Шетелде оқу үшін 5 мамандық

Білім /


Менім ойымша Қазақстанға қажет мамандықтар
Шетелге оқу үшін осы мамандықтарға жіберу қажет

1- Хирургия
2- Ауыл шаруашылық өнім жасап шығару
3- Энергетика
4- Сivil engineering (қазақшасын білмедім??)
5- Космонавтика

24 пікір

followme_alik
"Қашет" — "қажет".
"Өным" — "өнім".
"Қазақшасың" — "қазақшасын".

Керегі, керек)
followme_alik
аааааа, «бЕлмедім» _)
qyrmyzy
Физиканы, экономиканы оқыса ғой…
baur79
физика мамандық емес қой
qyrmyzy
мамандығын демедім
baur79
Апай, кеше үйде свет жоқ еді содан қателер көп :)
followme_alik
) енді қауіптене бастап едік)
Kinostrov
Свет болмаса қалай жаздың мынаны
Aikona
Сылтау ғой, орысша сөйлеу басымдылығы көрініп тұр
AKA
Сізге «Отыр, 3!» десек ұят қой, иә? :)
Korkem
Шетелге Қазақстанға керек мамандық деген оймен оқып-келсе жақсы ғой. Қалып қоя салады жұрт
pari
бесеуіде қызықтырмайды. Тек математика қызықтырады және информатика. Очм матикалар жасасееен:)))
MSHERIMBEK
Сivil engineering
Құрылыс инженериясы болуы керек. Жақсы мамандықтар:)
AKA
Ну енД, әрине жақсы мамандықтар :))
Aikona
бізге қай салаға да мықты маман керек
Jako
1- Хирургия
2- Ауыл шаруашылық өнім жасап шығару
3- Энергетика
4- Сivil engineering (қазақшасын білмедім??)
5- Космонавтика

Осы аталған(төртіншісінің не екенін білмедім) мамандықтарыңның ешқайсысы да шет елден оқуды қажетсініп тұрған жоқ, өзімізде де жаман дәрежеде емес. Елімізде тірі адамды қолдан құрап беретін(Алла өзі кешірсін) хирургтар, бүкіл мегаполистерді аштан өлмейтіндей, жалаңаш қалмайтындай өнімдер өндіретін ауылшаруашылық мамандары, халықты тоңдырмайтын, жарықсыз қалдырмайтын знергетиктер, бүгін ұш десең қол бұлғап ұшып кете беретін ғарышкерлер баршылық.Шет елде оқып келіп, жат елдің тәрбиесін алған шәкірттер қарқ қылады дегенге өз басым сенбейді.Мысалы көршіңнің иті бар, тамакты көбіне өз үйінен емес, сенің үйіңнен ішеді, бір қызығы көршіңнің үйіне келген адамдарға емес, сенің үйіңе келген адамдарға үрмей ме? Көп жағдайда шет ел тәрбиесі де осылай болып жатады.Ешқандай шет ел біздің түлектерді Қазақ елінің,Қазақ халқының менталитетімен тәрбиелей алмайды, оған мүдделі де емес.Біздің елге «Англияда былай, Турцияда басқаша, АҚШ-та былай істеген»- деп отыратын мамандар керек па? Сондықтан да ешқандай мамандарды шет елде дайындау емес, сондай мамандарды өз елімізде дайындау және соларға жағдай жасау жағын қарастыру керек. Ол үшін жоғарғы билеуші басшыларымыз
ар-ұятты, коррупциямен былғанбаған, халқымызға жаны ашитын болуы керек. Әлі әзір біздің оған жетуіміз екіталай ма деймін.
Nursultan2002
Менің туған әпкем бардығо.Корей тілімен кореяға!
AboSy_KamoSy
Физика нағыз мамандық қой мен өзім оқып жатырмын гоой
kozy
Қазақстанға Защита информации в телекомуникацях деген мамандық керек пе?
khairbek
Ал енді менін бес мамандығым Қабыл алындар
1, Лифтер
2, Стеклочистильчик
3, Мерчиндайзер
4, Ветеренар
5, Химик
AL-ASTER
Жақсы пост екен. Тақырыбы өте ұнады. Бұл сұрақ барлығын қызықтыратын болар. Несі бар, жақсылап оқыса, барлық мамандық керек. Бірақ, пайдалы деген мамандық, меніңше көптеген офисте отыратын мамандықтар емес (және барлығы деуден аулақпын).
Мәселен, мынадай мамандық керек, мынаусы керек емес дегенмен, шындығында сол мамандықты оқи салып бірден жұмысқа тұра салу әркімге бұйыра бермейді.
Сондақтын, система болғаны жақсы. Салалар бір бірімен байланысуы керек. Мәселен, лазерлік технологиямен айналысатын физиктерді алайық. Жалпы, тек қана лазерді алсақ, оның қолданыс аясы кең. Тек медицина саласында ғана көптеген рөл атқарады. Нақтысы, хирургия саласында барлық операция түрлерін осы лазермен емдеу кең таралып келеді. Өз кезегінде, бұл технология нәтижесі 99 процентке сенімді ақтайтын, дәл әрі зиянсыздығы жағынан көш басында.
Лазерлік технологияны дамытуға, химиктердің пайдасы өте зор. Қарапайым, ксеон фараларын алайық. Шындығында ксеон газ емес пе, вакуумдық кеңістікке газ салып, артынан жарық ұрғанда, сәуле шығару ерекшелігі байқалатыны белгілі. Бұл лазер технологиясына ұқсайтын көрінеді. Әрі қарай қызықты деректерді химиктер мен физиктер талқыласын.
Бұларды адам ағзасына қолдану мақсатында енді физиктер мен химиктердің жұмысын, информатик программисттер атқарады. Нақтысы, биоинформатиктер десем, мүмкін қателеспеген болармын. Әрі қарай, дайын технологияны дәрігер маман халық игілігіне қолданады. Қысқаша осы система жақсы модель болатын сияқты. Осы іспеттес елде жетпейтін, тіпті әлемде жетпейтін қаншама қызықты мәселелерді ойлап табуға болады.
Екінші кезекте, бұл жұмыстың нәтижелілігі, таза профессионал әрі өте сауатты өз ісіне қызығушылығы жоғары адамдарға лайық қызметтер деп ойлаймын. Неге әркім осылай өз позициясын қалыптастырмасқа?
Түбінде, әлем халықтары үш сатыға бөлінеді, оны қазірден ақ байқап жүрсіздер, ал болашақта оны қуып жету қиын болады. Олар, технологияны жетілдіріп отыратын интеллектуалдық ресурсқа бай елдер. Тиісінше, елдің жағдайы жоғары болады, нәтижесінде әлемнің түкпір түкпірінен қолынан іс келетін зиялы адамдар сол елге қашатын болады; (Жапония, АҚШ сияқты елдер)
Екіншісі, оны жетілдіруші және дистрибьютор елдер. Өз кезегінде, атауы айтып тұрғандай, алып сатармен айналысатын елдер. Нақты мысал, іргедегі Ресейді алуға болады. Өнеркәсібі жақсы дамымаса да, Қазақстанға кіргізетін тауарды олар шет елден кіргізіп, Қазақстанға көтерме бағамен сатады. Қазіргі тілмен айтқанда, Microsoft өнімдері түгел дерлік Ресей арқылы бізге келеді, Майкрософт Қазақстанның тағдыры Ресейлік маркетингтердің қоланды, атауы болмаса, заты мен тағдыры тікелей орыстарға тәуелді. Мысалдарды тізе берсе кете береді. Бұл сонау тарихтан да белгілі, меніңше үлкен қателік осы жерде. Бұны енді тарихшылар талқылапсын.
Үшінші, қара жұмыскер елдер. Халқы қара жұмысқа салынады. Ал жеріндегі байлық, шикізат ретінде «1ші сатылы» елдерге экспортталып кетеді де, сол жақтан өңделіп нарыққа шығады.
AL-ASTER
Люди из первого класса, используют чужие мысли, Люди из второго класса, используют чужие силы, а люди из третьего класса используют свои силы. © Ва Банк корей сериалынан цитата. Бұл сериалды он жыл бойына, 10 рет қарау мүмкіндігі бұйырса да, әр қараған сайын «Крестный отецтен» алған жаңаша көзқарастар сияқты әсер қалыптастырады. Тиісінше, әркім өзінше ісерге бөленіп, өзіне керектісін ғана ала алады деген ой бар. Бірақ, лайықты деп жарнама жасаймын нақтысы. :)
MSHERIMBEK
ааааапладисменты:) тамаша түсініктеме)
Jako
Люди из первого класса, используют чужие мысли, Люди из второго класса, используют чужие силы, а люди из третьего класса используют свои силы.

Сұмдық керемет айтылған сөздер екен.Қазақшалап көрсек, «Жоғарғы таптағы адамдар өзгенің миын өзінің пайдасына жұмыс істете алатындар, орта таптағы адамдар өзгенің күшін өз пайдасына жұмыс істете алатындар, төменгі таптағы адамдар өзі үшін тек қана өз күшін пайдалана алатын адамдар» — сұмдық тура айтылған, әлеуметтік таптардың дәл айтылған анықтамасы, жарайсың Нұржол.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.