Кітап – ғажайып қазына

Білім /
Көркемнен эстафетаны алғалы да 3-4 күннің жүзі өтіпті. Жұмысбасты болып, әне-міне жазамын деп жүргенімде уақыт шіркін өтіп барады. Енді, менің кітапханама келер болсақ, Көркемге ілесу былай тұрсын жолында қаламын. Бала күнімде көбіне кітапты кітапханадан алып, оқып болғасын қайта тапсыратынмын. Кітап дүкендерінен кітапты сирек алатын-тұғынмын. Мектепте жүргенде, көзімді кітапхана жаққа жиі бұрып, үзіліс кезінде сол жерден сан алуан кітаптарды таңдаймын деп сабаққа кешіккен күндерім көп болған.
Жалпы, әр үйдің төрінде тұратын кітап — ол әрине Құран. Өзін мұсылманмын дейтін әрбір үйде бұл кітаптың тұруы заңды. Суретте сол жақтағы Құранды мешітте Құран оқудан жарыс кезінде ұтып алғаным бар. Ұдайы болмаса да, анда-санда ашып оқып тұрамын.

Өз ауданымның тарихынан сыр шертетін «Шежірелі Сайрам», «Летопись Сайрама» кітаптары да құнды кітап өзім үшін. Сайрамның әр төбесі киелі жер. Мұнда қанша мыңдаған әулиелер жатыр. Бұл кітапта Сайрам ауданының толық мағлұматы бар. Мәртөбеде үш би бас қосып алқалы жиын өткізетініен барлығымыз хабардармыз. Үш бидің «Жеті жарғысында» сол жайлы айтылады.

Ал әдеби кітаптардан Сайын Мұратбековтың кітаптарын ерекше жақсы көремін. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасын», Бексұлтан Нұржекеев — «Бір өкініш, бір үміт», Ерсін Қойбағаровтың «Мен күткен қыз» Марал Сқақбаевтың "Ғажайып бала" роман-әңгімелерін де айрықша атап өтемін. «Бір өкініш, бір үмітті» 5-6 рет қайталап оқыдым. Кейіпкерлеріне ұқсағым кеп, еліктеп өстім десем де болады. Және ұйғырдың ататқты жазушысы Жалалидин Босақовтың «Дүрбелеңі» (Қабдеш Жұмаділовтің аудармасында) өте тамаша шығарма.


Әлем әдебиетінен Даниель Дефоның «Робинзон Крузосын» жақсы көрдім. Бірнеше рет қайталап оқып тастадым.

Ал сатира десе ішкен асымды жерге қоямын. Сатира саңлақтарының кітатарын іздеп талай шарлағанмын. Ішінде ерекше атап өтетіндерім — қазақ сатирасының королі Оспанхан Әубәкіровтің «Сіз туралы слух бар», Көпен Әмір-Бектің «Көпен келе жатыр», Үмбетбай Уайдиннің «Алло, бұл кім» және т.б.

Ара-тұра халық медицинасына сүйеніп жазылған кітаптарды да қарап қоямын.

Кітапқа қанбай қалған кездерімде орнын газет-журналмен толтырдым. Әкем журналист болғанға ма, газет-журнал дегендерге тау-тау болып жазылатын. Журналдардан «Таң-Шолпан», «Мөлдір бұлақ», Айгөлек", «Ара», «Жалын», «Иман» газеттен «Жас Алаш», «Ана тілі», Жас Қазақ", «Түркістан», «Айғақ», «Замана» т.б. газеттерге сусындадым.


Қазір бұрынғыдай жата қалып, кітап парақтауға уақыт шіркін жете бермейді. Бір жақсысы, электрондық кітаптар шығып жатыр қазір. Жұмысымда отырғанда PDF нұсқасындағы кітаптарды қарап қоямын, әйтеуір. Көбіне асыл дініміз, сүйікті пайғамбарымыз жайлы кітаптарды оқуға көбірек көңіл бөліп жүрмін. Барлығы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мақұлдаған, «Көкжиек» және т.б. баспасынан шыққан кітаптар.

Қорыта айтқанда, басты-басты деген кітаптар осылар. Әрине, ұяттымын. Кітап дүкеніне жолым түспей жүр, 2-3 әдеби кітап алып, оқуға дайындап қоятын. Ал, эстафета «алауы» сөніп қалмас үшін, таяқты ereke_enu ға бердім.

29 пікір

Korkem
Уау))) күшті. Аталмыш сатира жайлы кітаптың барі бізде де бар бірақ менікі емес))) Әсіресе Оспанханның әзілдері өтімді) Андағы «Дін мен діл» атты кітапты сыйлыққа алғаным бар, іші толған дебаттық әңгіме ғой деймін. «Ибн Сина шәкірті» оқу керек екен. Оның астында жатқан Сайрамдағы аты шыққан шөппен емдейтін емші ғой деймін, газет бетіне жиі шығатын Өсерқұл ма?

Эстафета жалғасын жақсы тауып келеді, ұнады
zhomart
Иә, атақты Өсерқұл Рысқұлов. «Дін мен Ділде» Қ.Жолдыбай діндегі күрделі сұрақтарға жауап береді.
m170785
Б.Нұржекеевтің Бір өкініш, бір үмітін оқыдым, өзімде ол кісінің 4 кітабы бар ау, әсіресе оқы кітабы қатты ұнады, Ибн Синаныңда ғұлама сөздері мен тура сіздікіндей И.Синаның шәкірті дегені бар, Р.Крузоны ол барлық адамның үйінде бар шығар, мүмкін жоқ. Өте жақсы Жаке. Өзімде тұрған кітаптарды да көзім шалып қалдым
dimash
«Сіз туралы слух бар» қызықтырып тұр, «Алло, бұл кім?» кітапханадан сұрастырып көру керек екен…
Тамаша эстафета, сөз жоқ!
m170785
Алло бұл кім кітапханаларда болуы керек, болуы да мүмкін, ал екіншісін білмедім
qyrmyzy
кучтіііі! Мына эстафетаны жазғым келмей қалды ғо
ereke_enu
Рахмет, Жомарт. Қазір қолымда кітаптар аз, діни және мамандық бойынша бірнеше кітап. Сендегідей әдеби кітаптар, газет-журнал жоқтың өзі) Сондықтан, жазбам қызық бола қоймас. Таяқшаны Қырмызыға ұстаттым.
qyrmyzy
уййй, не дейді??? Жоғарыдағы пікірімді оқыдың ба???
ereke_enu
Мына эстфетаны жазғың келмей қалғанына қарағанда бұрын жазғың келген ғой. Ну, дауай енді, не тармази)
qyrmyzy
Жако ағамыз айтқандай, жазу үшін сауат керек қой. Бізде қайдан сауат???
ereke_enu
Сауаттың не қатысы бар бұ жерде? Өз кітаптарыңды көрсетуің керек емес пе? Ертең ауылға барып, әкемнің кітаптарының бәрін сүретке түсіріп салып тастамасам))) Шынымен көшіп қонып жүріп азайғанның өзінде бір шкаф толып, аузынан шығып жатады ше, базар жоқ. «Бұл кітаптарды сендер үшін жинадым» деп айтушы еді, өкініштісі, көбісі ескіріп қалған. КСРО идеологиясындағы кітаптар.
qyrmyzy
Бізде де сол. Универ бітірген соң нағыз көшпелі қазақ болдым. Барлық керек, керек емес заттарды үйге жібергем. Қарап отырсам, қазір көп кітап өзіммен бірге емес. Жарайды, қолымдағы бар кітабымды салармын.
Күштііі, сен де балаларыңа жинайтын боларсын :)ИНШ! Бәрін бітірген шығарсың??
Иә, бізде де үйде кітап жетеді. Менің әкем орысша кітаптарды жинаған.
ereke_enu
Қайдағы бітірген? Сүреттерін көргенім болмаса)) Балама бәлкім электронды кітапхана сыйлаймын шығар)) Немесе безлимит интернет қосып, жетеді сол)
qyrmyzy
күштіііі. Осы галакси жақсы ма, айпад жақсы ма?
qyrmyzy
падфон жақсы екен
Jako
Жазу үшін сауат керек қой.
qyrmyzy
шаршамадыңыз ба?
ereke_enu
Егер тек оқып бітірген кітаптарымыз жайлы жазатын болсақ, суреттер біраз азайып қалар-ау да?))
zhomart
тоқтап қалмасын, біреуге іліп жібер, болмаса)
yesbolat83
Жомарт, сен Құран оқи аласынба? Күшті.
Жарайсың!
aktolkin
МашАллах, Жомик! Құран оқи білгенің неткен керемет! Аллахтың нуры жаусын!
followme_alik
Біздің ғажайып қазына — кодекс. хммм
korwinin_kyzy
50 жылда ел жаңа демекші БАЛАНА деген жұрнал шығып кеткенбе,,,
кім ойлаған ондай жұрнал шығады деп
AKA
Аааа, таныс кітаптар бар екен. :) Мына эстафета няғып тоқтап қалған ии, бірақ маған бермей-ақ қойыңыздаршы, адамды ялтееееп тастайсыңдар ғҰә (((((:
ai-naz
" Бір өкініш, бір үмітті" оқу керек екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.