Дыбыспен басқарылатын теледидар (жеке ой)

Сәлем Айтаберліктер:)
Қазіргі заман-дамыған заман.Біз сол дамыған заманда бақытты өмір сүріп жатырмыз.Шетелдіктер,әсіресе жапондықтар, немістер, американ елдері көптеген технологияларды жасап шығарды.Қазір шыны керек іздегеніңді табатындай заман.Аллаға шүкір Қазақстанда дамып келеді.Қазақстанда да көптеген технологиялар жасалып жатыр.Бұларды біз "Қазақстанда жасалған" деген сөзден-ақ білеміз.Қазақстанда машина, дәрі-дәрмек, көптеген тұрбалар, су қоймаларының тұрбалары тағы-тағы көптеген тұрмысқа қажетті заттар жасалынады.Ал теледидар деген технологияға тоқталайықшы.
Қосымша ақпарат:
Теледидар(телевизор) –(латын тілінен аударғанда «алыстан көруші») сурет, дыбыс және видеоны желісіз көретін электронды құрылғы. Ең алғаш теледидардың пайда болуына ХІХ ғасырда Паповтың жасаған радиосы себеп болды. Теледидар(телевизор) бірден пайда бола қойған жоқ. Ең алдымен 1884 жылы неміс өнертапқышы Пауль Нипков «Нипков дискісін» ойлап тапты, бұл механикалық телевиденияның негізі болды. Кейін 1906 жылы 10 қазанда Карл Фердинанд Браунның оқушысы өнертапқыш Макс Дикманн мен Г. Глаге сурет жіберетін Браун түтікшесін ойлап тапты. 1930 жылы А.П.Константинов және 1931 жылы С.И.Катаев сигналды видео сурет ойлап тапты. Теледидардың негізін 1933 жылы АҚШ-та тұратын 11 сынып оқитын Ресей инженері В.К.Зворыкин ең алғаш видеосигналды ойлап тапты. 1934 жылы дәл осындай түтікше КСРО-да Б.В.Круссер мен Н.М.Романовтардың арқасында пайда болды. Мұны да толық теледидардың пайда болуы деп айта алмаймыз. КСРО-дағы ең алғаш теледидар «КВН-49» 1949 жылы ойлап табылды. 1947 жылы АҚШ-та 180 мыңға жуық теледидар болған. Ал 1953 жылы олардың саны 28 млн-ға жетті. Осылайша теледидар(телевизор) жасалған.
Теледидардың жалпы шығу тарихына тоқталдық.Ал енді пульт.Пульт теледидарды басқаратын құрал.
Қосымша ақпарат:
Барлық адамзат тарихына пульт ұғымын еңгізіп, ең алғаш ойлап тапқан ғалымдар-Роберт Адлер мен Юджин Макдональд.Екі ғалым бірлесіп алғаш пультті ойлап тапқан.

Әдебтен озбайын, көп сөйлемейін, енді нақты айтар ойыма көшейін.Мен неге теледидар, пульт туралы айттым? Себебі, маған осыған қатысты тамаша ой келді.Қазіргі кезде барлығымыздың үйімізде теледидар бар, жәй теледидар емес пульті бар заманауи теледидар бар.Үйімізде кішкентай балаларымыз болса сол пультті тістейді, лақтырады,қысқасы, оны істен шығарады.Әкелеріміз мынадай пульт сатып аламын деп,әне жүреді, міне жүреді сомен қалады.Немесе кей жағдайда пультті үйден таба алмай қалатын кездеріміз болады.Арнаны ауыстыр, ана каналда Дениз басталды немесе футбол басталды деп пультті үйден біраз іздеп уақытымызды жоғалтып аламыз.Бұндай жағдай менің басымнан өткесін айтып отырмын.Осы жағдайларға қатысты маған тамаша ой сап ете қалды.Ол ой маған шамамен осыдан 5 күн бұрын келді.Соны әрі ойлап, бері ойлап өзімнің қолымнан бәрібір ештеңе келмейді, сондықтан ойымдағыны айтуға таптырмас жер Айтабер деп таптым.ЕНді маған келген қандай ой? Соны айта кетейін.
Ой.Болашақта, жәй арманғо, иә болашақта мынадай теледидарлар шықса, яғни пультсіз теледидарлар.Сіздер ойлап жатқан боларсыздар, пульт болмаса теледидардың каналдарын қалай ауыстырады, немене бұрынғы замандағыда бұрап ауыстыра ма деп, жоқ! Мүлде олай емес.Керісінше оданнан тіптііі пульттенде тамаша болады.Қысқасы, теледидардың ішіне қалай айтсам болады, бір сетевой немесе теледидарға бір Қазақстан телеканалдарының аттарын еңгізіп қойса, Мыс:Қазақстан, Хабар, Еларна, Балапан, Астана, Мәдениет тағы басқа.Тіпті қазақстандық барлық арналарда еңгіссін.Еңгізгенде оның тек атауларын, айтылуларын.Сосын, мысалы, адамдар үйінде керек арнаға ауыстырғысы келсе пультті пайдаланбай-ақ ауыз арқылы, дыбыстау арқылы Еларна деп айтқан мезгілде теледидардың жылдам орындау операциясы Еларна деген сөзді лезде өзінің ішкі процессорынан тауып сол каналға қойылса, түүүф мен ойымды дұрыс жеткізе алдым ба екен? Мыс: Сол теледидардың ішінде Еларна тағы басқа каналдардың аттары еңгізілсе, сосын үйде керек каналға ауыстырғысы келсе Хабар арнасына ауыстырғысы келсе,«Хабар» деп айтқан мезгілде теледидар өзіі қысқасы роботтың рөлін атқарады, хабар дегенде «хабар» арнасына қойса.бірінші теледидардың ішіне каналдар боладығо антенна арқылы сонда теледидарға хабар арнасын хабар деген сөзбен сақтайсың, оййй не боп кетті, негізі ойымды дұрыс жеткізе алмаған сияқтымын, түсінетіндеріңіз түсініп аларсыздар.Бұны Сәкең түсінерін білемін:)

Қорытынды:Мен бұнымен қандай ой айтпақ болдым? Мен теледидардың пультсіз болып адамдардың оны іздеп, немесе пультсіз теледидар батырмаларынан басып уақыт өткізіп, уақыт болғанда 5-6 немесе іздеген кезде 10-15 минутын шығын қылмасын деген ой.Әрбір секунд маңызды демекшімін.Теледидарды дыбыстау арқылы басқарып, ауыз арқылы айтып жеңіл түрін қарастырған болатынмын.Бұл арманымның, ойымның орындалмасы анық:) Әттең орындалғанда…

37 пікір

Ais_97
Дыбыспен басқарылатын теледидар болса тіпті тамаша болар еді, бірақ бәріміз пултпен жүремізде, не дегенмен жазбаңа рахмет Сағыныш!
pari
иә пультпен жүремізғой менікі жәй орындалмас арманғо!:(
Jako
Бұл ойыңның да орындалар күні алыс емес деп ойлаймын.
pari
ой салуғо…
Ais_97
сондада рахмет Сағыныш!
Begimzhan
Мен бір деректі фильмнен (қай деректі фильм екені есімде жоқ) Шәкен Ниязбековтың пультті алғаш ойлап тапқаны туралы көріп едім. Оның айтуы бойынша алғаш ойлап табылған пульт теледидарды тек өшіріп-қосады және оңға-солға бұратын болған. Кейіннен жапондық екі студент ұрлап кетіп, ары қарай дамытқан көрінеді. Осы үшін Ш.Ниязбеков жапондарға сатты деген жаламен қуғындалған екен.
balgalym
Қазір дауыспен басқарылатын теледидар шығару түк те емес. Егер оған сұраныс болса шығаратын еді. Демек оған сұраныс жоқ.
pari
мүмкін ондай ой әлі ешкімнің басына келмеген болар,әлі ойламамаған шығар бұл туралы
qyrmyzy
Қойшы енді
pari
кез келген пікірге бас сұға бермей жөніңізді белсеңіз әпке мен сізге айтып жатқан жоқпын,! Бүгін 5-інші маусым Сәкенің не дегенін ұмытпаңыз, сондықтан түүүшшшш… тыныштық…
qyrmyzy
Құп болады, құп! Кез келген жерде білгішсініп, өзіңізді асқан ақылды қып көрсетудің қажеті жоқ! Орныңызды біліңіз! Енді пікір жазуыма де кедергі болмақшысыз ба? Қандай мақсатта жазғанымды түсінбеген болсаңыз, жоғарыдағы екі сөзден тұратын пікірімді қайта оқуға кеңес беремін! Сосын поштама тыныштық беріңізші!
balgalym
сен шынымен өзіңді соншалықты ақылдымын деп ойлайсыңба? қазір ТВ өндірісінде қаншама млрд ақша жүр, қаншама инжинер, ғалымдар ТВ жақсартуды ойлап жатқанда олардың ешқайссының басына келмеді деп шынымен ойлайсың ба?
qyrmyzy
Жалқаулық деп осыны айт.
zhurttyn_balasy
Көз алдыма елестеттім, сосын әй жоқ дедім. Мысалы:
Қазақстан телеарнасынан жаңалықтар көріп отырсыз делік, жаңалықтарда диктор «Хабар» деген сөзді айтып қалды, бір кезде «Хабар» арнасына ауысып кетті втф.

Бақырып өлең айтылып жатыр музтивидан. Сіз «Ел арна» дедіңіз, теледидар естімей қалды.

Немесе теледидардан біреу Хабар, Еларна, Балапан, Астана, Мәдениет деп айтқан сайын сол арналарға ауысып отырады ма?

айтайын дегенім дыбыс шығаратын құрылғыны дыбыспен басқару былай айтқанда білмедім
pari
аййй жоқ, теледидардағыны басқара алмайтындай етіп, теек өзінен 5-10 метр жердегі адамдардың солай айтқанын қабылдайтындай етіп жасаса жақсы болар еді,қазіргі кезде түрі шығып жатыр, ал адамдардың мұндай теледидар жасауға 100 пайыз шамаары жетедіі
zhurttyn_balasy
Дыбыспен басқарылатын теледидар шығарылайындеп жатыр дейді ылжи. бірақ бәрібір пульттан құтылмайсыңдар, пульт микрофон рөлін ойнайтын сияқты бұл жерде. яғни баяғы проблема тағы оралады. Яғни пульттің таптырмай кетуі.
zhurttyn_balasy
Tң дұрысы мына идея, ешқандай мудренный ештеңесі жоқ.
Теледидардан кнопканы басып қалғанда үйдің бір қуысынан пульт шырылдап жатады. радиотелефонның «база» деген функицясы сияқты. рақат
pari
иә бұл да тамаша идеяяя:)))
qyrmyzy
Жұрттың балаларының басы істейді.
AL-ASTER
Домашний телефон дәл осындай дыбыс шығарад, бірақ көрпе-жастықтың арасына кіріп кеткенде даусы естілмей жоғалып кетіп, артынан табылып жатад
balgalym
жоқ, негізі ТВны әрбір қолданушының даусына үйретуге болады, мәселе ода емес
kuka097
Онда жақсы болдығо, біреуіміз Қазақстан біреуіміз Каз Спорт 1 деп айқайлап теледидарды құртамыз)))
dimash
«Самсунг» ондай дауыс арқылы теледидардың арнасын ауыстыратынды ойлап тапты ғой жақында. Радиодан естіп едім, мимика арқылы да арнаны ауыстыруға болады-мыс.
userr
Cмарт тивиді білмейтін бедің???

Димаш дұрыс айтады.
Ademi
Автор Антарктиданы ашқандай болды ма?
userr
Көшеге шығып:

Эврика! Эврика десе*-де таңқалмаймын.
userr
Видеоны доканца қараңыздаршы осы жерде Паридің газет-журнал оқымайтындығы көрініп қалды,,

userr
Еларна деген сөзді лезде өзінің ішкі процессорынан тауып сол каналға қойылса,


Процессор деген не аа??№ бұл жәй сұрақ.Викидан көшіріп керек емес.Өз ойыңнан
AL-ASTER
Біз оны «камень» дейміз) Менің ойымша, анау «Еларна» деген фразаны процессорға сақтау дұрыс емес, себебі процессор ол — әрдайым механизмнің орындалуына жауап беретін құрылғы, есте сақтауға басқа құрылғылар кіретін көрінеді.
AL-ASTER
Мына идея жақсы екен. Бейресми дерек бойынша, дистанционный пультты ойлап тапқан адам, ол СССР азаматы, ұлты қазақ. Жоба қылдырып шет елге апарғанда, жапондық тыңшылар ұрлап кеткен көрінеді.

Бүгінгі күндері дыбысты танитын құрылғылар жаңалық емес. Әсіресе, өте көптеген компьютерлік бағдарламалар шығып қойған. Ал, дыбыстық фразаны сандық күйге алмастырып, оны команда етіп қабылдау ол мүмкін нәрсе, бірақ оны пуль сияқты кішкентай құрылғыға орналастыру үшін, пультке дыбыс өңдейтін процессор қою керек, ол үшін пульт компактты әрі қаражат мөлшері көп кетпейтіндей болуы керек сияқты. Және ондай пульттер колданыста аса сұранысқа ие емес сияқты.
Begimzhan
Шәкен Ниязбеков ойлап тапқан…
AiEcPi
Ондай теледидар шықса кәзіргіден де жаман болады, Дениз көріп отқанда мына жақтан әкең Звезда деп қалғанда бірден соған ауысып, мен футбол көрем деп Еларна десем оған ауысып, апамыз Қазақстан дегенде Денизге өтіп отырса, теледидар 5 күннен кейін жасамай қалуы әбден мүмкін, жалпы идея жақсы!!!
Jako
Үйде нағыз соғыс басталады десеңші…
Aidar
Пульті жоқ теледидарды да көрдік, дауыспен басқарылатынында көрерміз құдай қаласа!
banzaika1990
Негізі пульт жоқ болған теледидар керемет болатын. Өз каналына қосып аласың да отыра бересің, үйдегілер «сериалым басталды ауыстыршы» десе, өзің қосып ал дейсің. Олар тұрып, тв-ға барып ауыстыруға ерінеді де сен көріп жатқан нәрсені еріксіз көре береді)))))))))))) Қазір ғой пультты жамбастарына басып ап Фатмагульдің жырын жырлап жатқандары
qyrmyzy
Тағы бір позитиввв,кітапханадағыларға оқып бердім пікіріңді, бір күліп алдық, рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.