Философия ғылымын ақпараттық технологиялар бағытында оқитын магистранттарға оқыту қажет пе?

Әлеуметтік сауалнамалар /
Философия ғылымында жалпы адам баласы дүние, адамның пайда болуы, оның ішкі сезімдері туралы өзінің шекті ақыл-ойына сүйене отырып белгілі бір теоремаларды нақты шығармаса да, оған жақын келуге ұмтылады. ЖОО-да бакалаврда философия курсын барлығымыз оқыдық. Ал, осы философия ғылымын ақпараттық технологиялар бағытында оқитын магистранттарға оқыту қажет пе? Осы сауалға байланысты сіздің көзқарасыңыз қалай?

7 пікір

Yeld
Қызық сұрақ екен… «Адамның пайда болуы мен оның ішкі сезімдері туралы» оқу айтишниктарға қиын болса болар, бірақ ақпарат философиясынан, сандар философиясынан хабары болмаса, ең құрығанда Лемның кітаптарын оқымаса ол магистрант қандай ақпараттық технологиялар маманы болады??? Философияның салалары көп, әрине ол өте күрделі пән, дегенмен жалпы курсты оқыған жөн болады деп ойлаймын.
ereke_enu
Бакалавр тұрмақ, магистрант та оқиды философия. Шамасы керегі боп тұр да
ereke_enu
Өз басым, IT-де тек негізгі сабақтар мен практика сағатынан арттырар едім.
Flower
осы пікіріңізге қосыламын.
ereke_enu
Эссені өз ойыңнан жазған дұрыс қо, негізі, солай ма?)))
Flower
халқымның да көзқарасын білейін дегем го)))
satirik92
Философияны ешқашан бітірмессіз, тіптен бастаудың өзі қиын. Өмір бойы оқитын пән. Бірақ философия сізді ас етпей, сіз онымен азықтануыңыз қажет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.