Қанша ақша керек?
Ақша берейін деп жатқам жоқ)) Байқасам, көпшілікке ақша керек екен. Маған да. Нақты қанша керек екені белгісіз. Әйтеуір, көөөп керек. Мына бір постты оқып отырып, "Шынымен, қанша ақшам болса жеткілікті болар еді?" деген сұрақ туып кетті. Әлде өмір бақи «ақша керек, ақша керек» деп соның соңынан еріп кетеді ме екенбіз?! Негізі, ойлануға тұрарлық тақырып.
Ақша оңай келмейді ғой «простой смертныйларға». Табады, жинайды, көбейтеді, одан қалса «біреу тартып алмаса, артым ашылып қалмаса екен» деп қорқып жүреді. Бір кештерде көңіл көтеріп қалмасакөзбояу, былай күндері көз ісіп кеткен, уайымшыл, ештеңеге уақыт жоқ. Жұмыс ауыр, шаршап жүреді. Ай сайынғы кредитті айтшиш — естен кетпес. Міне, мен көрген ауқатты кісілердің сұрқы осындай. Бір жүзі жайнап, тапқанынан ләззат алып жүргендерін көрмедім. Ондайлар жоқ демеймін, бірақ, меніңше көпшілік ақша табам деп жүріп одан да құнды нәрселерден айырылып қалатын секілді.
Бір жылдары, ол кезде өте жаспын, бір психологиялық тренигке түсіп қалған жайым болып еді. Қатысушылар негізінен бір қаланың бизнес мендері мен уамендері еді. Араларында жүргеніме мәзбін, бизнесмен болуды қатты армандаушы едім ғо. Оларға қояр сұрағым таусылмайды. Бәріне Б.Шефердің кітабі кінәлі))) Бірақ, сол «кумирлерімнің» жеке басының мәселелерін естігенде… Қателеспесем, 100 пайызында дерлік жақындарымен қарым-қатынаста мықты конфликт бар. Тағы басқа комплекс, анау-мынау. Отбасында берекет, жүректерінде тыныштық жоқ.
Ауылда бір көршім бар, бұрын 5 балалы тұғын, қазір тағы 1-2 қосылып қалған шығар. Өзі бір қатырып жұмыс жасамайды, анда-мында қарауыл. Әйелі бала-шаға қасында. Үй іші азан-қазан, базар қашан барсаң да. Ағамыз, "әй, әкең, тыныш" деп бір боқтап қойып, әңгімесін жалғастыра береді. Көрген бетте құшақ жайып, жағдай сұрасып жатқаны… Үлкені тұрмысқа шықты, кейінгісі армияда, ақырындап аяққа тұрғызып келеді. Дегенмен, жағдайы нашар, кедейшілік қой, өз қиыншылықтары бар. Алайда, оларды сондай жағдайларымен жоғарыда айтып кеткен байлардан бақытсыз деп айта алмас едім.
1000 теңгелікті ал, 10 000 теңгелікті ал, 100 АҚШ-тікін ал — алдын қара, артын қара — қағаз. Тағы біреуін қос, бумасын қос, бірнеше бумасын, чемоданын қос — ол да қағаз. Жай қағаз. Үстіне сызсаң болады, жыртып тастауға, ұшақ жасап ұшыруға болады. Болмашы бір парақ қағаз үшін адамдар, мемлекеттер қырқысып жатады. Күндіз-түні ақшаны ойлап, бүкіл өмірінің мәнісін байлыққа тіреп қойғандар да жоқ емес.
Ақша — наркотик сияқты. Сатып алудан кайф алмайтын кісі жоқ шығар)) Керек болсын, болмасын ақшаң болса бірдеңке алғың кеп тұрады. Әйтеуір, жұмсап тастайсың. Байқамадыңдар ма? Одан қалса, өзара бақталастық бар. Көрші темірден забор салса, міндетті түрде әйелі күйеуінің миын жеп бастайды. Бір қыз үшін құрбысының әдемі топлиы — бас ауру) Жігіттер де сондай тақырыптар бар. Заманнан қалып кеттім бе, әлде басқа ма, осының бәрін түсіне бермейді екем. Өз басым, елбасымыз айтпақшы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, баста шатыр, жанымда жанұям болса, сүйікті ісіммен айналысып, тұрмыстық қажеттіліктерден артылғанын ағайын-дос, бауырларыма қарайласып жүре беретін сияқтымын. Не керек сонша тырмысып? Оның бәрін жұмсап үлгересің бе бір құдай біледі. Сен өлген соң, әшейін, түбі талан-таражға түсіп, не нәрсеге жұмсалатыны да беймәлім. Өзі таппаған соң, маңдай теріңнің қадірін кім ұқсын. Одан да жұрт қатарлы баспана, мәшне ал, отбасыңа жеткіз. Одан артылса, өзгелерге көмектес, қоғамға пайдалы жобаларға инвестиция жаса. Болды ғой, норма! «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» депті ақылды кісілер.
Әрине, мұның бәрі жеке өз ойым. Егер бір кісі «Жоқ, ақшаны шексіз табу керек, артынан жүгіру керек» деп өзінше дәлелдеп шықса, ырысбек. Жүгіруге байланысты, тағы бір даусыз факт, өз ісінің шебері ақшаның соңынан жүгірмейді, ақша оның артынан жүгіреді.
Сонымен, СІЗГЕ ҚАНША АҚША КЕРЕК? НЕ ІСТЕМЕКШІСІЗ ОНЫ???
P.S: Барлығыңа материалды жағдайларыңның жақсы болуын тілеймін. Қалтаңның қалыңдығы қандай болса да, адамгершілігіңді жоғалтпағайсың.
Ақша оңай келмейді ғой «простой смертныйларға». Табады, жинайды, көбейтеді, одан қалса «біреу тартып алмаса, артым ашылып қалмаса екен» деп қорқып жүреді. Бір кештерде көңіл көтеріп қалмаса

59 пікір
Не ғо, суретіңе қарап, бір әжемен сөйлесіп жатқан сияқты болам ше)) безобид) Неге қойып қойғансың? Кім ол???Ананди
АКАмен ЖагдишияныңАбылайәжесімін ғүә осылай мед?Флудтағаным үшін кешіріп қойыңыз!Маған қанша ақша керек? Қазір бойдақ ойым ғой, болашақта қалай ойларымды білмеймін, қазір астымда тәуір көлігім болса, алдағы жылда өз күшіммен ЖООға түсе алсам түстім, түсе алмасам ақылы бөліміне жетерлік қаржым болса, Үйімді, қора-жайымды күрделі жөндеу жүргізуге жетсе болды)) Аз сұрамаған сияқтымын) Артылса әлемді аралағым келеді, Дубайды, Париж Эйфель башниясын, Бостандық манументің, Египедті тағы көптеген жерлерді өз көзіммен көріп қайтқым да келеді)
Армандау тегін ғой, шіркін)
Осыны бірнеше жылдардан кейін «Сол кезде мүмкін емес болып көрініп еді, деп Вашингтонда жүріп случайно оқым қалсам, қандай керемет сезімде болар едім))
жәмән ойдан арылтамыз деп шаш ағаратын болд