек» БК, АҚ миссиясы қазақстандық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру, ғарышқа тәуелсіз қолжетімдік алу, ұлттық ғарыш саласының негіздерін қалыптастыру және отандық білікті инженерлік-техникалық кадрлар дайындау үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатын «БӘЙТЕРЕК» ҒРК жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысын және оны әрі қарай пайдалануды үйлестіру болып табылады.



Жоба Байқоңыр қаласында іске асырылып жатыр

Әзірге осы үш жобаны жаздым. Ал қалған басқа да жобаларды келешекте толығымен жаза түсуге тырысам.

Пы/Сы: Мәләметтер әр түрлі сайыттардан алынды. Бірақ түпкілікті ой өзімдікі))))

27 пікір

qyrmyzy
сындым… мына жазбаға
ZevsKO
Kema! жазбан жаксы екен! көтерілмей жүрген проблемаларға жазба арнағаныңа қуаныштымын! жарайсың
qyrmyzy
қанша уақытың кетті???
pari
иомауиооооооо ананы қырт*сыртн мәне бермей жазғаныңыз үшін,+
kema
Brat pikirinizdi tusine almai otkanym, durystap kaita jazsanyz bola ma?
pari
тамаша қырт-сыртына деймін ерінбей жазғаныңыз үшін рахмет +1))))
kema
kyrtyn syrtyn keleshekte menin tauyp jeitin nanym goi)))))))))
ZevsKO
суретт темский
followme_alik
Ұнады, Кема. Ұнады.… Мақсатың айқын, ақылың ба-а-а-ар… арманың іске асатынына күмәнім жоқ. Жақсы пост.
Togzhan
Жастарды ғылымға тарту

мынау пункт ерекше ұнады!) +1)
Дурыс Жазғасын қанын ағызып түрып осылай жазу керек! Әр нәрсені шимайламай!
kema
rahmet. Kokeidi tesip jurgen post edi, aiteuir degende jazyp saldym go)))))
Arhun
Сізден мысал алуға болады екен, пост жазу үлгісінен
kema
Arhun, men ulgi kyp koidyn goi))) Rahmet mynda «uialyp turgas smilik»
Бауырым сенін жазғанын маған өте керемет көмк идея тудырды ертенгі конфернцияға!!!
kema
Kandai da bir idea nemese oi saluga septigim tyip jatsa men razymyn goi)))))
AL-ASTER


Сцуккккк. Не ғой, Байқоңырды жарты ғасырға арендаға берівстаған жоқ па, ол арендаға төлейтін қаржының жылдық төлемін, еріккен саяхатшы бірнеше ғарешкердің сапарынан алып бере салатын ғана сомасымен тең. Экология туралы әңгіме де жоқ.

Астана мен Алматыдан басқарылад дит, лібатің маңызды іске асырылатын космодромы Ресейлітерге тиесілі, жер туралы очм әңгіме қозғалмайд.

Проекттерге қаржы төгілед, ол проекттер аянышты күйде қалып қояд, ебін тауып қалтаға басқандар қашып пысып шет ел асып жоқ болад. )))

Осындай жағдай болатынын біліп тұрып, няғып қана үлкен жобаларға қол қойылад, тіпті кішкентай мықты жобаларды іске асыра алмай отырып.
qyrmyzy
епті, «розовый» көзілдірік тағып алшы
kema
Bauyrym ali jassyn goi)))) negizi Baikonyrdy jarty gaysyrga bergenimiz ras. Eger bermsek ony osy kuni mengere de almas edik. Khuny az desin, arine Reseilikterge de bul garyw ailagy asa tyimdi emes, sebebi dal bugingi kunnin ozinde ozinin garwy ailaktary bar jane de Baikonyrga dein zymyran tasygywty jetkizgenwe de sonwalyk ulken somadagy karjy ketedi. Jane tagy aita ketetin Baiterek jiberu punkti de salynyp jatyr. Yagny bul jerden garywka ekologia kop aser bermeitin zymyran tasygywtar uwyrylady.

Proekter demekwi, men tek enulken 3 jobany gana jazdym. Belid jobalar, keleweginen ulken umit kuttiretin jobalar. Biz bugingimen gana omir surmei kelewekti de boljai biluimiz kerek koi.

Karjy demekiw, pende bolgan jerde ne bolmaidy deisin, bes sausak birdei emes koi.

Kiwkentai jobalar, nege den koiylmaidy eken, arine ote kop ister atkarylyp jatyr. Tek ony elge jaria kyla bermeid go. Mysalga otke jyly gana Ukrainaga halyk aralyk Adam jane Garysh atty konferenciaga Kazakhstannan azamattar kelip ozinin jobalary jaily bolisip ketti. Dal sol konferenciagda ozim katyskan bolatymyn. Siz oilmanyz jobalar jok eken dep.

Al minus jagyn keler bolsak, elimizde sapaly kadyrlar men bilikti mamandar jetkiliksiz.

Men sizdin suragynyzga jauap berdim degen umittemin
AL-ASTER
Rakhmet jauapqa, Kema. Aldagi uaqytta osy suaqty qyzyqty posttar kobeye bersin degennen basqa aytar jaq.
mairosh
Жақсы пост екен. )))) +
qyrmyzy
енді Кема ғой, Кема!Қадіріне жетпей жатырсың
mairosh
қойсай)))) ))))маған жақтассай оданда))))
kema
Rahmet mairosh hanym))))
Jaqsy oy'...Mag'an wnady…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.