Дефектология – сауабы мол мамандық

AitaberPress /
Қытайда жүрсеңдер де білім алуға ұмтылыңдар ©

Өмірде екі нәрседен қателеспеген жөн. Оның бірі — жар таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдау. Жастарымызға осы екінші таңдауда қателеспеуге аз да болса жол сілтеп, дұрыс бағдар көрсетсек деген оймен АКА бастаған идеяға, Димаштан микрофонды алып, өз үлесімді қоссам.

ҰБТ.да төртінші таңдаған пәніңіз биология болса, осы мамандықты таңдауға кеңес беремін. Егер қызығушылығыңыз бар болса, әрине.

Мамандығым — Дефектология. Бұл мамандықты естігенде қай-қайссыңыз болмасын «Ол не мамандық?» деген сұрақ қоярыңыз сөзсіз.

Дефектология (лат. дефект – жетімсіздік және гр. логия – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір!

Сөзден ауытқымай, мамандық жайлы кеңінен тоқтала кетсем, дефектология төрт салаға бөлінеді:
1. Сурдопедагогика – мылқау балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Оған құлағы нашар және мүлде естімейтін балалар кіреді. Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу құралы кіреді. Әріптерді қолмен көрсету түрі:



2. Тифлопедагогика – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған (зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен білімді талап етеді.
Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан зерттеу.
Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т.б. жатады.
Көру кемістігі бар жандар үшін оқу құралы:


Ең қызығы осы екі суреттегі мүмкіндікті емтихандарға пайдалануым еді. Ешкім түсінбейтін осы оқу, сөйлеу тілін өз мүмкіндігіңізге шпор ретінде пайдалану. не деген әккі едім)))

3. Олигофренопедагогика — ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:
1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;
2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика);
3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың гылыми негіздемесі;
4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;
5. ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке с2тті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жа5ымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.


4. Логопедия
– тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Укупедия быраттарыңның айтуынша (бұл салаға аса қызығушылық танытқан жоқ едім): Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.

Дефектология оқу орындарына жаңа мамандық ретінде енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Осыдан-ақ, ол мамандықтың қазіргі өркениетті заманымызда өте тапшы екенін аңғарған боларсыз.

Сондай-ақ, Дефектолог мамандығымен қатар сіз Психолог мамандығын қатар алып шыға аласыз. Яғни, кез-келген арнайы мектепке Сурдопедагог, Логопед, Олигофренопедагог, Тифлопедагог, Психолог мамандығы бойынша қызмет ете аласыз. Сонымен бірге санаторий, түзету мекемелерінде, шипажайларда адамдарға көмектесумен, оларға диагноз қою қызметтерін атқара алатын боласыз. Бір сөзбен айтқанда медицина мен мұғалімдікке бір табан жақын мамандық. Яғни, бір ғана маман иесі емес, бірнеше маман иесі болып шыға келесіз.

Егер мүмкіндігі шекетулі, көмектеріңізге зәру жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасап дүниеден сауап, өмірден сабақ алғыңыз келсе, сіздерді осы бір қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін мамандық бойынша білім алуға шықырып, микрофонды кезекті маман иесі sandibek ке ұсынамын.

Пы/сы: Қызықтырған сұрақтарыңыз болса, пікірде күтемін.

43 пікір

pari
Тамаша, анық, түсінікті жазылған.Иә мамандығың өте қызықты екен.Әрі мұндай балаларға тәрбие беру үлкеен міндет.Әрі тәрбиешіге сауап болары анық! Жарайсың!
beko
pari ге жалғама жасап кетейін, өмірдің, денсаулықтың да қадірін түсінетін сияқтысың ғой, жақсыы екен.
m170785
Көркемжан өте жақсы жазылған
Togzhan
Арнайы педагогиканың салаларын оқыған болатынбыз… біраз таныс мәліметтер.
Тифлопедагогиканың әліпбиі ерекше екен.
Жаңалықтарда қолмен көрсеткендерді қалай түсінеді екен десем, әрбіреуі бір әріп екен ау!
Қызық! Жаңа әлем десе жаңа бір әлем)
Korkem
Бәрі әріппен көрсете бермейді ғой. Мұны көбіне адам есімін айтар кезде қолданады, ал былайша әр заттың өз көрінісі бар)))
qyrmyzy
Күштіііі, әдемі пост!
Zhassiko
Мен осыдан Сурдопедагогиканы үйренгім келіп, өзімше комптан ксеркстен шығарып алғанмын ғой, қиынның қиыны екен, қолымнан түк келмей қойды, бұның өзінше бір тұтастай сөздердің Сурдопедагогикасы бар ма екен?
Sabions
Олигофренопедагогика — ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
қасынан Керриді көоргенде ай күлдім кеп…
Korkem
Сәбилердің суретін қоюға дәтім бармады)))
Sabions
Керридің ақыл-ойы дамудан қалған — Керри жарым "))… (псих)… сондай ой келді басыма…
Korkem
Енді ол маған ренжімейтін шығар деген үміттемін)))
AKA
Шыдамдылықты талап ететін мамандық қой, оңай емес науқас адамдармен жұмыс жасау, олардың тілін табу.
Korkem
дұрыс айтасың, өте дұрыс айтасың
Zhanat
бұл мамандық иелерінің жүректері мейірімділікке толы болса нұр үстіне нұр болар еді
pari
жүректері мейірімділікке толы болса
мұныңыз қай сасқаныңыз?Әрине жүректері мейірімге толы.! Мейірімге толы болмаса мұндай балалардың тілін ешкім ұға да алмайды, тәрбиелей де алмайды!
Korkem
Жако-83 дұрыс айтады. Мейірімсіз жандар да жоқ емес, табылып тұрады.
pari
неге?қызық екккеен. балалар ондай адамдармен қарым-қатынас жасамайтын шығар?
pari
немесе көнбейді… тыңдамайды дегендей солай ма?
Korkem
Өмір көре жүре бәрін де ұғатын боласың әлі…
pari
мүмкін.өмір әлі алды…
Zhanat
өз жұмыстарына нан табу үшін ғана қарайтын адамдар жоқ емес, мұндай мамандық иелерінің барлығы мейірімді деп айтуға келмейді,өздерінің күндерін өткізіп айлық ақысы үшін жүретіндер бар
Korkem
Толықтай келісемін. Ондайлардың талайын да көрдік. Мынау мен тұратын жердегі арнайы мектеп интернатындағы жағдай, оқып, тіпті таң қалдым
dimash
Жазба керемет, оған дауым жоқ, әрине.
Мен статистика жағын білгім келіп тұр. Қазақстанда нәрестелердің қанша пайызы дефектолог маманын қажет етеді? Бұндай аномалиямен туылу қаншалықты жиі кездеседі?
Мүлдем емделіп шығып жатқандар бар ма әлде тек сіздер өмір сүруге бейімдейсіздер ма?
Korkem
Статистика жағын білмедім. Дефектолог Қазақстанда әзірге тапшы мамандар болып тұр. Күні кеше тіл мүкісі бар балалар мекемесіне жұмысқа шақырылдым, өкінішке орай менде әлі опыт жоқ, практикаға қалуға келіспедім. Бір баланы алып келді, оған «атың кім?» деп сұрақ қойсаң «ым» дейді де қояды, не десең де еститін жауабың сол. Маған сол баланы сөйлетіп беруімді өтініп тұр, ал былайша мамандары жоқ екен, өкінішті-ақ. Ондай балалар санын нақты айта алмасам да қынжылтардай-ақ көп, өте көп. Білуімше, тәжірибесі жоқ жас аналар бала іште жатқанда уайымға салынып, стресске түсіп, темекі шегіп, шашын қырқып, жалпы жөнді күтім көрмегендіктен аномальді балалар дүниеге көптеп келуде. Біз, дефектологтар анмальді балалардың нерв нүктелеріне әсер ететін массаждар арқылы оларды түзетуге ұмтыламыз, бірақ 100 пайыз жақсарып кетініне кепілдік жоқ. Сондай-ақ, оларды түзету мекеме, санаторияларда жүзеге асырылса, одан бөлек арнайы мектептерде өмірге даярлау, білім деру бағытындағы көмектер жүзеге асырылады.
m170785
дұрыс айтасыз
dimash
ДЦП-мен туылған балалармен да жұмыс жасайсындар ма?
Қандай диагнозды балалармен жұмыс жасайсыздар?
Енді… Қалай айтсам екен… Дефектологтардың көмегімен жазылып, қалыпты адам қатарына қосылғандары бар ма?
1 курсымда «Ақыл-есі кем балалар интернатында» практикада болғанымда дефектологты атымен көргеніміз жоқ, әлде сіздер тек есту мен сөйлеу кемістігі бар балалармен жұмыс жасайсыздар ма?
Дефектолог мамандығы қызықтырып тұр мені де… Менің облысымда жоқ шығар бұл мамандық…
Korkem
Сіздің облыстағы балалар біз жаққа көптеп келеді. ҚызылОрдаданмын деген біраз мүмкіндігі шектеулі жандарды білемін. Дефектолог ақыл-есі кем, яғни туылғаннан жүре де, сөйлей де алмайтын, өздігінен ешнәрсе істей алмайтын, естімейтіндер, яғни, нашар және мүлде естімейтіндер, олар туылғаннан немесе жүре (күтінбеу, құлаққа су кету, ауырғанда дәрігерлер балаға көп дәрі егіу салдарынан құлағы естімей қалғандар) пайда болады. Көзі көрмейтін және мүлде көрмейтіндер мен тіл мүкісі барлар (а, ш, с, р, н, л, секілді түрлі әріптерді айта алмау немесе мүлде сөйлей алмайтындар) сынды аномальді балаларды емдеу, емдік шараларын жүргізу. Өз көзіммен олардың құлан-таза жазылып кеткенін көрмесем де, естіп жатамын. Біраз сөйлей алмайтын мектеп жасына дейінгі балалар логопедтің көмегімен сөйлеп кеткенін, Есту мүшелері зақымдалған балалардың операция арқылы қалпына келгені жайлы естіп жатамын.

Шымкенте және мен тұратын Ленгер қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірнеше арнайы мектептер мен мекемелер, колледж бен Университеттер қызмет істейді, сондай-ақ, арнайы мектептер мен жоғарғы оқу орындары Алматы қаласында да бар.
Дефектология жоғарыда айтып кеткенімдей төрт салада жұмыс істейді, соның ішіндегі мылқау балалармен жұмыс істеу менің таңдағаным және қызыққаным болғандықтан кеңінен тоқталдым. Ал былайша дефектолог маманы аталмыш балалардың бәрімен дерлік қызмет атқара білуі міндетті.
dimash
Дефектология туралы жеткілікті түсіндім, рахмет!
Іске сәт, жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
Korkem
Үлкен рахмет! Түсінбей жатсаңыз Гуглге жүгіне аласыз)))
AKA
Сонымен, Сәндібектің жазбасы дайын бе екен?
ardak1996
Қандай ғажап мамандық! Рахмет, көп ақпарат біліп алдым.
yesbolat83
Қандай тамаша мамандық. Әсіресе жастарды осындай мамандыққа шақыратын жарнама десем бе екен, яғни, осы мамандыққа шақыру, ынталандыру, насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілсе, жастарымыз осы мамандықтарды таңдары сөзсіз.
Менің де қызығушылығым артып, дефектолог маманы боп кеткім кеп кетті.
Өте тамаша пост.
Маған қатты ұнап отыр бұл мамандық.Арнайы оқу орындары бар ма, бұл мамандық иесі болуға? Қайда?
Manas
Психология осының ішіне кіреме,әлде бөлек пе
Korkem
Жоқ, кірмейді. Бірақ қаласаңыз психология мамандығын да алып шыға аласыз, яғни, қатысы ғана бар деген сөз.
Көркем сізбен сөйлескім келеді, мен 11 сыныпты бітіремін, енди дифектолог мамандығына оқуға барсам деп едім, сізбен телефон арқылы сөйлесуге боладыма?
Сәлеметсіз бе Көркем! Менің атым Айзада. Мен Атырау қаласынан боламын.Менің осы оқуға түскім келеді. Мен биыл 2014 жылғы ҰБТ — дант 85 балл жинадым.Орыс тіліні алып тастағанда 66 балл қалды.Мен осы баллмен грантқа түсе алам ба, грант неше балл.Сізден жауап күтем. Менің сұрағым жауапсыз қалмаса екен. Менің нөмерім 87781376351 осы нөмірге хабарласып, жауап беруіңізді сұраймын.
Соңғы өңделген уақыты:
adgjm12345
Коркем! Жарайсын, карапайым казак тилимен тусиникти етип жаксы малимет бердин. Ата-аналардын, балалардын сауабына кенеле бер. Жаксылыктарын алдыннан шыксын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.