Тарихтағы 8 ерекше вундеркинд

Әлемге саяхат /
Әлемге саяхат: 56
8. Акрит Йасуал (Akrit Jaswal)
Бұл үнді баласы әлемдегі ең жас дәрігер атанған. Бес жасында ол анатомияны жақсы біліп, Шекспирді оқыған, жеті жасында өзінің алғашқы хирургиялық операциясын жасаған.Жағдай былай болған: жергілікті аурухананың дәрігерлері жас баланың осы салаға қызығатынын біліп, операцияларды бақылап көруге рұқсат еткен. Осы арқылы Акрит хирургияны жетік меңгеріп, профессорларға өз білімін де дәлелдеген. Ол жеті жасқа келгенде бір кедей отбасы қызын емдетуге ауруханаға қаржы төлей алмағандықтан Акриттен көмек сұраған. Бірақ, операция сәтті өткен. Қазіргі таңда Акрит медицина университетінің ең жас студенті. Қатерлі ісіктен қорғайтын дәрі іздестіру үстінде.
Қазіргі таңда жас Акрит медицина университетінің ең жас студенті. Қатерлі ісіктен қорғайтын дәрі іздестіру үстінде.
Әлемге саяхат: акрит
7. Пабло Пикассо (Pablo Picasso)
Пабло сөйлеуден бұрын сурет салуды бастаған екен. Ол ең алғаш әкесінен ымдап қылқалам сұрап, сурет салуға машықтанған.
12 жасында кез келген бейнені шынайы түрде салып бере алған. Өнер мектебіне қабылдау сынағын бір-ақ күнде тапсырған, ал өзгелер болса, бұл үшін айлап жүретін көрінеді. 16 жасында алғашқы көрмесі өтсе, 20 жасында әлем таныған.
Әлемге саяхат: пикассо
6. Говард Филлипс Лавкрафт (Howard Phillips Lovecraft)
Мистикалық әдебиеттегі танымал тұлға. Екі жасында оқып, алты жасында салмақты әрі қиын өлеңдер жаза бастаған. Өте аурушаң бала жас кезінен баршаны қорқытатын образдар ойлап табумен айналысқан.
Қорқынышты бейнелерді ол өзінің түсінен алған. Оған үнемі қорқынышты түстер көрінетін болған. Бұл бір жағынан оның отбасы жағдайына да тікелей байланысты.
Әлемге саяхат: лаф
5. Вольфганг Амадей Моцарт (Wolfgang Theophilus Mozart)
Моцарт тек қана әлемдік композитор ғана емес, әлем тарихындағы ең танымал вундеркинд.
Төрт жасында фортепианода ойнаған, ал бес жасында өзінің алғашқы музыкалық пьесаларын жаза бастаған. Сегіз жасында өзінің алғашқы симфониясын жазып бітірген.
Әлемге саяхат: моц
4. Окита Содзи (Okita Soji)
Бұл жапониялық вундеркинд өзгелерден интеллектуалдық қабілеті жағынан асып тұрмаса да, оны ешкім жеңе алмаған.
Тоғыз жасында соғыс қылыштарын жетік меңгерген. 12 жасында ең танымал шеберді жеңген. 18 жасында ресми түрде соғыс өнерінің шебері ретінде мойындалған.
Әлемге саяхат: сози
3. Ким Унг Йонг (Kim Ung-yong)
Гиннес рекордтар кітабына сенсек, кореялық Ким Унг Йонг әліге дейін әлемдегі IQ — 210 пункті құрайтын жалғыз ақылды адам саналады. Үш жасында университеттің физика факультетінің студенті атанған, алты жасында өте жақсы бітірген. Жеті жасында АҚШтың НАСА ұйымына жұмысқа шақырылған. Он бес жасында докторлық атағы мен көптеген жетістіктері болған.
Әлемге саяхат: ионг
2. Грегори Смит (Gregory Smyth)
Грегори Смит 1990 АҚШ-та туған және 2 жасында оқи білген, 10 жасында университетте оқуын бастаған. Ол саясат жағынан өте мықты болған. Ең алғаш жеткіншектер арасында «Әлемдегі барлық балалармен түсіністікке қол жеткізу туралы» қозғалысты дүниеге әкелген. Оның танымалдылығы сонша, төрт рет Нобель сыйлығына ұсынылған.
Әлемге саяхат: смит
1. Уильям Джеймс Сайдис (William James Sidis)
Ал, Уильяма Сайдис болса әлемдегі ең ақылды адам, оның IQ деңгейі 250-300 пункт арасын құраған. Салыстырып көріңіз: егер сіздің интеллектіңіз 136 пунктке тең болса онда сіз ғалымсыз. Ал, қарапайым адамдыкы 85 тен 115 аралығында болады.
1898 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Жарты жылында оқуды білген, сегіз жасында төрт кітап жазып, жеті шетел тілін білген, олар: латын, грек, орыс, иврит, француз, неміс. Жетіншісі Vendergood тілі, оны жас бала грек, латын және заманауи роман-герман тобын араластыра отырып шығарған. Он бір жасында Гарвардқа түсіп, жиырма жасқа жетпей профессор атанған.
Әлемге саяхат: сидис

22 пікір

korwinin_kyzy
әлемдегі ең ақылды адам
1. Есінізде болсын адамның ақылын АЙКЮмен өлшемейді.
2. АЙКЮі 500-600 болсада ақымақ болуы ғажап емес
3. Ақылды адам деген ақиқаттын алдында оправдания іздемей, ақиқатты мойындаған адам мейлі ода мектептік білім жоқ болсада
4. Ақыл деген сөз тым женілдеп кетекен секілді
5. Бәлкім мен ащибаюсь Таразыланыздар
KUANYSHBEK
Осы білгіш әйтеуір, тырнақ астынан кір іздейді де отырады
korwinin_kyzy
)))) жақсы айттын, тырнақтын астынан кірді алмасан САНЕПЕДИСТАНЦИЯ келетте донер сататын дүнгершегінді жауып тастайт
kazakh_kyzy
Сіздің ойыңызша сол ақиқат іздеген тұлғаларды қалай, қандай ерекшеліктері арқылы анықтай аламыз?!
korwinin_kyzy
мен тек айтқаным АҚЫЛДЫ адам деп айтапағын, басқаша бірдеме ойлап табын дедым
korwinin_kyzy
АЙКЮ деген адамның интелектуалдық қабілетін білдіреді, ал сіз ең ақылды адам деп жазып қойыпсызго)))) шындықтың көзіне тіке қарау керекко!
СІЗ АЙТЫП ОТҚАН ЕҢ АҚЫЛДЫ АДАМ, ЕҢ АҚЫМАҚ АДАМ БОЛЫП ШЫҒУЫ ӘЖАП ЕМЕС!!
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Мен Көршінің үйіндегі қызды қолдаймын. Әсіресе " Ақылды адам деген ақиқаттын алдында оправдания іздемей, ақиқатты мойындаған адам мейлі ода мектептік білім жоқ болсада"-деген сөзін.
yesbolat83
Тарихтағы № 1 -ші ерекше ақылды жан ол — korwinin_kyzy .
Ду қол шапалақ, ағайындар!
korwinin_kyzy
((((((((( мен олай демедім тате
yesbolat83
Білем олай демегеніңді. Мен олай дедім.
korwinin_kyzy
Келесіде олай демеуге тырыс жарайма?
yesbolat83
Жәрәйт.
AKA
Бір-бірлеріңізді жақсы түсінеді екенсіздер, прәм
KUANYSHBEK
Бұлардың арасын біздің бала Жамбылды қосып қою керек!
kazakh_kyzy
Жамбылға әлі ертерек секілді… Онан бұрын да қазақта талай таңғажайып балалар дүниеге келген. Алдымен, сол тарихқа айналған тұлғаларымызды танытып алайық…
korwinin_kyzy
Бұларда ондай жоккко Шетел болып кеткен шеттерінен
ZevsKO
6. Говард Филлипс Лавкрафт (Howard Phillips Lovecraft)
Мынау кііім?? Қалғандарының аттарын бір рет болса да естігенмін. Ал мынаны түсінбедім? Не істеген?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.