Бір уыс топырақ(елді аңсау)
«Бір уыс топырақ» — бұл ұғым санамнан әрқашан өшпейді. Өйткені, туған жерді аңсаған әрбір жан сол мекенге сағынышын кіндік қаны тамған топырағын аңсаумен бірге жүрегіндегі сағынышты әнмен де жеткізеді ғой. Бұл бейнебаян қаранөпір қытайлар арасында оқып жатқан қазақтың қарадомалақтарының өмірінен бір үзік сыр шертеді. Алда отырған қытай оқытушысы да қыстығып шыққан дауыстың ақындар айтысы болса, кең сахара болса мұнан да табиғи, мұнан да тынысты шығатынын айтып шәкірттеріне дем беріп жатыр… «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні үдеп, барша дауысқа ұласып, шарықтап кетеді… бұл үн тектен-текке лықсып, арнасынан асып, көңілге сәуле, көзге нұр сыйлап тұрған жоқ. Бұл тілде сөйлеген әрбір жан, бұл әнді шырқап, ыңылдап айтан барлық кісі теңіздің ортасындағы бір-бір арал сияқты. Бір күні дауыл тұрып, мұхит толқындары шарпысқанда титімдей ғана ол аралдар су астындағы жартастарға айналуы әбден мүмкін…
Не дегенмен туған жерді сағынбайтын адам жоқ шығар сірә???
Youtube.com
Не дегенмен туған жерді сағынбайтын адам жоқ шығар сірә???
Youtube.com
11 пікір
Бұдан шығаудың қытайлықтар өздері жасаған жолдар бар көрінеді, мәселен:
Hotspot Shield программасы. Бұл программаны іздеу жүйесімен өзіңіз тауып алыңыз, себеб мен берген сілтемелер жасамауы мүмкін, Қазақстанда көптеген сілтемелер ашыла береді, Қытайда олай емес себепті.
Екінші, мынадай вариант бар: dongtaiwang.com/loc/download.en.php
Програмды жүктеп алып, сол арқылы youtube ашуға болатын көрінеді.