"Ет бұзылса тұз себеді,ал қыз бұзылса..."

Әлеуметтік сауалнамалар: Қызықты деректер: Ет бұзылса тұз себеді,ал қыз бұзылса...Ұрпақ ұлттың болашағы. Бүгінгі қыз бала-ертеңгі ана. Ол ұрпақтың ғана емес, бүкіл ұлттың тағдырын билейді десек артық емес.
Қазағымның қыздары қандай! Аузыңды толтырып айтарлықтай емес пе?! Қазақ халқы ежелден қызын ардақтап өсірген ұлтпыз. Қыз баланы жат-жұрттық санап,қонағындай күткен ұлтпыз. Шыңғыс Айтматов бір сөзінде: «Біздің қазақ пен қырғызда әйел затын ерекше ардақ тұтатын салт бар. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса,қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп үлпілдетіп өсірген» деп айтқаны бар еді.
"Қызға қырық үйден тыю" деген сөз бар. Бірақ,қазіргінің қыздары сол тыюлардан тыйылып қалғандай-ақ… Әй дейтін әже,қой дейтін қожасы жоқ қаракөздеріміздің батысқа еліктейміз деп, бұзылып бара жатқаны ешкімді бей-жай қалдырмас.
Қалалық болған осындай екен деп ойлайма,қыздардың көшеде темекі тартып, шарап ішіп, алба-жұлба киінніп жүргеніне қарап,ішің қан жылайды-ау… Осының барлағы тәрбиедегі кемшілік пе,әлде сана сезімнің осыншалықты төмендеп кеткендігі ме? "Қызым қаладағы білдей бір университетте оқиды" деп ойлап жүрген аналардың бетіне жағылған күйе.
«Бетім барда бетіме кім шыдар деп, кімі паңдау келеді, кімі тантық» деп Абай атам айтпақшы,қазіргінің бұртаңдаған қыздары ертең талтаңдап қалмаса игі еді.
Түнгі уақытта, жігіттермен сайран сап жүрген қазіргінің қыздарын, аш қасқырдың арасына кірген қойларға теңесек артық болмас…
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген өлеңді қазір қай мағынада айтып мақтанамыз? Кезінде Ұлжан аналарымызды,Қыз-Жібек пен Баян-Сұлу әпкелерімізді айтып мақтанушы едік, ал қазір ше? Түнгі көбелектерімізді айтамыз ба? "Ұлы сөздің ұяттығы жоқ" жезөкшелер дейміз бе?..
Жезөкше… құлаққа жағымсыз, адам жаны жиренетін бұл сөзге бүгінде қазақтың да еті үйреніп кеткен. Бикештеріміз түнде ғана емес, күндіз де жүздерін жасырмай, тәндерін саудаға салады. Бұл мамандық ұлтты да, дінді де, жасты да талғамайды. Ақщасын бергеннің нәпсісінің күңіне айналады. Кезінде дін мен ділге, салт-дәстүрге берік қыздарымыз бүгінде ар-намысты ысырып қойып, ойнақ салып жүргендердің қолжаулығына айналған…
Айта-айта жауыр болған қыздар мәселесінің майлы жілігі әлі де болса шағылмай тұр…

1 пікір

Ai_fariza
Кызыкты деректерге бул такырыптын не катысы бар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.