Ертегі "ағаш арасы"

Ағаш арасы.
Ерте заманда ағаш ара өмір сүріпті. Бір-ақ оны ол кезде ешкім «ағаш арасы» деп атамапты. Тіптен ол ағаштармен дос болыпты. Орманға барып ағаштардан таза ауа жұтып, жеміс ағаштарынан жеміс алып жейді екен. Ал кейін өзінің өткір тісімен арық қазып орманға қарай су ағызып барша орман ағаштарына көмектеседі екен. Осындай достығы үшін ағаштардың баршасы оған шамалары келгенше пайдасын тигізгісі келіп бірі жапырағымен самал жел берсе, енді бірі оны суықтан қорғап ық болады екен.
Күндердің күнінде араның тістері ескеріп, еш нәрсеге жарамайтын болып дат басып қалыпты. Өтпейтін, кеспейтін тістерімен арық қаза алмай шаршаған араға шіріп,қурай бастаған ағаштар ренжіс білдіріпті. Достарына көмек көрсете алмағанына намыстанған ара ауруына ем іздеп жолға шығыпты.
Қай жерге барсада оның тістерін ешкім жөндеп бере алмапты. Әбден шаршап, шалдыққан ара бір таудың қасына келіп ұзыннан құлап жата кетеді. Осы кезде екі аяқты біреу келіп араны ұстап алыпты. Ара шошып кетіп:
— Сен кімсің а?
— Мен адаммын –деп жауап береді екі қолы бар пенде.
— Ал мен арамын. Сен маған көмектесе аласың ба?- деп ара адамға өзінің жағдайын бастан аяқ айтып берді. Адам ойланып тұрып араның тістеріне қызыға қарап:
— Мен сенің тістеріңді жөндеп берем, тек менің бір шартым бар- дейді
— Рас айтасың ба адам? Менің тістерімді жөндей аласың ба? Егер тісімді жөндеп берсең болды кез-келген шартыңды орындаймын- деп ара адамның айтқанына келісе кетеді.
Адам араның тістерін қайрап бұрынғысынанда өткір қылып берді де:
— Енді менің шартымды орындайсың ба?-деп қайталап сұрайды адам. Ара жарқыраған тістеріне қарап тұрып орындауға уәде берді. Сонда адам:
— Мына ормандардағы ағаштарды кесіп берші отын қылайын-депті. Амалы құрыған ара еріксіз досы болған ағаштарды кесе бастапты.
Міне содан бері ол «ағаш арасы» деп аталыпты. Әрі сол күннен кейін ара ағаштардың досы емес дұшпанына айналыпты.

8 пікір

AKA
Жақсы ертегі екен…
Kan
Ертегіні ойдан құрауға менің қабілетім жетеді деп есепдейсіз бе?
AKA
Сіз жаздыңыз ба?
Jako
Адамның жүрген жері сол енді…
Kan
Ертегіні ойдан құрауға болады ма екен, нендей баға бересің досым?
Jako
Жаксы,өте ұнады.Неге ойдан құрауға болмайды, әбден болады, бірақ қабілет керек болатын болар, ол сізде бар сияқты. Барлық ертегілерді де басында біреулер ойлап тапқан ғой.
Kan
Жок а өз туындым куманың болмасын
AKA
Тағы да жаза түсіңіз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.