Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде

AitaberPress /
«Медицина» десе көз алдарыңызға не елестейді?
Шприц, ақ халат, аурухана, медициналық эмблема, науқастар…
Ал бұлар тек сырт көзбен қарағанда байқалатындар, ал оны жетік оқып, меңгерген адамға «медицина» сөзі ең асыл, қымбат, шексіз мағыналы сөз дер едім!

AKA -ның "құрлысшы" туралы жазбасын талқылап болсаңыздар, мынаны да оқуға кеңес беремін. (Жазба ұзақ болып кетіп, қайта-қайта қысқартуыма тура келді, себеі медицина ғылымын қысқаша түсіндіру мүмкін емес! mairosh айтуы бойынша)

Медицинаның басқа салалардан бір айырмашылығы онда субардинацияның қатаң сақталуы. Яғни, оқуды енді бітірген 30 жасар дәрігердің алдында 50 жасар медбике жүгіріп жүреді.

Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік ол тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер!

Иә, айта кету керек, қазіргі кезде дәрігерлер жайлы жағымсыз әңгімелекр, оқиғалар жетіп артылады. Дәрігерерді қатыгез, жауыз ретіндеде сиппаттап беретіндер баршылық.
Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал! Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен ЖАУАПКЕРШІЛІК болуы керек.

Кез келген ғылым саласын алам қарасақ, мысалы программисттер, программадан қате кетсе оны қайта түзейді, болмаса басынан бастап қайта жасап шығады. Аспазшы, тағамның дәмі дұрыс болмай қалса түрлі дәмдеуіштер қосып дұрыстай береді. Режиссер, қате кадрларды қырқып тастайды. Ал, медицинада ондай мүмкіншілік жоқ! Бір қате бір адамның өмірін жұлып әкетеді.

Алысқа бармай-ақ жақында бір ауылдық жерде операциядан шыққан әйелге жасанды тыныс алдыратын аппараттың түтікшелерінің орнын дұрыс қоймай, анау әйел ісініп кетті, нормастеник әйел демнің арасында гиперстеник болып шыға келді. Сонда жүрген барлық медбикелер зәрелері қалмай дәрігерге қоңырау шалды, ол кісі аурухананың басқа корпусында жүр екен. Қайта жақын жердегі отделенияның дәрігері біліктілік танытып түтікшелердің дұрыс қойылмағаның бірден байқап сөндіоріп тастады. Анау әйелдің өкпесі жыртылып үлгерген, оны егер бас дәрігер білсе сонда жүрген медбикелер, дәрігер де сөзсіз жұмыстан қуылады. Тек біліктілік жасаған екінші дәрігер ешқандай ота жасамай дренаж қойды, сол кезде науқас әйел түнімен жел шығарып шықан, ал өкпе, өкпенің ерекшелігі ол тез өздігінен қалпына келеді.

Операция жасап болған сон науқастың ішінде корнсанг, қайшы, болмаса салфетка қалып кететін жағдайлар да болады. Сондықтан дәрігерге тағы ұқыптылқ керек!

Бір жүкті әйел қан құсу шағымымен ауруханаға түседі. Нақты диагноз қою үшін өкпесін рентгенге түсіруге мәжбүр болады. Ал енді жетіліп келе жатқан бала үшін рентген аса қауіпті. Баласын алдырып тастау керектігін түсіндіру үшін дәрігерге тіл байлық керек.

Көлік авариясынан бір жас қыздың бел омыртқасына зақым келеді. Оны сол жедел жәрдем қызметкерлері зембілге жатқызу үшін біреуі екі қолынан, біреуі екі аяғынан көтереді, Сол кезде қыздың жұлынына зақым келеді. Соның әсерінен әлгі қыздың аяқтары сал болып қалды. Қателік жібермеу үшін, дәрігер тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Дәрігерге ЛОГИКА керек!

Оқиғаларды осымен доғарайын. Медицинаның тағы бір ерекшелігі біз адамдармен жұмыс жасаймыз. Сондықтан кез келген адаммен тез тіл табыса білуіміз қажет.

Яторогенді ауру деген де бар. Мысалы ЖОО-нің екі болашақ студентінің бірі қасындағы серігіне білімділігін көрсету үшін науқастың көзінше «Мына науқастың бүйрегінде қатерлі ісік бар» десе керек. Ересіне әлгі науқас қатты стресс алып, ауыр жағдайда дүниеден өтеді. Ал негісінде ол науқастың бүйрегінің кішкене бөлігі ғана некрозданыпты… Сондықтан дәрігер ҚҰПИЯ сақтай біоуі керек.

Кез келген медицина қызметкері «ақпарат объектісі» болып табылады. Себебі ол достарының арасында отқанда «менің мына жеім ауыратын еді, менің анамның қан қысымы жоғары болып жүр, маған витамин салып жіберші, мына дәріні пайдаланғаным дұрыс па?» деген секілді сұраушылар өте көп болады. Кез келген білікті медицина қызметкері жан жақты болып келеді. Кез келген тақырыпта оңай сөлесіп кетуге бейім болады.

Сосын тағы айта кетерім, менен көбісі «моргке бардың ба? қорқынышты ма?» деп сұрайтындар көп, иә, бардық, көрдік… Ондағы туыстарының жылағанын көру… оның несін айтайық?! Өмір бар жерде өлім де бар! Дәрігерлер құдай емес, оларда жұмыр басты пенделер!




Көпшілік достарым менің ақ халат кигеніме қызығады, сондықтан ақ халатпен түскен суреттерім)

Мынау жәй ғана қуыршақ.

Оқу былай болады: алдымен теория сабақтар, онда кәдімгі мектептегідей сабақ айтып, тест тапсырамыз. Ондан кейін доклиника, оқығандарымыз бойынша жанағы муляж, қуыршақтарға, резина адамдарға манипуляция жасап үйренеміз. Үшінші кезек стационар, онда ауруханаға барып мед қызметкерлердің науқастарға манипуляция жасағаның көріп, бақылаймыз. Семестірдің соңында міндетті түрде практика болады, онда кәдімгі медицина қызмектері ретінде жұмыс атқарамыз.
Медицинаны шын қалап таңдамаса біреутің айтуымен оқудың қажеті жоқ, себебі статистика бойынша бітірушілердің 30 пайызы ғана әрі қарай медицина саласында қалады. Тек таза білімі бар, логикасы жетілген оқушыларды медицинаға шақырамын)

Назарларыңызға рахмет, сұрақтарыңыз болса пікір алмасуға дайынмын!
Барлығын өз сөзіммен жаздым, барлығына бірдей ұнау міндетті емес, қате жерім болса түзете жатармын.

Ендігі кезекті Korkem -ге беремін.

43 пікір

pari
Мынау жәй ғана қуыршақ.
әә ұсталдыңыз ба әнеу күні менің қатырып кетіп едіңіз ағасы, ық ық
pari
Ағасы 9 бітіріп медколледжге түссем неше жыл оқимын?
dimash
3 жыл 10 ай оқисың. Алдымен колледж оқығаның дұрыс, коллдежден кейін ЖОО-ға түссен жан-жақты дайын болып барасын. Коллджден кейін ЖОО-ға тек сол медицинаны шын қалаған адам ғана барады. Ақ жол!
pari
ЖОО-да неше жыл оқимын?
Korkem
Медицина мен мұғалімдіктен ат-тонымды ала қашушы едім. Екеуі де, адам өміріне жауапты. Бірі денсаулығына жауап берсе, бірі өмірлік тәрбиесіне… бәрібір қашып құтыла алмадым, менің мамандығым екеуіне де қатысы бар)))
dimash
«Неден қашсан, соған жолығасын» деп бекер айтпаған ғой қазақта.
Шыны керек, мен де «ақ халаттан сақтасын» деп жүрген едім әу баста. «Оппетит приходит во времия еды» қазір қайта қуанамын, қиыншылығы көп, бірақ абыройлы мамандық!
Korkem
дұрыс айтасың, толық қосыламын
followme_alik
Кеше ғана өте сымбатты да әзілқой, әрі ақылды Дәрігермен танысып едім. Қызметі туралы құмарлана айтты. Дәрігерлік қызметті енді, енді құрметтей бастадым) _қиын-ақ… Жақсы пост.
...Жұмыр басты пенделер.
Кей жағдайда бар кінәратты медицина қызметкерлерінен іздейтіндерге түсінбеймін…

7 жыл оқу — көп емес пе.. .?…
dimash
Мен колледже студентімін, 7 жыл оқыған студент тек емханаларда ғана дәрігер болады, ал ауруханада ота «операция» жасау үшін тағы екі жыл тер төгу керек.
Маған салса тағы он жыо оқуға бамын. Колледжі Алла бұйыртса 2013 те бітіріемін, соңғы күрсқа да жетіп қалыппын…
followme_alik
Ендеше сәттілік. Мамандығыңа берілген бақытты жандардың бірісің, сірә. Алла жолыңды ашсын. =)
banzaika1990
Дәтің барып дәрігерлік жолды таңдау деген ерлікпен тең нәрсе деп санаймын өз басым. Ақ халатпен бірге арқаңызға жүктеген ауыр міндетіңізді адал атқаруыңызға тілектеспін. Бірінші суретіңіздегі банкадағы нәрселер жайында білгім кеп тұрғаны??? Дәптерді аяғынан бастап жазасыз-ау деймін)))))))
dimash
Банкаға құйылған физерітінді (физраствор), оның ішінде әр түрлі ауытқумен туылған нәрестелер. Ол менің 1 курстағы суретім, саусағыммен көрсетіп тұрмын, балалық… Көрсетіп тұрған бакада сиям егіздері, бастары бір біріне қосылып қалған. Одан басқа миы мүлдем жоқ болып туылғандар бар. Физерітінді әлгілірдің шірімеуі үшін құйылған.
Korkem
не дейді? Құдайым-ау…
dimash
Постта жазбағаным әлі көп екен.
Медицина қызметкерлері өте тазайым болуға үйренеді. Зиянды әдеттердін аулық болады. Себебі ақыры қалай болатының біліп тұрады ғой))
Ал, жанағы аномалиямен туылулардың басты себебі болашақ аналарың өзін өзі күпеуі, зиянды әдетке үйір болуы, сондай-ақ экология, радиация…

Дүнеге бала әкелі өте жауапты іс. Зинат жасар алдында да оқылатын өзінің дұғалары болады. Дүниеге бала әкелу үшін алдымен жоспарлау керек. Пайғамбарымыз (с.а.а.) айтуы бойынша бала ақылды болып келуі үшін зинатты сейсенбі, бисенбі, жұма күндерінда болуы керек. сосын…
Korkem
ох, не деп кеттің, жаным-ау…
qyrmyzy
Жақында сыныптастарымның қырқынан енді шыққан қыздары инсульт алды. Қатты қорқтық, кіп кішкентай нәрестенің басына операция жасады. Аядым, біздің проблемаларымыз түк те емес екен…
dimash
Қырқынан шыққан дегенше есіме түсіп кетті. Бала күтімі оңай шаруа емес ғой. Бір әйел салақтау болса керек баласының құлақ күтіміне дұрыс мән бермепті. Қырқынан шыққаннан ккейін бал жылай беріпт, не болғаның түсінбеген анасы жедел жәрдем шақырада. Балана толық тексеру үшін балалар аурауханасына жедел жәрдем көлігімен алып бара жатқан медбике баланың құлағынан құрт шыққаның бірден байқайды. Аурухана жетісімен баланың құлағына тазалау ерітіндісін айдап тазалағанда бір құлағынан жеті, бір құлағынан төрт құрт шығапты. Өсе келе баланың оң құлағы нашар, ал сол құлағы өте нашар еститіні анықталады.
Бұны қорқыту үшін емес, дүиеген бала әкелу жауапты іс екенін түсіндіруім ғой. Қажет емес жерге жазсам кечроҢдер)
qyrmyzy
Сондықтан бала күтіміне мамаларымыз көмектескені жөн
Korkem
таза қазақилық)))
qyrmyzy
мысалы, өзім күте алмайтыныма сенімдімін
pana
кукламен ойнадыңғо кішкентайыңда, все, сенің қаныңда бар! саспа!
pana
балам мазасызданып жатыр деп мамамды шақырғанда жаялығын ашса матаның ішінен целлофан ораған, ал оның іші құмырсқалап кеткен екен
alikona
түсінбедім, басыңыздан өткен бе?
pana
жоқ, дәрігерлік практикасынан алдым маманың, кей анаға табиғат аналық инстинкт беруді ұмытатын сияқты,
muazim_2011
??????????
Korkem
Осы посттан кейін менің кезегім. Аңдып жүріңіз, жақында шығып қалады))))
dimash
Дәптерді аяғынан бастап жазасыз-ау деймін)))))))

Кеше түнде ұйқылы ояу байқамаппын)))
Группамдағы үйленген қыздың обручальный кольцасын тағып суретке түскендегім ғой)))
MSHERIMBEK
Дәрігерлерге рыспек) Адам баласын емдеуді армандайтын едім. Әттең болмады-ау. Бірақ қазір де сол емдеу саласынан алыс кеткем жоқ:) Бірақ, тек қана темірді (компьютер) :)
dimash
Ал мен мектеп қабырғасында жүріп программист болуды армандағанмын) Өмір-ай ә))
qyrmyzy
Мамам медицинаға түскенімді қалаған. Бірақ қолымнан келмейтінін сезіп, басқа салаға кеттім. Әлі де мамам «екінші мамандықты оқы, медицинаға түс» деп айтады. Мына посттан соң медицинадан екі метр алыс жүру керектігімді ұқтым, рахмет!
alikona
ал менің әжем күнде қақсайды, медсестра бол,өте оңай деп қоят)))
pana
керемет мамандық шырайын шығарған адамға, мамам дәрігер болғасын субординацияның көөп рахатын мен де көрдім)) үшінші курстағы медицина студенттерінің ауруы деген синдром қызық нәрсе, менің қазгі мамандығыма қатысы бар) күшті мамандық туралы күшті жазыпсың! жақсы көретінің көрініп тұр!!!
Togzhan
Өте жауапты мамандық!
Үйдегілер ең болмаса біреуің дәрігер болыңдар деген, соңғы үміттері менде болатын… бірақ, санамалап көсетілгендей сонша сапалық қасиеттерді бойымнан таба алмас та едім.
Кейде дәрігерлердің жауапсыздығына ішім күйсе де, кейде өте жауапты дәрігерлерді көріп қуанып қаламын.
Болашақ дәрігерлерге мына жазбаны мұқият оқыңыздар дер едім!
alikona
Медицинаны шын қалап таңдамаса біреутің айтуымен оқудың қажеті жоқ,
Әжем тыныш болсыншы деп түсейін баа деп ойлап жүр едім, рахмет!
alikona
Екінші суретінде қасындағы болашақ дәрігер ұйықтап отырғо))
banzaika1990
Димаштың фонын бұзбайын деп тығылып отырған сияқты керісінше)))))))))))
kz_aidar
Өте жақсы жазыпсың! Иә, дәрігер өте жауапты мамандық!)) Дәрігерлерді аса қатті құрметтеймін. Меніңде ата-анам дәрігер. Кезінде мені дәрігер боласың деп үгіттеген болатын! Мен бармаймында, бармаймынға салып, өз жолыммен кеттім. Мына жазбаңа қарап дәрігерлерге одан бетер қатты қызығып кеттім! Кейде мамандық таңдауда қателік жасадымба деп ойлаймын… Сенен жақсы дәрігер шығатынына сенімім мол…
ABYLAI0KHAN
фонын бұзбағаны анау болса…
AKA
Мәләдес! Мамандығың жайлы сұрасам, тоқтата алмаймын ба деп қорқамын. Өз мамандығыңды қатты жақсы көретініңді білемін және құрметтеймін. Дәрігерлердің орны мен үшін ерекше! Өткен мерекелеріңмен!
dimash
Сен қашан пікір жазады деп күтіп жүр едім))
Рахметтттт…
Madi
Жақсы жазыпсың.
+1
берейін десем, уақыты өтіп кетіпті.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.